Күйеуімді тартып алған әйелді жазалағым келеді

Жасы 30-дан асқан астаналық әйел жанұясына үй қызметшісін әкелемін деп, опық жеп қалды. 21 жастағы бойжеткен келіншектің күйеуімен ойнас құрып, ақыры ерлі-зайыптыларды ажырастырып тынған деп жазады NUR.KZ.

Астаналық Жанар есімді келіншек (авт. аты-жөні өзгертілді) пәтеріне үй қызметшісін әкелемін деп, отбасын ойран қылғанын айтып берді. 21 жасар бойжеткен күйеуіне ашына болып, кейін оны заңды некедегі әйелімен ажырасуға себеп болған екен.

«Бәрі былтыр күзде орын алды. Өзім жеке кәсіпкермін, жолдасым да солай. Жағдайымыз бәрі бар, құдайға шүкір. Содан балаларым қараусыз қалмасын деп былтыр үйге үй қызметшісін алып келген едім. Бастапқыда бәрі тәп-тәуір болды. Олардың тарапынан ештеңе байқамағандай болдым.

Әлде мүмкін көрмей жүрдім бе? Кейін жалдаған қызметшімнің менің айтқанымды тыңдамай, өз дегенімен жүретінін байқадым. Сосын жұмысына да салғырт қарай бастады.

Дәл сол уақытта күйеуіммен ара-қатынасым да салқындай бастады. Болмашы нәрсеге ашуланып, шу шығаруды шығарды. Арамызда бұрын-соңды бұлай болып көрмеген еді. Бір-бірімізді көзқарасымыздан-ақ түсінетін жандардың қатарынан едік. Бірде үйге ертерек келіп, әдеттегідей үйге кіріп жатқанмын. Үйіміз пәтер емес, екі қабатты коттедж болатын.

Біреулердің асүйде сыбырласып жатқанын байқадым. Сөйтсем, әлгі үй қызметшісі күйеуіме «Қашан ажырасасың? Кетейік үйден» дегенін естідім. Төбемнен жай түскендей күй кештім. Әйтеуір балалар біреуі мектепте, екіншісі балабақшада болған. Мұндай масқараның бірін де естіп, көрмеді. Қаным басыма шыққаны соншалық, сол мезетте не айтып, не қойғанымды білмей, оларды үйден қуып шықтым. Сол күні басымнан өткерген жағдайымды ешкімге тілемеспін», - деп баяндады астаналық келіншек.

Айтуынша, екі баласы бар ана жолдасының бұл әрекетін кешіре алмаған көрінеді.

«Қазір бұрынғы күйеуімді жек көріп кеткенім соншалық, атын атаудың өзі қиынға соғып отыр. Мен өте намысшыл адаммын, мұндай қателікті, бұлай отбасын сатып, аппақ сезімді аяққа таптаған адамды кешіре алмадым. Ажырасып кеттік. Тағдыр солай болып тұр, қайтейін?», - деп көзіне жас алды келіншек.

Сөз соңында әйел адам үй қызметшілеріне сенбеуге шақырды.

«Осылай таңдырымды бүкіл елге жария етіп, айту өте қиын. Бірақ жас отбасы, әйелдерге сабақ болса екен деймін: қазіргі жас қыздардан, бала күтушісі, үй күтушілерінен сақ болу керек екен. Аңқаулығым ғой? Ұйып отырған отбасымның шырқы бұзылды. Тек балаларыма обал, әкелерін іздейді. Оларға басқа әйелге кетті деп қалай айтамын? Қазір сол әйелге үйленді, сәби күтіп жүр деп естідім. Бақытты болсын, тек біздің өмірімізге ендігәрі араласпаса болды. Алладан жақындарыма, балапандарыма бақыт тілеуден басқа амалым жоқ. Кеткен еркек кетті», - деп әңгімесін аяқтады келіншек. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста