«Ажырасам» деушілерге 7 кеңес

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мадақ әлемдердің Иесі Алла Тағалаға тән. Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның әулеті мен сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!

Асыл дініміз Исламда отбасыға, оның ішінде ер мен әйелдің көркем қарым-қатынасына аса мән береді. Исламда ер мен әйелдің өзіне жараса құқықтары, құрметі мен хақылары бар. Алланың рұқсат еткен нәрсесіне амал етіп, тыйым салғанынан аулақ болған адам міндетті түрде бақытқа кенеледі. Өйткені, Жаратушы Иеміз өзінің жаратқан құлына ненің қажет екенін жақсы біледі.

Еліміздегі отбасыға қатысты статистикалық мәліметтерді қарайтын болсақ, өкінішке қарай, өткен жылы 50 мыңнан астам шаңырақтың шаттығы ұзаққа созылмапты. Әрине, бұл жақсылықтың нышаны емес. Әсіресе, ер азаматтардың өздері таңдап алған жарына талақ айтып, ақ некеге жауапкершілікпен қарай алмауы жанымызға батады. Діни ағымда жүрген кейбір адамдар талақ айтып, ажыраса салуды оңай санайтын болды. Некені ойыншыққа айналдырғандардың себебінен қоғамда жалпы мұсылман жамағатына деген салқын көзқарастың пайда болғаны да жасырын емес. Осы мәселені шешудің жолдары туралы өз ойларымызбен бөлісуді жөн көріп отырмыз.

 

1. Ізгі жар таңдау

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жар таңдауда 4 нәрсеге көңіл бөлуді өсиет еткен: «Әйел затына үйлену төрт нәрсеге негізделеді: байлығы үшін, атағы (тегі) үшін, сұлулығы үшін және діні үшін. Сен діні барын таңда, әйтпесе көп жақсылықтан құр қаласың!»

Расында, әйел баласы ең әуелі ар-ұятымен, иманымен көрікті. Абай атамыз өзінің өсиетті өлеңдерінің бірінде жастарға былайша насихат айтады:

«Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма».

Иманды әйелдің жаны жақсылыққа құштар болмақ.

 

2. Өзгеден емес өзінен бастау

Ислам діні мұсылман адамның жақсы амалда өзгеге бірінші болып үлгі болуға тәрбиелейді. Әсіресе, ер азамат өз отбасын жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю қажет. Әйел, бала-шағасының тіршілігі мен құлшылығында бір Аллаға бойсұнуына, оларға имани тәрбие беруге аса көңіл бөлуі керек.

Алла Тағала қасиетті Құранда адамзат баласына: «Отбасыңа намаз оқуды бұйыр. Өзің де намаз оқуда табандылық таныт», – деп бұйырған («Таһа» сүресі, 132-аят).

Аяттан түсінгеніміздей, отағасы отбасы алдында жақсы істерде жетекші болуы керек. Мұсылман адам өзгені түзетуден бұрын өзін түзеуі тиіс. Сонда оның сөзі де өтімді, амалы нәтижелі болады. Жақсылыққа ұмтылған жанұя жамандықтан іргесін аулақ ұстайды.

 

3. Ажырасуға асықпау

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Алланың құзырында рұқсат етілгенімен, қатты ұнамсыз іс – ажырасу», – деген. Алла Тағала ер мен әйелдің болмашы нәрселер үшін ажырасуын қаламайды. Сол себепті некені бұзудың өзіндік шарттары, уақыттары, әдептері бар. Бұл себептер екі жақтың «ажырасамын» деген ойларынан қайту үшін жасалған үлкен мүмкіндіктер есігі деп түсінген абзал.

Раббымыз барша адамзат баласына некені әйелдің үш етеккірден тазарған кезінде ғана бұзуына рұқсат етті. Үш етеккірден тазармаған әйелді үйінен шығарып жіберу – дұрыс емес. Алла Тағала әр нәрсені көркем түрде, жақсы жағдайда реттеп, шешуді бұйырған. Ал Құран үкімі мынадай:

«Уа, Пайғамбар! Қашан әйелдерді талақ етсеңдер, оларды белгілі мерзімінде ажыратыңдар және ол мерзімді есептеңдер. Раббыларың Алладан қорқыңдар. Оларды үйлеріңнен шығармаңдар әрі өздері де кетпесін, тек ашық арсыздық істесе ғана болады. Ал, қашан олардың мерзімдері жетсе, оларды дұрыстықпен ұстаңдар немесе туралықпен ажырасыңдар» («Талақ» сүресі, 1-2-аяттар).

 

4. «Ажырасамын» деп әзілдемеу

Қалжың сөзбен «талақ» деп айтылған сөз де талақ ретінде есептеліп кетуі мүмкін. Сондықтан ер мен әйел бұл сөзді айтудан аса сақ болуы қажет. Ал асыл дінімізде «талақ» деп әзілдеп айтуға рұқсат жоқ. Ислам некені ойыншыққа айналдырмауға шақырады. Алла Елшісі Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Үш нәрсенің шыны да шын, әзілі де шын: олар – неке, құл азат ету, талақ», – деген хадисін естен шығармауымыз керек.

Исламның кейбір ғалымдары «талақ» деп әзілдеп болсын айтылған сөз талақ ретінде есептеледі деген тұжырымға келген. Ал кейбір ғалымдар болса, бұл мәселені адамның ниетіне қалдырған. Бұдан ұғатынымыз – «талақ» сөзін қалжыңдап болсын айтуға, тіпті «сенімен ажырастым», «некені бұздым» деп те сөйлеуге болмайды. Мұндай жағдайда ер кісінің үш талақ беру мүмкіндігінің біреуі кетеді.

 

5. Адамның жақсы мінезін көре білу

Ажырасу мәселесінде байқалатын жағдайдың бірі – адамның кемшілігін көбірек көру. Осы жағдай түбі жақсылыққа әкелмейді. Ал хадис не дейді: «Мүмін ер адам еш уақытта мүмін әйелді жек көруші болмасын. Егер де қандай да бір мүмін әйелдің әлдебір мінезі көңіліне жақпаса, басқа бір қасиетін ұнатар».

Ешбір адам кіршіксіз емес. Барлық адамның әлсіз тұсы болады. Әлсіз тұсы оның жаман екенін білдірмейді. Жақсы мінезі әлсіз тұсынан басым болуы – оның жақсы адам екенін айғақтаса керек. Сондықтан бір әлсіздігі үшін 10 жақсы тұсын жоққа шығару – әділетсіздік емес пе?

 

6. «Ең жақсыларың – әйелдеріңе жақсы қарағандарың...»

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Иман тұрғысынан мүміндердің ең кәмілі – мінез-құлқы ең жақсы болғандар. Ең жақсыларың – әйелдерімен жақсы қарым-қатынаста болғандарың», – деген хадисі болашақ отағасының жадында әрдайым жаңғырып тұрса жақсы.

Амр ибн әл-Ахуас әл-Жушами (Алла оған разы болсын) мына оқиғаны былай баяндайды: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қоштасу қажылығында Алла Тағалаға мақтау айтып, шүкіршілік білдірген соң жамағатқа былай деп насихат айтқанын естідім: «Әйелдеріңе жақсы қараңдар, өйткені сендер шын мәнінде оларға жауаптысыңдар. Анық арсыздық жасамайынша (күйеуіне опасыздық жасамайынша немесе бойсұнудан бас тартпайынша), олармен тек жақсы қарым-қатынаста болуға тиіссіңдер. Сендер үшін бұдан басқа жол жоқ...» деген.

 

7. Ер мен әйелдің хақылары мен міндеттері

Отбасындағы келіспеушілік немесе түсінбеушілік ерлі-зайыптылардың бір-бірінің міндеттерін жіті білмеуінен туындап жатады. Екі тарап өзіне қатысты міндеттерді білмеген соң кейбір мәселеде шектен шығып қалады. Бұл шектен шығушылық жақсылыққа әкелмейтіні анық. Ал Алла Тағала өз құлдарына қатысты міндеттерді Құранда баяндап қойған:

«Ер адамдар әйелдеріне басшы (яғни, әйелді бағып-қағу, қорғау және тәрбиелеу – ер адамның міндеті). Өйткені, Алла Тағала(күш-қуат тұрғысынан) оларды бір-бірінен (ер адамды әйел затынан) үстем қылды әрі ер адамдар (отбасының) нәпақасын табушы. Ал, салиқалы әйелдер Аллаға және ерлеріне басы бүтін бойсұнады. (Ерлері жоқ кезде) Алла олардың құқығын қалай қорғаса, олар да ерлерінің хақысын қорғап, абыройларын әрі ерлері тапқан дүние-мүлікті сақтайды һәм араларындағы сырға берік болады» («Ниса» сүресі, 34-аят).

Қорыта айтқанда, мәжбүрліктен тыс себепсіз, жөнсіз ажырасу – екі жаққа да абырой, жақсылық әкелмейтін іс. Бір-бірін сыйлай білген, сыйлата білген, қадірін біліп, құрмет тұтқан жандардың бақыты баянды болмақ. Халқымызда: «Ері әйелін сыйласа – ердің бақыт тапқаны, ерін елі сыйласа – әйел бақыт тапқаны», – деген нақыл сөз бар.

Алла Тағала мұсылман отбасына берекесін жаудырып, әрбір шаңыраққа шаттық, бақыт нәсіп еткей! Әмин! 

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста