Мәселе былай болып тұр, мен ажырасқам, оның өз себептері бар, 4 жыл болды күйеуім екеуміз бөлек тұрамыз, бір баламыз бар. Күйеуім жақында екінші рет үйленді. Ол үйленбей тұрғанда біз бір неше рет кездесіп тұрғанбыз. Енді ол үйленсе де, менімен кездесіп тұрғысы келеді. Мен кездеспеймін десем де қайта-қайта жазып, кездесуге шақыруын қоймайды. Өзімнің де кездескім келеді, бірақ үйленіп кеткеннен кейін ол дұрыс емес деп ойлаймын. Өзімді өзім түсіне алар емеспін. Оны не жақсы көретінімді, не жек көретінімді білмеймін. Бір ойым, өз бетіне қойғым ақ келеді, бір ойым әйеліне жазып, кездескенімізді айтып ажыратып жібергім келеді. Быт-шытын шығарып оны әшкерелегенім дұрыс па?. Енді не істесем екем деп отырмын. Бірақ өз ойымда қайта қосылу жоқ. Тек куйеуімнің оңбағандығына жыным келеді. Алар айелін алып алған соң істеп жүргені мынау. Бір жағынан өзімді де тусіне алар емеспін. Не үшін сөйлесемін? Өзімнің алғашқы қызығым болғаны, баламның әкесі болғаны үшін де қимаймын ба, бас қатты. Осы жағдайда не істеуге болады?
Аноним