Сәлеметсіз бе?! Аты-жөнім жасырын болсыншы! Менің екі балам бар. Мендегі мәселені жазып, өздеріңізден кеңес сұрамақшымын. Күйеуімнің немере ағасы бар, соның әйелі, яғни абысыным бала көтере алмай жүргеніне біраз уақыт болды. Олар бала асырап алғанан еді. Баласы жақында 1 жастан асты.
Екеуі де дәрігерге ұзақ қаралды. Тексеріліп қаралғанда абысыным бала көтере алады депі дәрігерлер, ал қайын ағамның ұрығы өлі екен. Енді олар менің күйеуіммен сөйлесіп, ұрығын сұрапты. Абысыныма менің күйеуімнің ұрығын салып, бала көтертпекші. Сонда ол өз қайын інісінен жүкті болады ғой. Мұны мен естігенде төбемнен жай түскендей болдым, қайын сіңілімнен естідім. Күйеуім маған ештеңе айтпаған. Енді одан сұрасам, ол растап отыр. "Онда тұрған не бар, ұрығымды беремін" дейді. Бұл дұрыс па, шариғат бұған қалай қарайды?