Менің аты жөнім құпия сақталуын сұраймын.
Болған оқиға ізімен.........Менің балалық шағым өте керемет болды, мектепте оқушылардың алды болдым, үздік болдым. Студент болдым. онда да үздік оқыдым. Қызыл дипломмен бітірдім. Не ішем , не жейім демедім, достарымның қатарынан қалмадым. Әкемнің сүйікті ұлы болдым, анашымның мақтанышы болдым. Ата-анамның қуанғаны менің төбемді көкке жеткізуші еді. Мен үшін солар аман-жүрсе, менің тек қуанышымды, қызығымды қызықтаса деп едім. Я, өмір қысқа ғой. Әкемді ортамыздан ерет алып кетті.
Әкем бірде мені жанына отырғызып алып, мені асырап алғандары туралы айтты. Оған дейін де жақсы көрген әкемді одан бетер жақсы көре түстім, себебі мен өз туған әкеме керек болмаған соң бүгінгі әкеме Алла жолықтырды. Аллаға мың да бір шүкір. Осындай отбасына тап келтіргеніне. Әрине, олар менің биологиялық әке-шешемді танымайды, бет-жүзерінде көрген емес. Бірақ мені өсіріп, мені осы күнге жеткізген ата-анама алғысым шексіз. Сол бойында балалар үйінде қалып кеткенде жағдайым не болар еді, бүгін мен қандай азамат болып шығар едім? осындай болар ма едім? Білмедім.... Әрине ол ана мені жетіскенінен қалдырмаған болар? Мен оған ренжімеймін. Себебі маған анам бәрін түсіндірді, оның басынан қандай қилы тағдыр өткенін білмейміз ғой деді. Мен де өкінбеймін, толық отбасында тәрбиелендім. Осы күнге жеткізген ата-анама рахмет. Мені дүниеге әкелген жанға рахмет, өмір сыйлағаны үшін үлкен рахмет.
Міне, ер жеттім. Жігіт болдым. Ғашық болдым. Өте сүйкімді Астаналық аруға ғашық болдым. Жанына жақындай алмай, таныса алмай қанша жүрдім.Әйтеуір дегенде таныстым, бірден тіл табыстым. 1 жыл таныс болдық, басында қарындасымдай сыйладым. Қамқоршы болдым, сезімім махаббат сезіміне ұласты. Сөйтіп анамды қуантуға туған қалама асықтым. Анамды келіп қуанттым. Жақында келінді болатынын естігенде төбесі бір елі көкке жетпей қалды, әкең марқұм осы қуанышты көргенде ғой, шіркін деп көзге бір жас алдық. Соныме екі жақ танысты. Құдаласуға келісті. Үйлендік. Үй болдық.
Сөзден сөз шығып отырып балалар үйінен бала алу туралы ой салдым. Әйелімнің анасы маған жалт қарады да, себебін сұрады. Өзімнің балалар үйінен екенімді, бірақ онда көп болмай дереу отбасына өткенім жайында айттым. Бүгінгі балалар үйіндегі балалар да осы бақытқа лайық екенін айттым. Анамды сұрады. Әрине дүниеге әкелген. Білмеймін дедім. Өйткені ол құжаттар мені мүлдем қызықтырған емес еді. Төрт құбылам тең болғандықтан ол жағы мені мазаламағанын айтып енем мен әйеліме түсіндіріп әлекпін. Енем менің қай балалар үйінен екенімді сұрады. Мені алған балалар үйінің мекен – жайын толық айтып бердім. Енем бір түрлі болып, менің сол балалар үйінен алынған кездегі құжаттарымды қазбалады.
Не көріп тұрмын, бұл не? Не деген сұмдық? Бұл мүмкін емес! Енем деп жүргенім, өзімді дүниеге әкелген анам екен.
Әкем екеуі татуласқан екен, бірақ өте кеш болған. Мені іздеп барғанда балалар үйінде мен жоқ болып шығыппын. Ол жерде бәрі құпия сақталатындықтан олар ешқандай ақпарат ала алмай шыққан. Сонда өзімнің туған қарындасыма үйленгенім бе? Бұл не болып кетті өзі? Әрине менің де, Назымның кінәсі де жоқ бұл жерде? Ал өсіріп жеткізген анам менің биологиялық анамның аты-жөнін есінде сақтап қалмаған ғой. Және де тұрмыс құрған соң тегі өзгерген деген сияқты.
Әрине ажырастық. Бірақ, енді мен оған қалай қарындасым ретінде қараймын. Бұдан әрі не болмақ сонда? Әттең, ертерек білгенімде ғой. Бұл жағдайға жол бермес едім.
Әкем мен анам маған шындықтың бетін ашқан сәттен бастап өз тегімді білу мақсатында іздестіргенімде ғой. Бұның бәрі болмас па еді?
Енді мен кімді кінәләуім керек?
Ешкімді де жазғырғым келмеді. Ешкімді де кінәлағым келмеді.
Өмірге әкелген анам да, өз шындығын айтып шырылдауда.
Мен бәрінде кешірем, мен кіммін оларды кешірмейтіндей.
Жер дөңгелек. Бәрі бір шындық ашылады. Мен бұл оқиғаны не себепті айтып отыр деп отырған шығарсыздар, айтайын. Бұл біреуге болмаса біреуге сабақ болатын үлкен оқиға болып отыр. Мен бұны өз басымнан өткерген соң, сіздерге де сабақ болсын деп айтып отырмын.
Бүгінгі таңда, бала асырап алушы ата-аналарға айтарым, баладан шындықты жасырмаңыздар!
Аноним