Үй жинауды, жақсы көрініп, бала бағуды білетін әйелдер толып жатыр, алайда еркекке оның айрықша екендігін сезіндіре білген әйелге баға жетпес. Comode редакциясы еріңіздің тек сізді ғана қалауы үшін төсек сырларымен бөліспек.
Жыныстық қатынасқа құмарлықпен беріліңіз
Күйеуіңіз үшін ең қалаулы серік болу үшін сізге жыныстық қатынасқа ерекше құмарлықпен, бар ынтаңызбен кірісу қажет. Осы процеске ерекше ықыласпен қатысыңыз, ыңқылдауға ұялмаңыз, серігіңізді жиірек сүйіңіз. Еркектер әйелдердің жыныстық қатынасқа толықтай беріліп, өз махаббаттарын білдіруге ұялмауларын қалайды. Осындай жарқын жақындық қатынастардың басында орын алып, кейін жұптар бір-біріне үйренісіп кетеді де, жыныстық қатынас қалыпты іске айналады.
Тәжірибеге дайын болыңыз
Еркектер түрлі тәжірибені жақсы көреді, бірақ мұны жұбайларына айта бермейді. Осындай жағдайда әйелдің өзіне бастама таныту қажет. Алайда маңыздысы тәжірибе мақсатының көбірек ләззат алу емес, көбірек жаңа әсер алу керек екендігін есте сақтау. Мүмкін, сізге әлде бір нәрсе ұнамайды, бірақ бір нәрсені тағы қайталап көргіңіз келер. Қолдануға болмайтын деген нәрселерден бас тартпаңыз. Күйеуіңізбен белгілі бір белгілерді немесе сөздерді пайдалануға келісіп алып, тәжірибені аяқтағыңыз келсе, оларды кез келген уақытта пайдаланыңыз.
"Иә" дей беріңіз
Төсек өмірі серіктердің алдымен бір-бірлеріне нақты не жасау қажеттігіне қатысты нұсқаулық беріп алатын болса, айтарлықтай дәрежеде оңайлайтын еді. Алайда осы амал сізді төсек қатынасында озат болуға мүмкіндік бермейді. Алайда серігіңізге деліткінің қайда орналасқанын түсіндірмей-ақ оның әрекеттерін түзетуге болады. Жай ғана «иә», «ақырын», «жоғарырақ», «төменірек» деумен-ақ барлығын түсіндіруге болады. Осылайша ер адам қамықпай, бикеш оның аймалауын қажет жаққа қарай бағыттай алады. Еркектер өз денелері туралы айтып беруге дайын әйелдерді нағыз сыйлық ретінде қарастырады.
"Жоқ" деп те айтыңыз
Әйел адам әдетте ерге оның бұрыс бағытын көрсеткенше өзі ләззат алмай-ақ қойғанды жөн көреді. Еркектердің ойынша әлде бір нәрседен бас тарта алатын, нақты айтқанда, қарсылық білдіретін әйел тартымды. Егер әйел әрдайым дайын болса (барлық нәрсеге), оның қызығушылығы жоғалады. Еркектің ойын қайтара отырып, өз нұсқаңызды ұсыныңыз. Күйеуіңізді анал қатынас үшін ұрыса бермей, одан бас тартыңыз. Жігіттер кейде қыздардың оларды уақтылы тоқтатпағандарына қайран қалады.
Өзіңізді көрсетіңіз
Ер адамдар көзбен көргенді жақсы көреді – порно қарайды, стрип-барларға барады – олар толық визуалдар. Көз – олардың басты эрогенді аймағы, оны толықтай қанағаттандыру қажет. Алайда, әйелдер көрпенің астына қарай көміліп, тығылуға мың себеп табады: артық салмақ, қырылмаған түк, безеу, созылмалар, целлюлит және көптеген басқа дәйектер. Шындығына келгенде, ер адамдар өз сүйіктілерінің әр кемшілігіне қарай бермейді. Еркектерге басты көрініс болып жатқан жерді көрген қызық. Ер адамдар өз қиялында әлдебір Анжелина Джолимен болып жатса, өзіңізді кем көрудің қажеті не?!
Көбірек жақындық
Ерлердің көбісі әйелдердің икемді аймалауға қарағанда хош иісті шамдар мен жібек төсек жабынын қалайтындарын түсінеді. Алайда, ер адамдар табиғаты бойынша дөрекі, денелерін түк басқан, оларға кездейсоқтық, әйел тарапынан көбірек ықыластың болуын қалайды. Сондықтан оларға кейде өркениетті ыңғайдан алшақтап, нағыз хайуандар сияқты қатынасқа түсуге мүмкіндік беріп тұру қажет.