Бақытты болған маңызды

Бірде ауыр сөмке көтеріп, үйге келдім. Күйеуім тұмауратып жатқан. Үйде барын анық білем. Кіреберіске кіре сала, айғай салдым: «Сөмкелерді алшы» деп. Ол былқ етпеді. Қалың көрпе жамылып, терлеп жатыр. Қызуы жоғары.
 
- Мен ауырсам да саған бәрібір, солай ма? – деді ашуланып. - Ауырып жатқан адамды мазаламауға болады ғой. Етігіңді шеш те, сөмкені өзің кіргіз.
Мен кіреберісте тұрмын. Жылағым келді. Бір өксік тамағыма тығылды. Температурасы бар еркек – бәрібір еркек қой деп тұрмын. Орныңнан тұрып, сөмкелерді кіргізе салсаң, өлмес едің ғой. Мен сырттан рояль ап кір деп жатқан жоқпын. Сол күні қатты ұрысып қалдық. Әркімнің өз шындығы бар еді. Отбасының ынтымағынан өз пікіріміз маңызды еді. Бұл жағдай 14 жыл бұрын болған. Қарым-қатынасымыз әркімнің өзіндік орнын анықтау деңгейінде еді.
 
Сосын күйеуім алғаш рөлге отырды. Рөлге отырса қатты қобалжитын. Мен бір концертке бара қалдым. Ең жақын метроның жанынан сағат тоғызда күтіп ал дедім. Ақыры сол концерт он жарымға дейін созылды. Күйеуім мені екі сағат күтті. Бізөкшемен метроға дейін жарты сағат жаяу жүретін түрім бар. Мен оған хабарластым. Концерт холлға бірден келе салшы дедім. Ол кезде навигатор жоқ. Ол қалай келерін білмеді. Көлікпен жүргеніне бір апта ғана өтті. Күйеуім ашуланды. Екі сағат күтті, тағы басқа жерге бару оған қиын, адасып кетіп, кездеспей қаламыз деп бұрқылдады. Одан да метроға дейін жаяу келе сал деді. Метроға келе жаттым. Қараңғы. Бізөкшемен. Аяғымды қажап тастады. Күйеуіме қатты ашуландым. Келе салмады деп бұртидым. Ол көлігінде отырып, әйелдер бәрін қиындатқанды жақсы көреді деп мені боқтап отыр екен. Сол күні де қатты ұрысып қалдық. Әркімнің өзінің шындығы маза бермеді.
 
Содан бері талай жыл өтті. Кеше басым қатты ауырды. Дәрі ішіп, жатып қалдым. Балалар шулап жатты. Кішкентайым екіде, анасы ауырды, жата тұрсын дегенді түсінбейді. Көрпені ашып тастай береді. Қалай ұйықтап кеткенімді білмеймін. Күйеуім балаларды алып, сыртқа шығып кетіпті. Көшеде жауын жауып тұрған. Бірақ олар бір жарым сағат серуендеп келді. Олар кіргенде оянып кеттім. Басымның ауырғаны да қойып қапты.
Күйеуім де ауырып тұрған екен. Жеген нәрсесі жақпай қапты. Іші бұрап ауырып тұрса да, науқастардың бірі ес жинап, балаларды сыртқа алып кетуі қажетін түсінген. Ол да жата кетіп, дертімен жағаласса болар еді. Бірақ біз есейдік. Бір апта бұрын ол ауырғанда, мен де дәл солай балалармен сыртқа шығып кетіп, оған демалуға мүмкіндік жасағанмын. Өйткені, оның жазылғаны – менің приоритетім.
 
Үш жыл бұрын, тапсырыс берушілер «тек сені қалап тұр» деген соң аяғым ауыр болса да бір тойды жүргізуге бардым. Залда өзімнен бұрын ішім көрінгені оларға әсер етпеді.
Сол күні күйеуімнің корпоративі еді. Оған алғысхат беруі тиіс болатын. Таңертең жейдесін үтіктеп, галстук таңдап қойғанмын.
Кешке таман оған суретімді жібердім. Әдемі көйлек, мейкап, жас жұбайлармен. Қарашы, ішім болса да мен қандай сұлумын деген сурет еді.
 
- Сен бізөкшемен жүрсің бе? – деп сұрады ол. Жүктіліктің соңғы айларында аяғым ісініп кететінін біледі. Бізөкшемен жүру тіпті қиындайды.
 
- Әрине, мен тойға келдім ғой, - деп жауап бердім. – Тойда магнезия салдырып, балеткамен шауып жүре алмаймын ғой.
 
- Балеткаңды ала келіп пе ең? Әлде сол бізөкшемен келдің бе?
 
- Бізөкшемен келдім, - деп күрсіндім мен. Үнемі бірдеңені ұмытып жүрем.
Екі сағаттан кейін күйеуім тойға кеп тұр. Корпоративті тастай сала үйге ұшыпты. Балеткамды алып, маған келген. Ол келгенше бізөкшемен жүрем деп, ұлып кете жаздадым. Күйеуімді көргенде қуанышым қойныма сыймады.
 
- Марапатың не болды? – дедім аяқкиім ауыстырып жатып. Мен үшін алғысхатын ала алмай қалды-ау деп алаңдадым.
 
- Міне, менің марапатым, - деп ол мені ішімнен сипады.
Отбасы – приоритетті жұбайыңның жағдайын жасауға бағыттау, содан өзің де ләззат алатын күй. Екеуміздің әлі күнге дейін өз шындығымыз бар. Бірақ оны бір бірімізге тықпаламайтын болдық. Өйткені, менікі дұрыс дегеннен гөрі, бақытты болған маңызды боп жүр.
Автор - Ольга Савельева.
Аударған Шынар Әбілда

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста