Кезінде қызға қиянат жасаған жігітке тұрмысқа шыққаным дұрыс па?
Сəлеметсіздер ме! Менің сіздермен бөліскім келетін сырым бар еді. Тек мені қатты сөкпей кеңестеріңізді берсеңіздер екен.Әбден басым қатып кетті. Осыдан бір ай бұрын бір жігітпен таныстым. Екеуміз бірден тіл табысып кеттік. Бір-бірмізді ұнатып қалдық. Күнде кездесуге шақырады, мен шығамын, әңгімелесіп, серуендеп қайтамыз. Арада аз уақыт өтсе де мен оған бауыр басып қалдым.
Енді міне, күні кеше ол маған осыдан төрт жыл бұрын әйелімен ажырасқанын айты. Оның айтуынша, сол кезде қызға амалсыздан үйленуге мәжбүр болған. Бір кеште үш жігіт бір қызбен болып қояды. Осы жағдайдан кейін қыз полицияға арыз түсіремін деп қорқытады. Ол қыз жгіттермен өз ықтиярымен болса да, зорлады деп айыптаған көрінеді. Осыдан кейін жігіттердің бірі ол қызды алуға мәжбүр болады. Ал ол қыз қазіргі менің жігітіміді таңдапты. Сол кезде жігітім үй ішіне жағдайды айта алмаған екен.
Екеуі бір жарым ай ғана тұрып ажырасып кетіпті. Өйткені достарымның ол қызбен болғанын біле, ары қарай онымен бірге тұра алмайтынымды білдім дейді.
Ол қазір мені ұнататынын, өзіне пәк қыз керек екенін айтады. Оның басындағы жағдайды естіген соң екіойлы болып қалдым. Айтқандарына сенгенім дұрыс па, әлде бір қызға қиянат жасаған жігіттен бас тартуым керек пе? Ол маған тұрмысқа шық деп ұсыныс жасап отыр. Мен не істерімді білмеймін. Мен оны ұнатып қалдым, қайтсем екен? Осы уақытқа дейін жігітпен жүрмей, жұмысымды істеп тыныш қана жүр едім, мына жігіт пайда болғалы өмірім өзгергендей болды. Ата-анама не айтам?
Аноним
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу