Құрметті оқырман, амансыздар ма! Сіздерден сұрайын дегенім, үшінші 3 рет тұрмысқа шығу дұрыс па? Егер еркек болсаңыз, 2 рет тұрмысқа шыққан қызды алар ма едіңіз? Мен бір қызды білем. Өзі былай жақсы қыз, қолы ашық, күліп жүреді əрі намысшыл.
Бірақ некеден еш жолы болмапты байғұстың. Бірінші күйеуі қыздың үйімен қастасып, 16 жасағы қызды əдейі алып қашып келіп, бүлдіріп 1 айға жетпей түк білмейсің, мақаусың деп қуып шыққан. Екінші күйеуі өзінен 1 жас үлкен болған. Бірінші сәтсіз некесінен кейін арада 3 жыл өткен соң апалары, жүре бересің бе, бір жігіт бар бойдақ деп соған берген екен. Ол жігіт мұның алдында 3 рет үйленген екен.
Күйеуі мыжың, ұрысқақ, тапқан ақшасы міндет. Үйленді деген аты болмаса, әйеліне не ақша бермеген, үйде болғанынан болмаған уақыты көп. Қыз өз əке-шешесінің үйінен әр-нәрсені әкеліп тамаққа , асып жүріпті. Қыздың анасы ұрысқан, ол не сұмдық қашанғы тасисың біздің үйден, не күйеуің алмай ма тамақты, жұмыс істейді ғой, неге саған ақша бермейді деген көрінеді. Сөйіп ол күйеуінен де 4 ай тұрып ажырасқан. Жағдай солай. Менің өз ойым, қызға өз бақытыңды тап деймін. Жассың, жасың болса 20-да. Ал ол ой менің тағдырымның астаң-кестеңі шықты. Қазақта жаман ғой үшінші рет шығам ба, ұят қой. Қойшы, енді күйеу керек емес, басыма тиді дейді. Аяймын өзі əдемі, талдырмаш, жап-жас, жақсы қыз.
Аноним