Енем бетіме күліп қарап, сыртымнан күйеуіме жамандайды

 Қайырлы күн,  құрметті ханымдар! Өзіммен тағдырлас оқиғаларды да оқығанмын. Енді өз жайымды айтайын, мүмкін менікі дұрыс емес те шығар, дегенмен қатты сөкпеңіздер. Жасым биыл 22-ге келеді. Тұрмыстамын. Отбасылық өмірге аяқ басқаныма 5 айдың жүзі болды. Неше түрлі оқиғаларды оқыған кезде осы өміріме АЛЛАға мың шүкір деп тәубеге келетінім бар.

Жігітіммен сүйіп қосылғанбыз, 3  жыл жүрдік, алғаш агентте танысқанбыз, осыдан 2 жыл бұрын ол мені алып қашқан болатын, бірақ мен жарты жолға жеткенде,көнбей кетіп қалғанмын. Содан кейін жігіттің анасы, маған үйленуіне үзілді кесілді қарсы екенін айтқан да екен. Кейін үйленемін, сол қыз деп мені айтқанда жарайды алып кел деп баталарын беріпті. Мен өзім банк қызметкері болатынмын, жұмыстан шығып, тұрмысқа шығуға келістім себебі жұмысым қалада, қайын жұрт ауылда еді. Күйеуге кететін кезде, анамның сонша шырылдап, "қызым дайынсың ба? Отбасылық өмір, бөтен жерге сіңіп кету оңай емес." деген сөздерін енді ғана түсіне бастағандаймын. Дәл сол кезде анам: " бірақ ертең маған қайын жұртыңды жамандап әңгіме айтушы болма, олардың атына жаман сөз айтар болсаң, өзім ауызыңнан ұрамын, өлігің сол табалдырықтан шығатын болсын" деп қатты айтқаны да бар еді. Қазір тек "барлығы керемет" деп келіп кетемін төркінге. Дегенмен... барлығы керемет болуы мүмкін емес екен.

Мен өзім, керемет сұлумын демеймін, дегенмен Алланың берген бір қызға тән сұлулығы бар, қарапайым, томпиған қызбын. Жалпы табиғатымнан өте сабырлымын және біраз ақырын қимылдаймын (өте жаман қасиетім). Бірақ, күйеуге шыққан сәттен бастап, осы кісілердің көңілінен шығуға тырысып, барымды салып келемін. Өмірімде істеп көрмеген нәрселерімнің барлығын үйреніп, игеріп алдым, таңертең 6 да тұрып, сиыр да сауамын, үйдің бар шаруасын жасаймын, үйде күйеуден қайтып келген қайын әпкем де бар оның балаларының сабағын оқытып, тәтті, дәмділердің барлығын пісіріп, барлық нәрсеге үлгеруге тырысып жүгіріп жүремін. Негізгі енемді өте қатты жақсы көремін, бірақ неге екенін қайдам, мүмкін көңілінен шықпайтын болармын, маған өзіме, келін-келін деп күліп ойнап жүреді де, күйеуіме жамандайды, күйеуім бірін айтса, бірін айтпайды, "сен осылай жасапсың, былай жасапсың, көңіл күйің болмай жүріпсің, дұрыс жауап бермепсің сұрағына, ақырын қимылдайсың, ылдым-жылдым қимылда" деген сөздері... қазір естісем, жүйкеме тиетін болған. Қанша жерден махаббат болса да, ол адамды біреу күніге жамандай берсе, көңілің де қалады ғой, "қойшы күйеуімнің көңілін қалдырмайын, жақсы болсыншы барлығы" деп үндемеймін. Келін болып түскеннен осылай болып жатыр, 5 ай бойы күйеуім "менің әке шешеме қарсы шығушы болма, кетем десең кете бер, ұстамаймын, жолың ашық маған да бір қыз табылар" деумен келеді. Мен еш нәрсе демеймін, тек бір жылап аламын да, жүре беремін. Өзім кішкенемнен сондай болып өскенмін, эмоцияға тез берілемін.

Күйеуім командировкаға кетсе, телефон соғып жамандайды. Өткен жолы сөйлемей, тіпті түнде басқа бөлмеге жатты. Ертеңіне не болды деп сұрасам да сөйлемейді, кейін "тағы мамаң жамандады ма" деп сұраған едім, ашуланып мені ұрды. Кейін "ренжіп қалмадың ба, барлығы дұрыс па?" деп "әке шешем жайлы еш нәрсе айтушы болма, көнбесең кете бер үйіңе, ұстамаймын" дейді. 5 ай бойы "кет, кет" деп келеді, "сонда саған бәрібір ма? олай болса неге үйлендің?" десем мардымды жауап ала алмаймын. Жылай беруден де жалықтым. Қазір жұмыссызбын, негізі 2 дипломым бар (экономист және информатика мұғалімі) тағы бір оқуды сырттай оқып жатқан едім, соңғы жыл қалды, ақша жоқ деп оны да төлемей қойды. Таңертеңнен кешке дейін тек үйдің шаруасы. Күйеуге шыққан соң 1 айдан кейін бала көтерген едім, 12-13 апта болған кезде, 7-8 аптадан кейін баланың жүрегі соқпай қалған, нәрестем ішімде шетінеп кетті деп жасанды жолмен түсік жасатты. Дәрігерлер қатты шаршағансың немесе бір нәрседен қорқып қалғансың деді. Естігенде жаман болдым, жыладым, күйеуім күтіп жүрген еді. Жаныма келген сайын, кішкентайым менің деп ішімді сипайтын, күйеуімнің жұбатқанынан кейін ғана есімді жинадым. Ауыр тиді барлығы. Өзім үйдің ең кішісі әрі жалғыз қыз болғандықтан, біраз ерке болып өстім, бірақ қазір еркеліктің ізі де қалмады. Жігітіме "қателігім болса, неге маған айтпайды? Өзіме айтса мен жөндеймін ғой барлығын, ене мен келіннің арасында баласы да, атасы да болмау керек қой" десем "жұмысың болмасын" дейді. Енді өзі жұмыста, звандап "төркініңе кете берші, не істейсің үйде жүргенде" дейді, түкті түсінбедім. Жүйкем жұқара бастады, өзімді қоярға жер таппай жүрмін... Тым ұзақ болды, ренжімеңіздер. Біреуге айтпасам, жарылатын түрім бар...

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста