Екі баласы бар ажырасқан келіншек қазіргі сүйіктісінің өзін қатты қызғанатынын айтып, жан сырын ақтарды. Алты жыл бұрын бұрынғы күйеуімен айырылысып кеткен келіншек, өткен өмірі қайталанатынына алаңдаулы деп жазады желідегі astana_forum парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Сәлеметсіздер ме, жасым 31-де, ажырасқаныма 6 жыл болды, екі балам бар. Айтайын дегенім, жақсы жігітті кездестірдім, көктемнен бастап кездесіп келеміз. Балаларыммен де таныстырдым, оларға да өте жақсы қарайды.
Мейірімді, қолы ашық, қашан да бізден көмегін аямайды. Тек үлкен бір кемшілігі – өте қызғаншақ.
Басқа қалаға кетсе болды, күніне қоңырау шалады, жай қоңырау емес, бейнеқоңырау арқылы сөйлесеміз. Тіпті телефон тұтқасын уақтылы алмасам, сол үшін де жанжал шығарады", - деп әңгімесін бастада кейіпкер.
Келіншек болашақ жарының қол көтермейтінін, алайда өзіне сенімсіздік көңіліне күдік ұялатқанын айтады.
"Ол жабайы емес, қолын да ешқашан көтерген емес, алайда бойымда бір қорқыныш бар. Шынымды айтсам не істерімді білмеймін. Бар ойым қайтадан тұрмыс құрып, сәби сүйгім келді. Бірақ жағдай осындай болып тұр.
Қандай кеңес айтасыздар? Меніңше ол дәл осы мінезі үшін, әлі күнге дейін үйленбеген. Бұл тақырыпқа байланысты онымен талай сөйлестім.
Кішкене ұмтылады, сосын баяғы қызғанышын тағы бастайды. Кімнің басынан осындай жағдай өтті? Ақыл-кеңестеріңізді айтсаңыздар?", - деп жазған ол.
Желі қолданушылары келіншекке түрлі ақыл-кеңестерін жаудырған. Олар:
"Ондай адамнан қашу керек", "Ол ауру, одан айыға алмайды, одан да мәселені ушықтырмай, ажырасып кеткен дұрыс", "Балаларыңыз үшін, өзіңіз үшін өмір сүріңіз", "Қызғаныштың түбі жақсылыққа апармайды" деген пікірлерін жаудырды.