Менің жасым 20-да.Тұрмысқа шыққанмын, бір қызым бар. Менің сіздерге айтайын дегенім, осыдан біраз айлар алдын мен бір анамның құрбысының үйіне қонуға мамам екеуміз бардық. Сол түні сол үйдің менен үш жас үлкен баласы бар болатын жəне оны мен ұнататынмын.
Сол түні мен соның бөлмесінде ол келмейді екен деп ұйықтадым, бірақ ол келді мас екен маған жабыса бастады сонымен екеуміз қосылып қойдық. Бірақ онын сүйген қызы бар болатын сол күні онымен бірге ұрсып қалғаны үшін ішкен екен. Арадан уақыт өтті мен жүкті екенімді білдім жəне жігітке айттым.үйлендік. бірақ оның жанарынан қуаныш көрмедім. Уақыт өтсе де ол бұрынғы қызына кетіп қалып жүрді маған тіпті көңіл аудармайтын қосылмайтында едік. Сезімі ол қызға мүлде суымады менің біліп жүргенімді білсе де, иә мен оны сүйем деп айтатын жанына жақын сол қыз болды қазір қызым туылса да бұрынғы қызына оралғысы келеді, күнде сөйлеседі. Не істеуге болады? Күйеуім мені сүймейді...
Аноним