Гейлер көзқарасымды өзгертті

Адам болып дүниеге келген соң, көптеген жағдайды бастан кешіреді екенсің. Қырықтан асқан шағымда гомосексуалистердің ортасына түскен жайым бар. «Алаш айнасы» арқылы жазған менің осы бір жүрек жарды сырымды оқып біреу мені түсінер, ел екінші адам мені сөгер. Бірақ расы сол, көгілдірлер клубына барғаннан кейін менің оларға деген көзқарасым қатты өзгерді.

Жазғы демалыста ауылда бірге өскен екі жолдасым Алматыға қыдырып келді. Қасымда тағы бір досым бар. Төртеуміз өткен-кеткенді түс мезгілінен бері әңгімелеп отырмыз. Әрине, құр ауыз сөз айтылып отырған жоқ. Сырадан басталған бас қосу, ащы араққа ұласты. Бәріміз де біраз қызып қалдық. Ауыл-аймақ, туған-туысты жайғап, енді қоғамдық мәселеге де сөз бергенбіз.
Өзімізше ащы арақтың күші болар, төртеуміз де осы өмірдегі ең күшті, ең білімді адамдаймыз. Жағамыз жайлауға кеткен. Бір-бірімізбен жарысып, даусымыз жер жарып барады. Саясатқа да шолу жасап қоямыз арасында. Содан не керек, жанымызға келіп отырған екі жігітке көзіміз түсіп кетті. Олардың араласуы да ерсі көрінді. Оларға қарап отырып, еліміздегі гомосекуалистер жайында үлкен дау туындап кетті. Алайда, қоғамдағы осы бір ауытқушылықты көтере алмайтын, тіпті естісе делебесі қозып тұратындар да жоқ емес екен. Бірі олардың көзін біратала жою керек десе, екіншісі олар жайлы мүлде айтпау керек, яғни жарнамаламауды ұсынып қояды. Ал, мен болсам егер ол ауру болса, оны емдеу керек деп лепіріп те қоямын. Батырдың пікіріне, «олар да адам ғой, сондай болып туылғанына кінәлі емес қой» деген сөзіне, әлбетте бәріміз қарсы пікір білдірдік. Бірақ бәріміздің де бұл адамдар жайлы мағлұматымыз аз еді. Тек Батыр ғана олар жайында азды-көпті мағлұмат біледі екен. Ол өзінің білгенін айтып, сендіруге тырысуда. Содан не керек, сол жерде отырып төртеуміз гейлер үшін қызыл кеңірдек болып, қызарып-бозарып, бір-бірімізге жұдырық ала жүгіруге де дайынбыз. Ауылдан келген бір досым. «Неге біз осыншама таусыламыз? Біз Гомосекуалистерді көрдік па? Олардың жағдайын түсінетін қызтеке емеспіз гой. Солар туралы білгіміз келсе неге барып көрмеске?! Қазіргі таңда, гейлердің клубы бар дейді ғой. Оған әрбір адам кіре алады екен. Барайық, олардың өмірін көріп қайтайық» деп ұсыныс жасады. Оның бұл сөзін естігенде біз абдырап қалдық.
Жылмыңдап қалған Батыр дейтін досым бірден оның сөзін құптай жөнелді. «Мың рет естігенше, бір рет көр» деп айтады. Кеттік барып көрейік, не қорқасыңдар ма? Мен жүргізушімін, қаладағы түнгі клубтарға, талай гейлерді әкелгенмін» деп лепіріп кетті. Не айтарымызды білмей, екеуміз бір-бірімізге қарап үнсіз қалдық. Мастықтың буы болар, екеуінің соңынан ілесіп кете бардық.
Көшенің бойына шығып, такси ұстадық. Досым жүргізушіге әлденені түсіндіріп әлек. Сонымен не керек кетіп барамыз. Жол бойы өзімнен-өзім біртүрлі болып отырдым. Өз ойыммен арпаласып келемін. «Мастардың сөзіне еріп, мұндай жерге неге келе жатырмын. Біркүні таныстар естіп, я болмаса көріп қалса қайтемін. Қалай ақталамын» деп іштей қынжылып қоямын. Ал, бір кезде шайтан түрткендей «өмірде бәрін көру керек. Жаман қылық жасауға бара жатқаным жоқ қой. Тек гейлердің ортасын көріп, көзімді жеткізу үшін барамын» деп өзімді ақтап та қоямын. Сонымен не керек, қараңғы, таса бір жерде орналасқан сыртында атауы жоқ бір ғимараттың қасына келіп тоқтады. Бәріміз жапырлап түстік. Адам ғана жүретін бір аяқ жолмен келе жатырмыз. Есікке жақындаған кезде еңгезердей бір күзетші шығып «кімсіңдер» дегендей ишара білдірді. Батыр «өзіміз» деп жымыңдап, мені қолтықтап қояды. Есіктің аузында тұрған күзетшінің түрі сұсты екен. Бізге бастан-аяқ қарап ішіп-жеп барады. Сонымен не керек ішке кірдік. Сыртқы темір есіктің қақпасы тарс етіп жабылды. Артыма жалт бұрылып қарасам есікте тайға таңба басқандай «сыртқа шығуға тыйым салынады» деген жазуды көзім шалды. Сонда іштей «мына есік қашан ашылады. Таң атқанша жер астында қамалып отырамыз ба?» деген қорқыныш та бойды билей бастады.
Тар дәлізбен жағалай төртеуміз ішке кірдік. Іші қап-қараңғы. Әр жерде ғана жарық сәулесі қылаң береді. Жағалай орналасқан орындықтар. Оның жартысынан көбінде жайғасқан адамдар. Олардың қайсы еркек, ал қайсы әйел екенін де ажырата алмайсың. Содан не керек, абдырап орын таппай тұрғанымызды көрген бір даяшы қасымызға келіп «сіздерге вип па? Әлде арзан орын ба?» деп сұрады. Сасқанымнан мен «арзан орын да жарайды» дедім. Иегімен алдымызда тұрған бір орынды көрсетті. Даяшының киіміне қарасаң, тура әйел секілді. Ал, дене бітімі, даусы еркек екенін бірден аңғартады. Басына жасанды шаш киген, қасына татуаж жасатқан. Бетіне бес тонна бояу жағып алған. Әдемілеп сақал-мұртын да өсіріп алған. Сонысына қарамай әйел секілді жасанды омырау да жасатып алыпты. Онысын жартылай ашып көрсетіп қойған. Бірақ даяшыға қарап менің де есім кетті. Тура бір қыздардай қылмыңдап, адамды өзіне қатты тартады екен. Оның аяғынан басына дейін ішіп-жеп қарап тұрғанымды Батыр аңғарса керек. Мені түртіп «қалай Женя саған ұнады ма?» деп сұрады. Менің ойымды дөп басқана қуанып кетіп, басымды изеп «мақұлдап» қоямын. Артыма бұрылып қарасам, даяшым маған әлі қарап тұр. Қыздай киінген еркегім көзін қысып, жымыңдап та қояды. Оның бұл қылығы маған да ұнады. Бұрын гейлер жайында әңгіме естісем төбе шашым тік тұратын. Сөйтсем, олар да бір ләззат үшін орта құрып жиналып жүрген жандар екен. Маған үйреншікті жағдай секілді, бойым да тітіркенбеді. Даяшы Женямен оңаша отырып сөйлескім келіп те кетті. Олардың ортасын ғана көріп қойғым келмеді... Гейлердің қызыметін көргенше асықтым. Мүмкін бұл менің бойымда бұрыннан бар құбылыс шығар. Бәлкім өзім оны тұншықтырып сыртқа шығармаған да болармын. Батырдың осы ортаға ертіп келгеніне іштей қуанып отырмын.
Орындыққа жайғаса келіп, тапсырыс бермек оймен мәзірді ашып қалдық. Мәзірдің бірінші бетінде бір орында отырған әр адам басына 5000 теңге деп көрсетіпті. Өз көзіме сенбей Батырға көрсеттім. Ол жымыңдап, білем деген адамдай басын изеді. Бәрін білуіне қарағанда ол бұл жерге бір емес, бірнеше рет келгені байқалады. Ішімнен «қап бәлем, осындай қызықты жалғыз өзің көріп, қызығына батып жүр екенсің ғой» деп ашуланып қарап қоямын. Маған қылмыңдап жүрген даяшыға тапсырысты беріп күтіп отырмыз. Бағанадан бері ішкен ащы арағымыз ауаға ұшып кеткендей. Батыр үсті-үстіне арақты алдырып, денеміз қызып, отырған ортамызға да етіміз үйренейін дегендей, жан-жағыма қарап көзбен шолып қоямын. Ортадағы би алаңына шығып екі жігітпен қол ұстасып билеп жүрген бір адам. Қараңғы түнекке, жағымыз иісті бу араласып жүректі айнытып барады. Бастарын оңды, солды лақтырып, иықтарын жұлып алардай билеп тұрғандар да жетеді. Айналамызда бос тұрған санаулы орындыққа да адамдар жайғасыпты. Ине шаншар бос орын жоқ. Қаптаған қара құрым еркектер. Қызтекелер үстеріне жабыстырып ашық түсті көйлек киіп, бет-ауыздарын әдемілеп бояп алып, бастарына жасанды шаш киіп еркектерінің алдында қылымсып жүр. Олардың бұл қылығы өздеріне жарасып тұрғандай болып көрінді. Бір кезде жоғары жақта орналасқан оқшаулау бір орынға 5-6 еңгезердей еркек келіп отырды. Қылмысып жүрген қызтекелердің 2-3-еуі соларға қарай жүгірді. Арланының алдында еркелеген қасқырдың қаншығындай, еркегін аймалап, алдына отырып сүйіп өшіп барады. Мұны көріп менің де делебем қозып барады. Даяшы Женям қасыма келсе тарпа бас салардай күй кешіп отырмын. Өзімді ұстай алар емеспін.
