"Балам әркімнен қалған салдақыға үйленген екен» деп айтып отырады

Адам өмірі әртүрлі өрбиді екен. Сол секілді менің де өмірім өз арнасына қарай мені ағызып алып кетті. «Алаш айнасын» мен үзбей оқимын. Әсіресе, «Отбасы &ndash ошақ қасы» айдарының тұрақты оқырманымын. Бұл айдардағы адамдардың өзегін өртеген өмірлерін қызыға оқимын. Себебі, менің тағдырыма ұқсас адам табылар ма екен деп қараймын. Сірә, менің көргенімді, менің кешкенімді әлі ешкім де басынан кешіп көрмеген болар.

 

Сіздерге түсінікті болу үшін өткен өміріме де тоқтала өтейін. Менің бала кезден мінезім тұйық болды. Ішімдегіні тап деп, сырымды ішіме бүгіп отыра беретінмін. Біреумен ренжісіп қалсам да, өзім іштей жылап көз жасымды сығып аламын. Жоғары оқу қабырғасын бітіріп, қолымызға диплом алған кезде, құрбыларым әсем қала Алматының төрінде орналасқан түнгі клубтың біріне баруға ұсыныс жасады. Бірақ, мен осы уақытқа дейін түнгі қаланы тамашаласам да түнгі клубқа бас сұғып көрмеппін. Себебі, мен ауылдың қарапайым қызымын. Ата-анамыз қалаға оқуға кетер алдында, «түнде қыз бала қыдырмайды, шошаңдамай үйде отыр. Сабағыңды оқы» деп санама құйып жіберсе керек. Содан болар, студент кезде құрбыларым түнгі клубқа кеткен кезде мен сытылып жатаханада қалып қоятынмын. Сенсеңіз, осы. Жұрттардың түнгі қаладағы түнгі өмір «сыйлайтын» түнгі клуб табалдырығын аттаудың да сәті түсті.

 

Түнгі клубқа жеткенше өзімді біртүрлі сезіндім. Тура бір ата-анамды алдап, оларға қиянат жасағандай сезіндім. Жарты жолдан «басым ауырып тұр» деген сылтаумен қайтып кеткім де келді. Бірақ, қасымдағы құрбыларым мені жібермеудің амалын жасады. Сөйтіп не керек баруға бел будым.

 

Көңілді кеш көркін қыздырмақ ниетпен қала ортасындағы аты «жер жарған» клубқа бас сұқтық. Кіреберісте арнайы форма киген күзетші мен киім ілетін орындағы әйел көзге түсті. Олардан өзгелері кіріп-шығып, бірі шылым шегуге тысқа ұмтылса, енді бірі бір қызықтан қалып қоярдай ішке ентелеп кіріп жатыр. Маған олардың бұл қарбалас жүрістері қызық болып көрінді. Біз де әдеттегі «тәртіптері» бойынша сыртқы киім қалтасындағы құнды заттарымызды алып қалып, әлгі әйелге аманаттап, түнгі өмір жалғасып жатқан клуб есігін аштық.

 

Жарысып, таласып-тармасып жатқан нағыз өмір осы есіктің артында жасырулы тұрғанын қайдан білейін?! Есік тұтқасын аша бергеннен-ақ жарқ-жұрқ еткен қызылды-жасылды жарық шамдар көзімді ашуға мүмкіндік бермеді. Табалдырықтан әрі аттадым да, оң жаққа қарай ығысып, бірер минут көз үйретуге аялдап тұрдық. Айналаңнан айналып, біресе еденге, біресе төбе мен қабырғаға барып соғылып жатқан даңғаза әуенге әр беретін түрлі-түсті жарықтар мен даңғыры басыңды шыр айналдырып жіберердей. Оған қыздардың шыңғырып, жігіттердің ысқырып, кейбірінің айғайлап жатқан дауыстарын қосыңыз. Жаныңдағы адаммен де тілдесу мүмкін емес.

 

Төртеуміз есіктің алдында абдырап тұрған кезде, қасымызға даяршы келіп, бос орынды көрсетті. Ине шаншар жер жоқ. Орындардың бәріне арадай құжынап отырған жастар. Ортаға шығып алып, жын ұрған бақсыдай билеп жатқан қыз-жігіттер қаншама. Керек десеңіз, кейбір жігіттер есірткіге еліріп, не істеп, не қойғандарын да білмей сандалып жүргендері де кездеседі. Маған бұл түнгі клубтағы нәрселердің бәрі таңсық, бәрі ерсі көрініп отыр. Әрине, біз өзімізше қыздармен әріректе көңіл көтеріп отырмыз. Түнгі клубтағы жанарымды тайдырып-тайдырып қарағандағы көрген көріністерім маған өте ерсі көрінді. Қасымдағы қыздар да би алаңына билеуге кетті. Тапжылмастан тамашалап отырсам, жанымдағылар жабайы деп ойлап қалар ма еді, кім біледі? Даңғырлаған әуеннен тыныштық таппаған миымды тынықтырайын деп тысқа ұмтылдым. Нақтырақ айтқанда, беталысым әжетхана есігі болатын. Мұнда да құдды зейнетақы алуға келген адамдар секілді ұзын-сонар кезек. Мұнда бір кірген сылқымның кемі 15-20 минутсыз шығуы қиын. Одан бөлек, темекі шегеді, айнаға қарап бойын түзейді, қасын күзейді, етек-жеңдерін дұрыстап, құрбысын күтеді, тағысын тағы&hellip

 

Сөйтіп, түтіннің исіне шыдай алмай тысқа шықтым. Сол кездің өзінде сағат тілі біршама уақытты көрсетіп қалған еді. Есіктің алдына шығып, таза ауаны терең жұтып, айналама қарасам мені көздерімен атып жібередей, аяғымнан, басыма дейін ішіп-жеп қарап тұрған жігіттерді көзім шалып қалды. Сасқанымнан, ішке қарай кіруге ұмтылдым. Есіктің тұтқасынан ұстай бергенде, білегімнен бір жігіт ұстай алды. Шошып кеттім. Артыма жалт қарадым. Көзі қызарып, ішімдікке тойып алған бір жігіт ыржалаңдап «девушка кеттік демаламыз» деп қараңғы жаққа қарай сүйрелей жөнелді.

 

Қорыққанымнан жан даусым шықты. Бар даусыммен «помогите, көмектесіңіздер» деп айқайладым. Кейбір қазақтың жігіттері қарап қарқылдап күліп тұр. Көзден жас кетті дейсіз. Қолымды босатайын деп қанша бұлқынсам да, әлім жетер емес.

 

«Өлген жерім осы екен» деп еңіреп жылап жібердім. Ана жігітке жалынып та көрдім. Менің сөзімді құлағына ілетін де түрі жоқ. Қайдан шыққанын білмеймін, қасыма қарапайым қазақтың жігіті көмекке келді. Араққа тойып алған әлжуаздың жағасынан ұстап, жұдырықпен періп қалды. Анау қалбалақтап жерге жалпасынан құлады.

 

Мені құтқарған жігітке алғысымды білдірдім. Сөйтіп, Арман екеуміз осылай таныстық. Ішке кіріп, киімдерімді алдым да туысымның үйіне қарай беттедім. Ал, Арман болса мені үйге дейін шығарып салды. Арам пиғылы жоқ, жігіттің бұл ісіне мен сүйсініп қалдым. Сонан соң Арман екеуміз үш ай бойы кездесіп жүрдік. Бір-бірімізді көрмесек тұра алмайтын халге жеттік. Не керек, күндердің бір күнінде Арман үйленуге ұсыныс жасады. Әрине, мен қуанып бірден келісіміді бердім.

 

Бірақ, мен алдағы өмірімді ойламадым. Оған басымды да қатырмадым. Ең бастысы сүйгенім қасымда деп ойладым. Сөйтсем, бәрі де мен ойлағандай емес екен. Себебі, Арман үйленетін кезде ата-анасына, туыстарына екеуміздің танысқанымызды жыр қылып айтып берген екен. Оны естіген анасы екеуміздің үйленуімізге қарсы болды.

 

Арман екеуміз отбасын құрғанан бері оның туыстары маған жаман көзбен қарайды. Себебі, енем әр сөзінде маған тисіп «түнгі клубта жөні түзу қыз жүреді дейсің ба? Әркімнен қалған салдақыға үйленген баламның соры ашылмаған екен» деп үйге келген кісілердің бәріне де айтып отырады. Оны естіп үнсіз екі көзге еріксіз жас келеді. Енеме, «мен ол жерге алғаш рет бардым» деп айтқым келеді. Бірақ, оған бата алмаймын. Себебі, енем мені адам құрлы көрмейді. Енемнің отты жанары, қайындарымның арам пиғылмен жымыңдаған күлкілері жанымды жегідей жеп барады.

 

Арманға тіс жарып айта да алмаймын. Оның көңілін түсіргім келмейді. Екеуміз бақыттымыз. Оның маған деген ойы адал, соған қуанамын. Күйеуіме бөлек шығуға ұсыныс жасаған едім, бірақ ол жауапсыз қалды. Егер мен сол күні қыздармен түнгі клубқа бармағанда «Арманыммен жолыға алмас па едім» деп өзімді жұбатып та қоямын.

 

Күйеуімнің туыстары түнгі клубта да жөні түзу қыздардың жүретінін неге түсінбейді?! Арман екеуміздің отбасын құрғанымызға да міне екі жыл болды. Біздің Асылзат есімді қызымыз бар. Қайынжұртым қызыма «мынау шынымен Арманның қызы ма?» деп қарайды. Енем болса, немерем деп қызыма жібімейді де. Екі жылдан бері қайынжұртымның ала көзімен алысып келемін. Олардың сөзіне де, тыжырайғанына да күйеуім және қызым үшін шыдап келемін. «Шыдамның да шегі бар» деген бар емес пе?!

 

Кейде шыдамым таусылып, отбасымның ойранын шығарамын ба деп те қорқамын. Үлкен кісілер айтып отырушы еді, «маңдайыңа жазғаннан қашып құтыла алмайсың» деп. Арманмен түнгі клубта танысқаныма кейде өкінемін, ал кейде қуанамын.

 

Жан баласына ақтара алмаған сырымды «Алаш айнасының» тұрақты оқырмандарына ақтарып отырмын. «Сөз сүйектен өтеді» деген нақыл рас екен. Осы қайынжұртымның сөзі біздің отбасымызды шайқалтады ма деп қатты қорқамын. Мен күйеуімді сүйемін. Отбасымды сақтап қалғым келеді. Айналамды қоршаған туыссымақтарымның сөзінен күйінген маған айтар ақыл-кеңестеріңіз болса аямаңыздаршы.

 

 

Автор: Айғаным, Сарыағаш

alashainasy.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста