Егер ТӨСЕКте «бір келісімге келе алмай» жатсаңыздар, ОНЫ тыңдағаныңыз жөн. Бұл туралы ERNUR.KZ сайтында жарияланды.
Адамның жасы табиғатынан ЕКІ ТҮРЛІ болып «ажыратылады». Яғни, адамның жасы биологиялық және психологиялық жас болып екіге бөлінеді.
Айталық, жасыңыз 40-та, бірақ, өзіңізді 30 жастағы секілді сезінесіз. Демек, сіздің сыртқы көрінісіңіз де соған лайықты.
Бірақ, отбасылық, ерлі-зайыптылық қарым-қатынаста жасқа байланысты мәселелер туындаса тездетіп оң шешімін табуға тырысу керек.
Мамандардың анықтаған жағдайларына орай, ӘЙЕЛдерге кеңес көбірек қажет екенін «анықтадық». «Неліктен?» деген сауалға жауап табу үшін мақаланы соңына дейін оқып шығыңыз, ТҮСІНЕСІЗ!
Түйдей ҚҰРДАС ерлі-зайыпты
Махаббаттарыңыз МЕКТЕП ПАРТАСЫнан, колледжден бастау алып, отбасылық өмірге бірге қадам басқан жұпсыздар. Отбасын құру туралы шешімді қабылдағанға дейін бір-біріңіз жөнінде толық білмесеңіз де, сырларыңызға қанық болдыңыздар.
Бірақ, ОТБАСЫ деген бөлек ұғым екенін, оның «ОТАҒАСЫ» лауазымын иеленгісі келетінін, ал өзіңіздің «мен қолымнан келгенін жасап жатырмын» деп ренжитініңізді түсіне бастайсыз. «СЕН-МЕН» деп дауласқаныңыз жатын бөлмеге дейін кіріп кетпеуі үшін НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Бір кездері терезеңіздің түбін күзетіп, соңыңыздан бір қадам қалмаған ғашығыңыз болса да, енді оның лауазымы жоғарылады. Ол бұрынғыдай «сүйікті жігітіңіз» емес, КҮЙЕУіңіз екенін естен шығармаңыз! Ол соған сай қарым-қатынас орнатқанды қалайды. «Бұрын мұндай емес едің?..» деген сөзді қайталаудан жалықпадыңыз ба? Енді сіз де жас бойжеткен қыз емес, ӘЙЕЛСІЗ!
Жастарыңыз тең, кейде көзқарастарыңыз бірдей болып жатса, кейде керісінше болуы да ғажап емес. Егер ТӨСЕКте «бір келісімге келе алмай» жатсаңыздар, ОНЫ тыңдағаныңыз жөн.
1-3 жас айырмашылық болса...
Ең көп кездесетін жұптар. Мұндай отбасында ортақ ымыра мен түсініспеушіліктер 50/50. Себебі, бір жас айырмашылығы бар ерлі-зайыптылар көбінесе бір-бірін «тыңдамайды» екен. Екі жас айырмашылығы бір-біріне бауыр басу сезімі көбірек кездеседі. Ал, үш жас - мұнда көбінесе ерлі-зайыптының қарым-қатынасы әйелдің мінез-құлқы мен «білімділігіне» байланысты. Ал, ЖАТЫН БӨЛМЕдегі өмір ше?
Әйел некелі жары болса да одан ұялуы, оның төсектегі қалауына қарсы болуы мүмкін. Ер адам мұның керісіншесі.
Әйел жақындық кезінде өзінің қалауын ашып айта алмайды, ер адам әйелге қандай «ЖАҒДАЙ» ыңғайлы екенін білмей басы қатады.
Әйел отбасының жағдайын, балалардың қамын ойлап, «нәзік» тақырыпты екінші орынға ысырып қояды. Әрине, ер адамға мұндай қарым-қатынас ұнамайтыны белгілі. Әрине, бұл қатып қалған қағида емес, бірақ, осындай жағдайда қалып кетпеу өзіңізге байланысты.
8-10 жас айырмашылық болса...
Сіздің таңдаған өмірлік жолдасыңыз сізге үйленгенге дейін карьерасын жасаған, аяғына нық тұрған жігіттердің бірі. Өмір мектебінде «шыныққаны» көрініп-ақ тұрады. Бірақ, оның жиі ескерту айтып, насихат жасауы сіздің «қаныңызды қайнатуы» мүмкін. Өзіңізді өмір көрмеген, жас бала секілді сезініп кетуіңіз де ғажап емес.
Сіз ол үшін барынша әрекеттеніп, бірдеңені қате жасап қоюдан қорқасыз. Жаныңызда ол болмаған кезде де бұл сезімдер сізді құрсауынан шығара қоймайды. Неліктен?
Жас айырмашылықтарыңызды, оның әсері туралы ойларды санаңызға сіңіріп алғаныңыз сонша, әр ойлаған сайын дегбіріңізді қашырып, өз-өзіңізден қуыстанумен боласыз. Оның көңілінен шықпай қалудан қорқасыз. Таңдаған жарыңыз сол болған соң, жасқа мән бермеу керек. Бақытты болу жасыңызға байланысты емес...
Күйеуіңіздің қасында өзіңізді «оқымаған, білімсіз» көрінуден қорқасыз. Қорықпаңыз, керісінше, еркектер әйеліне «үйретуді, оқытуды» жаны қалайды.
Әйел күйеуінен 3-4 жас ҮЛКЕН болса...
Мұндай жұптар өте аз кездессе де, әйел адам күйеуінен жасы үлкен отбасыларда да проблемалар жоқ емес. Наразылық екі тараптан да болып тұрады. Ер адам өзіне деген «құрметсіздіктен», әйел ойына алғанын орындата алмай налиды. Бірақ, әйелдің жасы күйеуінен үлкен болғанымен, күйеуінің алдында «жас, қылықты» әйел.
Мұндай әйелдерде қызғаныш басымдау келетінін жасыра алмаймыз. Егер әйелдің өзіне деген сенімі жоғары болса, барлық мәселені шешуге болады.
Кейде ер адам өзін жайсыз сезініп жүргендей көрінуі мүмкін. Жетекшілікті ОҒАН тапсырып, өзіңіз жетегіне еріңіз.
Ең бастысы, араларыңыздағы ЖАС АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ жөнінде «бас қатырып», ойлана беруді доғарсаңыз, отбасындағы, ЖАТЫН БӨЛМЕдегі қарым-қатынастың барлығы да реттеледі.
«Неге ӘЙЕЛге қаратып айтылады? Ер адамдардың жауапкершілігі қайда?» демеңіз... Өйткені, еркек БАС болса, әйел - МОЙЫН. Күйеуіңізбен араңыздағы қандай да бір қарым-қатынас түрі болмасын басты рөл сіздікі!
Қандай жағдайда да ЕР-АЗАМАТыңызды төрге шығарып, көркем қарым-қатынас орната аласыз. Осылай етсеңіз, ешқашан ҰТЫЛМАЙСЫЗ!
Нұр Әлем,