Көзіне шөп салған әйелімен қайта қосылған еркек: «Балажандығым жеңді»

«Қыздар не теңін, қатынына ие боп ал!». Досымның шаңырағы аяқ-асты ойран болды» деген хаттың жалғасын ұсына кетелік.

Оралға бардым. Әлгі оқиғадан соң көшіп кеткен досым Жанболатты тауып алдым.

— Біз қайта қосылдық. Естіген жоқсың ба?

— Жоқ.

Басындағы шапкасын жұлып алып, төбесін көрсетті. Ортасы ойылып қалыпты. Шошып кеттім. Не болды, — дедім таңданысымды жасыра алмай.

— Не болушы еді, қиын болды. Әлгі Жабалғыдағы Қарақатты білесің бе? Ол кезде 11-сыныпты оқушы еді ғой. Ажырасқанымды естіп, осында іздеп келіпті мені. Шешем оны үйге кіргізіп алды. Қайтеді, баласымын ғой, аяп кетті. Ол қызға қосылсам өткенді тез ұмытып, бәрі жақсы болады деді ғой деймін. Алдынан өттік. Той болмады. Оған ақша қайда?..

Уақыт емші деген бос сөз екен. Уақыт өткен сайын іштегі күйік зорайып, мені жеп қойды. Қарақат та ем болмады. Күннен күнге сола бердім.

Шашым түсіп, орны қышып, жаман болды. Не дәрі жақпадым? Түк әсер етпейді. Ақыры қотыр денеме түсті. Осы мүшкіл күйім әсер етті ме, әлде жағдайымның жоқтығынан шошыды ма Қарақат көп тұрмады. Жарты жылдан соң кетіп қалды.

Қатты балажан екенмін. Балаларыммен телефонмен сөйлескен соң тығылып жылап аламын. Екі ұлымды қатты сағындым.

Аулада Вася ағай деген үлкен кісі бар. Гаражда қосылып темекі тартып күн ұзағына сөйлесеміз. Жұмыс жоқ. Мына жаман Аудимен таксовать етемін. Шағын қалада онымен көп ақша таба алмайсың. Әйтеуір бір күндік шай пұлыңды айырасың. Ол да болса қайда жатыр. Не керек, Вася ағай бір күні арқамның қағып, әйеліме қосылуға кеңес берді:

«Мынауың жарамайды, кім қателеспейді бұл өмірде. Қателік деген сабақ алу үшін беріледі. Көзге шөп салған ерунда. Одан да зоры болады. Қайта балаң бар, соған қуан. Әйеліңді кешіруге бала тұрмайды деші. Бала үшін жанын беруге даяр әр адам».

Маған бұл сөз қатты әсер етті. Екеуміздікі де ақымақтық қой, расында. Ол үшін балалар неге бұл өмірде таяқ жеу керек? Содан бәріне қолымды бір сілтедім. Жанарға телефон соқтым. Оралға шақырдым. Келді. Автовокзалдан күтіп алдым. Киноға бардық. Сөйтіп қайтадан Арқалыққа шығарып салдым. Ол осында көшіп келетін болды.

Шұрқырасып қайтадан қосылдық. Екі ұлымның қуанышында шек жоқ. Менің өзім бір өліп, бір тірілгендей болдым. Маған да жан бітті.

Сонда барып өмір сүргім келетінімді сезіндім. Жүрсеңші үйге? Үйге жүр, — деді қуанышын жасыра алмаған досым.

Көзіме еріксіз жас үйірілді.

— Жарайсың-ей, мықты екенсің. Өмірдің сынағы деген осы шығар. Әркімді әрқалай сынайды. Жанболат, сен дұрыс істегенсің, — дедім іштей толқыған мен.

Үйге кірдік, тамақтың иісі шығады. Аядай екі бөлме. Түпкі бөлмеге кіріп кеткен Жанболат оралған нәрсені алып шығып маған берді. Қолым дірілдеп кетті. Кіп-кішкентай шақалақ. Тағы бір ұлды болыпты.

Үш қызым бар, ұлым жоқ. Бірақ мен ол үшін қатты қапаланбайтынмын. Бірақ бұл жолы бірдеме болды, іштей Жанболатқа қызығып кеттім.

— Міне, жігіт. Менде үш қыз, сенде үш ұл бар. Қалай құда боламыз ба, — дедім қалжыңдағандай болып.

— Соны айтсаңшы, соны, — деген Жанболат өз-өзіне дән риза.

Бибі апай үлкен ұлының қолында екен. Дастарқан басына отырғанда Жанар аяқ-асты Қылқиды сұрай қалмасы бар ма? .. Сасқанымнан: «Өй, жүр ғой, не бай алмайды, не Құдай алмайды» деп қалжыңдаған болдым. Иә, Қылқи досым әлі үйленген жоқ. Ал Жанболатқа тиісетіндей жөні болыпты, енді. Оны екеуіне де айтпадым. Қайтемін бастарын қатырып.

Ал Қылқидың ағайынының оқушы қызы бар еді, сері Жанболат онымен де көңіл қосқанға ұқсайды. Білмеймін, бәріміз оны қаумалағанда, берген жауабы сондай болған. «Е, онда сенікі жөн екен» дедік, не дейміз енді. Ал Жанболат досым серілігін доғарған секілді енді. Әйтеуір қазір отбасымен бақытты. Досыммен қимай қоштасып ауылға тарттым мен де содан кейін…

Әңгіменің басын мына сілтемеден оқи аласыздар.

(Жалғасы бар)

Бауыржан, Торғайдан

kaz.365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста