Кейінгі кезде әйелдердің ө күйеулерін жамандайынын жиі байқаймын. Қарап отырсам, жамандықтың бәрі еркектен, еркек ішеді, еркек ұрады, еркек андай, еркек мындай. Әйелдердің өздері қарап тұрсам, кәдімгідей бейкүнә періште ғой. Еркек анасының сөзінен шықпайды, ез, ынжық деп айтады кейбіреулері. Сен кім едің еркектің анасы жайлы сөйлетін, сөзінен шықпаса ол оның шешімі, әйел табыла береді, ал ана жалғыз, ананы тірі кезінде сыйлап барынша бақытты қылуға тырысу керек. Сөзінен шықпаса не бопты, сен әйелсін ғой, тәтті сөздермен аялап жұбатып, ыстық төсектес болып еркектің айтқанын жасаудың орнына, мен немесе анаңды таңда деп алады да шығады. Қай еркек анасының орнына қатынды таңдайды? Осы ма әйелдің ақылы?
Соншама ақылды болса, енесімен де, күйеуімен де тіл табысуға болады ғой. Жәй әйелдердің ондайға басы жетпейді. Ішеді, ұрады дейді да, кетпей қасында отырады. Ұрып-соқса ал да кетіп қал, несі қиын? Ішіп шеккен еркек бәрібір әке бола алмайды, балаңды ал да кет. Жоқ, бұларың кетпей, жылап отырады. Үшіншілері еркекті қадағалағысы келеді, телефонын шұқиды, телефонында әйел атымен сақталған нөмірлерге звондайды, осы ма нағыз әйелдің тірлігі? Неге еркектің өміріне араласасың? Сұрағың болса тікелей сұрасаңшы, бұлай төмен деңгейге түсіп, еркегіңнің беделін түсіріп, өзіңді де бейшара көрсепей...
Анонм .