Ата-анамның қадірін сал боп қалғанымда түсіндім...

Қарапайым өмір сүретінбіз. Кейде бар, кейде жоқ болып азды кемді жүріп тұратынымыз бар ! Үйде үш ұл тәрбиелендік. Анам мен әкем егін егумен айналысып тапқан нәпақамен бізді асырап келді! Менен үлкен ағам мен менен кейін інім өсіп келеді ! Үйде қыздың жоқтығынан үй тірлігі біздің мойнымызда тұғын! Ағам мектеп бітіріп грантқа қол жеткізіп беделді институтта оқып жатты! Ал мен 11 сыныпқа аяқ бастым! Үйге мен бас көз болып ата-анама қолғабыс етіп жүрдім. Көзді ашып жұмғанша ҰБТ-да өтті. Нәтижем аз болып өзім қалаған мамандыққа грант жеңіп ала алмасымды біліп содан әке-шешеме жүк болмайын деп басқа мамандыққа ауысып әйтеуір грантқа іліндім! Күндер сырғып студенттік күндер өте бастады. Жаңа орта, жаңа қала,жаңа білім! Басында таласып тармасып оқып жүргенбіз,кейіннен мамандығымды өзім қаламаған соң ба көңілім суый бастады! Жолдастармен бірте-бірте қыдырулар көбейіп, қаланың өміріне сіңісіп өмір өтіп жатты ! Ата-ананың ай-қойына қарамайтындай да болып алдық ! Көзді ашып жұмғанша көше кезбе боларымды білмеп едім! Сабақ жайында қалды. Гранттан 2 курста түсіп оқуға мүлдем зауқым соқпай баруды да қойдым! Күндіз тиын-тебен керек деп азын-аулақ жұмыс іздеп, бар тапқанымды кешкісін түнделетіп шашып қайтатынмын! Ауылға бармағалы көп болған. Жын-ойнақ клуб менің отаныма айналып та үлгерген еді! Мұншалықты өзгерерімді кім білген десеңізші! Ілініп салынып жүріп 3-ші курсты да аяқтап бітірер жылға жақындағаныма қуанып жүрмін ! Көзді ашып жұмғанша 1 жылда зу ете сырғып өтті! Ол кезде ата-анам менен сорлағаны соншалықты бетіме қарамастай болып кетіп еді. Оларды еске алмай жүре бердім даланың қызығымен! Өйтіп - бүйтіп жүріп Қоштасу кезінде қатырып өткізіп алдық ! Сол тойлағаннан 1аптадай тойлап жүре беріппіз оқудан құтылғанымыз распа деп . Кешкісін жолдастармен тағы жиналатын болып шешіп дайындалып отқанмын. Досым келіп алып кететін болған. Ол да келді, аздап мастау еді. Өзінің жеке көлігі бар тұғын. Рөлге мен отырайын дегеніме қарсылық танып өзім жүргіземін деп қоймай қойды! Сол отырғаннан жылдамдықты жоғары көтеріп жүйткіп ұша жөнелді. Арғы қарайы есімде емес. . .көзімді ашсам ауруханада қол - аяғым таңулы күйде жатырмын. Қандай мисыз болғанымды сол кезде ұға бастадым. Өкініп жатқанымда есіктен анам кіріп еңіреп жылай берді. Айттық емес пе бұл жүрістің соңы жақсылықпен аяқталмасын деп зарлап қоя берді. Дәрігер кіріп сабырлы болыңыз деп жұбатып жатты. Мен өлгенім жоқ қой әлі неменеге жылайсың деп көңіліне қарамай зекіп бердім. Сөйтсем егіліп жылауының мәнісі бар екен ғой. Екі аяғым қатты соққыдан істен шыққан екен! Өмірдің мәнін сонда ұқтым ! Біраз емделіп үйге шығарылдым. Менің кесірімнен әке-шешем әжептеуір қиналып, шашын ақ басты. Бір жағынан егін , бір жағынан менің салдығым күйік болып жабысқандай еді! Мені мүсіркегенін көргім келмей талай рет өзіме қол жұмсаған жерімнен де аман алып қалды. Соңында әкеме де жағдайым қатты батты ма мені сыртқа көтеріп шығып арқалап аяғымды сүйретіп жүретін болды! Қанша қасарысқаныма қоймай адам болуды ойла деп сөйлеуіме мұрша бермей жалғастыра беретін! Ағам білікті дәрігер болып жетілген тұғын. Сол ағамның арқасында аяққа массажға арналған біраз құрылғыларды алдырып әрекетімізді жасай бастадық. Бір жылдай әкем сүйресе де, ұрса да , массаж істесе де еш нәтиже болмады! Дәрігер қимылды тоқтатпауды, көбірек қимылдауды ескертті,әлі де үміт бар деп! Әкем мен анам бір жадырап қалғандай болды! Әкем елуге келсе де бақуатты еді. Мені сүйреуден танбады. Таңертеңгісін ертемен шөп бетіндегі шыққа сүйреп , кешкісін және сүйрейтін. Есіктің алдына біраз қада қағып енді әрекетті өзім жасауымды бұйырды. Қолымнан келмейді деп жылағаннан басқа түкті де бітіре алмадым. Әкем айғайға басып,кейде жылы сөзімен тербеп мені қолдаудан жалықпады. Есік алдына қадаға сүйеніп аяғымды әлсін қозғап әрекетімді жасай бердім. 10 күннің ішінде мендегі өзгерісті байқадым, бойыма күш жиылғандай қайта - қайта әрекет етіп күн өте аяғыма жаным кіріп өзім әлсін-әлсін біреу тұрғызса аяқ басардай хәлге жеттім. Үй ішіме айтпадым, тіпті байқатпадым да. Тосын сыйым болсын деп! Күндегідей әкем сыртқа шығарып тұрғызып тастап кетті де қалды! Сөйтіп үйдің алдынан үлкен етіп жарық түскендей болды . Тырыстым жүруге қолымнан келер емес өкініштісі! Көзімді тарс жұмып жүруге әрекет еттім шындап көзімді ашсам 10 қадам жерде әкемнің мені кішкентай кезімде жетектеп түскен үлкен сурет көзіме оттай басылды! Астына балам мені кешір деп жазылыпты! Жанынан әкемнің бейнесін көріп бар мұңымды ұмытып, қателігімнен сабақ алып кешірші әке деп еңіреп айқайлап жылай бердім. Бойымда ащы өксік өртеп барады. Сөйтіп жылап тұрып әкемнің қасына жүріп барғанымды сезбей де қалыппын! Иә әкем мен анамның махаббаты мен еңбегі мені екінші рет қайта аяққа тұрғызып еді! Бірте-бірте аяғым жүріске келіп, өмірімді  мені қайта аяққа тұрғызған анам мен әкеме арнадым. Түгелдей сауығып тұрақты жұмысқа тұрып әке-шешемді ендігі кезекте мен жетектеуім керектігін ұқтым. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста