Бізге оқырмандар келетін хаттардың көбі олардың жеке өміріндегі қиындықтарға байланысты. Ол қиындықтар да әр түрлі деңгейде. Соның басым бөлігі жұптық қатынасқа байланысты. Бізге келген мазмұндас хаттардың бір парасын ұсынуды жөн көріп отырмыз.
Оқырман 1: Қайырлы күн сайттың редакциясы. Мен сіздердің көмектеріңізге мұқтажбын. Отбасы құрғаныма екі жыл болды. Әлі балалы бола алмай жүрмін. Оған себеп, күйеуім екеуміздің төсек қатынасына сирек түсетініміз сияқты. Біз аптасына бір рет, кейде ғана екі рет бірге қосыламыз. Басқа кезде оның маған қызығушылығы жоқ сияқты, көңіл де бөлмейді. Ал мен өзім оны сүюге ұяламын… Не істесем болады ақыл айтыңыздаршы, көмек беріңіздерші..?
Оқырман 2: Сәлеметсіздер ме? Кеш мазалағаным үшін ренжімеңізші. Менің жасым 23-те. Тұрмысқа ерте шықтым, бірақ жарым екеуміздің ыстық-суығымыз ерте басылып қалған сияқты. 21 жасымда баламды дүниеге алып келдім. Содан кейін күйеуім маған көңіл бөлмейтін болып кетті. Төсек қатынасы өте сирек болады. Онда да тез бітіп қояды. Не істесем болады?
Оқырман 3: Әйелдерге арналған осындай сайттың жұмыс істеп жатқанына қуанамын. Сіздер тікелей бізге психологиялық көп көмек көрсетіп жатырсыздар. Негізінен қазақтың қыздары ұялшақ қой. Өздерінің сезімін, қалауын ашып айта алмайды. Менің отбасы құрғаныма көп болған жоқ. Негізі жігітіммен отбасын құрмай тұрып, төсек қатынасында болатынбыз. Бірақ үйленгесін бұрыңғыдай болмай қалды. Шынымды айтсам, мен қанағаттанбаймын. Не істесем болады екен? Жас отбасылардың аптасына кемінде 3-4 рет жыныстық қатынасқа түсетінін естіген едім. Бізде кейде мүлде болмайды. Ол менің мінезіме де әсер етеді. Екеуміз жиі ренжісіп қаламыз, сосын ол достарына кетіп қалады. Шынымды айтсам қатты қиналып кеттім. Қалай жеңемін, оны қалай бүрынғыдай ынтықтыра аламын?
Негізінен біздің түсінігімізге сай, екі жас үйленбей тұрып бір-бірінің төсектегі қалауына мән бермейді. Тіпті ол туралы ойланбайды да. Сол себепті әрине, ол жұптар бір-біріне қаншалықты сай екенін біле алмайды. Олар төсекте психологиялық, материалдық тұрғыда сай бола біле ме? Жұбайлық өмірдің баянды болуы үшін көп деген қиындықтарға төзу керектігі белгілі. Ал төсек қатынасында сіздерге көмегі болар деген ниетпен төмендегі кеңестерді ұсынамыз.
Некеге дейін өзіңізді тексерістен өткізіңіз! Негізінен бір-біріне физиологиялық тұрғыда сай келмеу өте сирек кездесетін құбылыс. Жұбайлар жыныстық қатынастан сәйкестікті өздері ұштастыруына әбден болады. Дәрігердің тексерістерінен өту артық етпейді. Және жұбайыңызға төсек ойынын қаншалықты қалайтыныңызды айтудың артықтығы жоқ екен.
Түрленіп отырудан қорықпаңыздар! Көптеген жұбайлар өздерінің төсектегі өмірін бір қалыпты өткізеді. Ал ол адамды жалықтырады. Сондықтан ләззат алу уақытын созғыңыз келсе басқаша түрлерін байқап көруден қашпаңыздар. Тіпті мамандар арнайы дүкенге барып қызық дүниелер ойлап табуға шақырады. Оны көрген сіздің серігіңіз күлуі мүмкін. Ал ол «қақпанға» түскенінің белгісі.
Бір-біріңізге сеніңіздер! Төсек ойының сәтті болмауына бұл да себеп болады. Жеткілікті дәрежеде қанағаттанбауыңызға күдік әсер етеді. «Ол маған көңіл бөлмей жүр» деген ойды өшіріп, оған жаныңызбен жақын болуға тырысып көріңіз. Сырласыңыз, не ұнамай жүргенін, нені қалайтынын ашық айтуын өтініңіз. Әрине бұл сұрақтар тек төсек қатынасы төңірегінде болмауы керек. Бәлкім оны мазалайтын басқа дүние бар шығар.
Келісіп үйреніңіздер! Сүйіктіңіздің қалауын ескерусіз қалдырмаңыз. Белгілі бір себеппен бас тартса түсінуге тырысыңыздар. Ал тіптен жағдай қиындай берсе, арнайы мамандарға барып кеңес алып, көрінгендеріңіз дұрыс. Әрі оған бірге барғандарыңыз абзал.