Өз мәселелеріңді өздерің шешіңдер. Бұл тақырыпта бір шағын мысалдан бастасам деймін. Қазіргі қоғамда жастар әр қалай тағдыр қосып жатыр. Сонын біреуі Аман мен Айгерім.Ата - аналары балаларына шамасы келгенше дүркіретіп тойын жасап,мәре- сәре. Балаларының бақытты болғанын қалайды.
Алайда, бар гәп той откен соң -ақ басталады. Жаңа тұскен келін төсектен тұрмай жатып," сотовыймен" анасына қоңырау соғып жаңа түскен жеріндегі күнделікті өмірдегі майда - шүйдеге дейін баяндайды. Содан өзінің түскен жеріндегі ішкі жағдайды анасына айтып,ақыл сұрай берудің салдарынан түкке тұрмайтын нәрселер ушығып үлкен дауға айналады. Келін ата -енесін,күйеуін тыңдаудың орнына тек анасын тыңдайды. Ал,анасы дұрыс ақыл беріп,қызына дұрыс бағыт берудің орнына жағдайды шиеленістіріп жібереді. Қыз болса анасының ақылын тыңдап,дәрігерге барып келемін деген сылтаумен үйден шығып,төркініне тартып отырады. Құдағи болса қызын жібермей қояды. Аман Айгерімге хабарласып еді,номері сөндірулі. Енесіне қоңырау шалған еді, енесі алып ,сөзге келіп қалады. Сондағы Аманның" Біздің отбасылық мәселелерімізге араласпаңыз" деген бір ауыз сөзі үшін құдағи жатып кеп тулайды. Бұдан кейін " Отбасылық құқығымызды қорғағаннан басқа енеме не жазып қойдым"деп Аман аң- таң.Міне, бір отбасы бұзылды. Аман " өзі кеткен,өзі келсін", деп келіншегінің артынан бармайды. Келтірілген мысалдан байқағанымыз,үйленген жас жұбайлар алғашқы сәттен- ақ өз проблемаларын өздері шешіп үйренгендері жөн.
" Тас түскен жеріне ауыр" дегендей келін бөтен отбасыға мүше болып келді. Ол сол жердің тәртібіне бағынуға тиіс. Мұны қазақ" өз қотырын өздері қасып үйрену" дейді. Келін келген жеріне сіңуге тырысады. Өзі келген отбасының ішкі мәселеріне ата- анасын араластырмайды. Жақсы болсын,жаман болсын тағдырына көндігеді,сөйтіп өз ұясын,бақытын құрады. Енесі келінге қандай ақыл- кеңес айтса жарасады,оның зілі болмайды. Ал араға қыз жақтан адамдары әсіресе құдағи араласа бастаса мәселе қиындау,ал ақыл- кеңестері өзімшіл сипатта болса іс насырға шапты дей беріңіз. Соңдықтан жас жұбайлар жігіттің ана -анасының қолында тұрғанда сол үйдің тәртібіне бағынады,тікелей өздеріне қатысты мәселелер болса ешкімді араластырмай өздері шешеді. Бөлек тұрса да жігіт жағының басымдығымен дербес саясат ұстанады. Тұрмысқа шыққан қыз қанша ыстық болса да төркінінен өзін қашықтау ұстағаны дұрыс. Бұл келген жеріне тез үйреніскеніне жақсы. Қазақта " Төркіні жақын қыздың төсегі жиналмайды" деген сөз бар. Төркініне күнде кететін қыздың төсегі тұрмақ ішкі "психологиясы" да жиналмайды. Қоғамның шағын бөлшегі ретінде олар өз отбасының мәселерін өздері шешуге тиіс.