Құрметті оқрыман, ақыл-кеңестеріңізбен бөлісе отырсаңыздар. Неден бастарымды да білмеймін. Мүмкін біреулер үшін менің басымдағы жағдай айтарлықтай күрделі де мәселе емес шығар. бірақ мен қатты алаңдап жүрмін.
Жас отбасымыз, арамызда бір қызымыз бар. Бір-бірімізді сүйіп қосылдық. Алғашқы кездерде бәрі жақсы болатын. Кейіннен арамызда бір салқындық пайда болды. Қазір қызым екеуміз бірге ұйықтап жүрміз, неге екенін білмеймін күйеуіміз екеуміз бір төсекте жатқымыз келмейді, арамыз күннен күнге суып бара жатыр. Бірге төсек саламын, бірақ ол бәрібір бөлек жатады. Телефонмен түнімен кино көреді таңертең жұмыс кешке келіп қызын ойнатады. Сəл сөйлесіп қалсақ, тез ұрысып қала береміз. Қызын көтеріп алып басқа бөлмелерде жүреді алдында артынан іздеп жүретін едім қазір іздемейтін де болдым.
Ешқандай жаман ой ойламауға тырысамын. Күйеуіме сенемін, мені алдамайды, ешкіммен сөйлеспейді. Бірақ неге екенін білмеймін, өзім қатты өзгеріп бара жатқан сияқтымын, құшақтаса жек көріп тұрамын жолатқым келмей. Уақытша нәрсе болар деп өз өзімді басуға тырысып жүрмін.
Аноним