Мен Бакеңмен танысқанда қасында тағы бір жігіт екеуі болатын. Менің қасымда дос қыздарым болған. Менің көзім өте əдемі болатын. Талай жігіттерді сол көзіммен сындырғанмын. Сол кездесуде көзімді көріп мені қатты ұнатып қалған ғой. Қалайда менің жарым осы қыз болады деп ойладым дейді кейіннен. Осы таныстықтан кейін менің ізімнен қалмайтын күнде үйіме келіп тұрады. Кездесуге шығып қыдырып қайтып жүрдік. Ол меннен 7 жасқа үлкен. Сол ұлкендігі ма əлде сыйлағаны ма мені ренжітіп алам ба деп қорқатын. Құшақтамайтын. Қолымнан ұстап жүретін. 4 ай осылай кездесіп жүрдік. Бір күні ол маған сөз айтты. Ең дүниеде ұмытылмайтын, əлі күнге дейін ойласам бойымнан ыстық қан жүгіріп өтетін сəт еді.
Қолымнан ұстап тұрып, бетпе бет қаратып алды. Ер адам бетіңе тесіле қараса, əдемі көзде қайда тығыларын білмейді екен. Оның көздері мені жеп бара жатты.
- Жаным дүниедегі ең асыл қыз сенсің, сен мен үшін өмірімнің сəнісің деп қолымды жаймен қысты. Біздің қолдарымыздың арасында ыстық бірдеңе жүріп өтті, мен оны сездім.
- Менің сүйікті қызым болуға келісесің ба?
Мен үндемей жанарымды төмен түсірдім. Ол "ия" деші деп маған қарады. Мен бұл сөздерді қанша уақыт күтсем де, мен ұялып кеттім, жаймен ғана басымды оның кеудесіне қойдым. Ол мені құшақтай алды. Осы күндерден кейін біз қыз бен жігіт болып кездесіп жүрдік. Енді құшақтайтын болды. Осылайша біздер тағыда 10 ай жүрдік. Қанша қызықты саттер. Достарымен танысу. Кездесу кештерге, вечерлерге, кафеге баратынбыз. Достарының көбісі бойдақ болды, бəрі мені сыйлайтын. Осыдан кейін үйлену күнін белгіледік. Тамыздың 2-сі 2002 жылы. Оның қуанышында шек жоқ, жүрегі алып-ұшып жүрді. Алдын ала сырға салынып, ата-аналарымыз танысып, өз салт-жоралғыларын істеп жатты. Біз өзімізше бақытты болдық. Тойымыз өтті. Əрбір ерлі-зайыптылардын арасында болатын құпияларды айтпаймын.
Біз үйленгеннен кейін ол жұмысқа тұрды. Жұмысқа кеткенде сағынып күтетін едім. Ішімнен қызғандымда. Ол сырттай болимде қалада оқуда еді, сессияның кезінде 20 күнге кетіп қалатын, сол кездегі сағынып жүретін күндерім. Қазір еске алатын қызықты сəттер де бар. Ол кезде ұялы телефон жоқ. Сондай оқуға кеткен күнінде, ол да мені сағынған ғой маған өлең шығарыпты. Бір дəптердің артқы бетіне жазылған, кейін жоғалтып алдым қазір өкінем. Кейін мен аяғым ауырлап, тұңғышымыз дүниеге келді. Қыз бала. Үйге келгенімде оның түрін көрсең баланы ұстауға қорқатын еді. Менің қолымды ұстап көкірегіне қысты. Мен түсіндім. Мені құттықтағаны,қуанғаны, үйге аман-есен келдің ба дегені бəрі оның көзінде тұр еді. Кейін ата-енемізден бөлек шықтық үй салып. Мен жұмысқа тұрдым. Көп үзілістен кейін екіншімді босандым. Бұлда қыз бала болды. Қазір қыздарымыз 13те, екіншісі 8де. Екеуінің орны бөлек. Біреуі "Айым" бірі "Күнім". Көп дей алмаймын, аз деуге қорқамын, құдайдан тілейміз тағы болса деп. Ұл балалы болып жолдасымды қуантқым келеді. Біздің тілегімізге әумин деңіздер.
Екеуміз ағайын туғанмен, көршімен, достарымызбен қатысып тұрамыз. Енеміз қолымызда. Үйленгенімізге міне тамыз айында 14 жыл болады. Осы жылдар аралығында бір бірімізге серік болдық, өмірдің ащы-тұщысын бірге көрдік. Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды. Осындай сəттерді жеңе білдік. Бір бірімізге кешіріммен қарадық. Жанұямыздың іргесі берік болғанын қаладық. Əйел адамға керек бақыт- баласы, жанындағы жолдасы, шайқалмаған шаңырақ.
Аноним