Бір кезде Батыр бізге қарап «жүріңдер билейік» деп ымдады. Мен бірден бас тарттым. Батыр басын оңды-солды лақтырып би алаңына қарай беттеді. Оған еліктеген Сәрсен де артынан ілесіп кетіп барады. Бір қарасам Батыр бір қызтекеге жабысып, қылмыңдап билеп жүргенін көрдім. Оны алғаш көріп тұрмағаны бірден байқалады. Себебі, Батыр онымен бет сүйіп амандасып, жамбасынан қағып еркелетіп те қояды. Мастықтың буы болар Сәрсен де бір қызтекенің соңынан қуып жүр. Анау майысып оған сыбырлап бірнәрсені айтып түсіндірумен әлек. Ал, ол болса, ана қызтекеге жармасып, оны сүйрелеп қояр емес. Менің қасымда Жандос қалғып-мүлгіп отыр. Көзім бақырайып менің екі көзім даяшы Женяда. Көзім бақырайып оны іздеумен әлек болып отырмын. Бардың қасында майысып тұрған Женямды көзім шалды. Дереу орынымнан атып тұрып оның қасына келіп жеттім. Қыздардай қылмыңдаған Женям «Жігітім сен мұнда алғаш келуің бе?» деп адамның денесін шымырлатып жібергендей болды. Мен басымды изедім. Ол наздана күліп «сен онда біздің ләззатты көрмеген екенсің» деп саусағының ұшымен майысып денемді аймалай бастады. Менде Женяға жақындап оның белінен қапсыра құшақтап алдым. Женя құлағыма сыбырлап «жеке бөлмеге кеттік» деді. Мен тілімді жұтып қойған адамдай Женяның соңынан еріп кетіп барамын. Өздерінің кездесетін жеке кабиналары да бар екен. Екеуміз ішке ендік. Женя асықпай киімімді шешіндіріп өмірімде көрмеген ләззатқа бөледі. Жиырма жыл бірге отасқан әйелімде, кездескен жезөкшелерім де бермеген ләззатты гей клубтан алдым. Таңертең ашылған есіктен бәріміз жапырлап сыртқа шықтық. Бәріміз де бір-бір қызтекені қолтығымызға қысып, сыртқа шығып, сүйіктімізбен қимай қоштасып тұрмыз. Сол кезден бастап анда-санда Женя екеуміз кездесіп, махаббат ләззатына тояттап қайтамыз. Алғаш көрген сәтте Женяға ғашық болдым ба?! Білмеймін, бір түсініксіз сезім бойымды билеп алып кетті. Осы кештен кейін гейлерге деген көзқарасым өзгерді. Олар тек бір-бірінен қажетті ләззатын алып жүретін жандар. Аздап демалғым келген кезде осы клубқа қарай жол тартамыз. Бес жылдан бері осы бір ләззатқа әуес болдым. Адам болып өмірге келген соң, бәрін де көру керек екен. Отбасым қасымда, қазіргі таңда ұлымды ұяға, қызымды қияға қондырдым. Шал болуға жақынмын. Махаббат та табиғаттың заңы. Сондықтан да қалағаныңды жасағанға не жетсін. Гей клубқа барып Женямен кездескеніме өкінбеймін. Себебі, бір жынысты жандардың өмірін көрдім. Олар да махаббатқа лайық. Олардың да ләззат алуға құқығы бар. Бірақ, менің жақындарымның біреуі де білмейді. Керек десеңіз, әйелім де. Ешкімге айта алмаған сырымды сіздерге ақтарып отырмын.

Авторы: Саят, Алматы
(Автордың көзқарасы редакция көзқарасы болып табылмайтынын ескертеміз).

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста