Амансыздар ма, қымбатты оқырман! Басты сұрағым ажырасқан жігітке тұрмысқа шыққан дұрыс па ? Мен жігітіммен 3 ай жүрдім, ажырасқанын және 1 баласы бар екенін осы 3 ай өткенен кейін жақында білдім. Неге жасырғанын сұрасам, егер мен ажырасқанымды айтсам сенен айырылып қалам деп ойладым, сол себепті бәрін кейін түсіндіре жатырмын деп ойладым деді
Өзім тұрмыс құрмағанмын, жасым 19-да. Ол әйелімен баласын көру үшін кездесіп тұрады екен. Мен оны сүйгендіктен оған қарсы емеспін, егер оған тұрмысқа шығып жатсам, баласын бөлектетпеймін деген ойдамын. Өйткені баланың кінәсі жоқ қой, ол періште ғой. Бірақ болашақта бұл ойым өзгерсе ше, болашақта не болары Аллаға ғана мәлім ғой. Өз баламыз болғанда менің сезімім қандай болады, қызғанышқа жол беріп қоям ба? Әлде қазірден басап осы сезімнен бас тартып, онымен кездеспей қойсам ба екен. Араларыңызда ажырасқан жігітпен тұрмыс құрғандарыңыз бар ма? Өз пікірлеріңізді айтыңыздаршы, қалай істегенім дұрыс,үлкен рахмет.
Аноним