Ақылды енемнің арқасында отбасымды сақтап қалдым...

Ақылды енемнің арқасында отбасымды сақтап қалдым...

Құрметті "Отбасы-ошақ қасы" айдарының оқырмандары, осы уақытқа дейін әйелінен кетіп қалған күйеушелер туралы көптеген мақаларды оқып, қыз-келіншектерге сабақ болсын, ой салар деген мақсатпен өз басымнан өткен жағдайды баяндап беруді шештім...
Жасым жиырма жетіге келгенде өзімнің біраз жүріп қалғанымды сезе бастадым. Аудандық ауруханада медбике болып жұмыс істедім. Бір күні көптен көрмеген құрбымның әпкесін көріп қалдым. Жағдайымды сұрап, тұрмысқа шықпай жүргенімнің себебін сұрады. Ұялмастан, жігіт жоғын айтып салдым. Өзінің отыздан асқан қайнысының үйленбей жүргенін айтты. Мені таныстырмақшы болып, өз жөніне кетті. Ол әңгіме уақыт келе ұмытыла бастады.
Бір күні құрбымның әпкесі телефон шалып, мені үйіне қонаққа шақырды. Ол кезде ол кісі "Орифлейм" косметикасын сатумен айналысатын еді. Ойланбастан, сол косметиканы сатуды ұсынатын болар, барып қайтайын деп шештім.
Сонымен әпкеміз сөзінде тұрып, мені өз қайнысымен таныстырды. Тағы да екі-үш жыл жүрсем отбасын құруға құлықтылар қатары сиреп қалар, күйеуді "распродажадан" таңдауыма тура келетінін ұқтым. Түрі келісті, көп сөйлемейтін қайнысын мен де бір көргеннен ұнаттым. Бірақ, ішімде "осындай келісті жігіт неге үйленбей жүр?" деген күдік те болды. Осылайша Төлеубекпен көп жүрмей, үйлендік.
Ата-енем өте жақсы адамдар болып шықты. Дүниеге қызымыз келіп бізді қатты қуантты. Екінші балам дүниеге келетін жылы еншімізді беріп, бөлек шығарды. Төлеубекке менің дүниеде бар-жоғым бәрібір, маған деген немқұрайлығы жанымды жегідей жеді. Қайда барса да жұптарын жазбай жүретін жұбайларды көргенде жылағым келетін еді. Кейде ыза болып "күйеуіме қас қылғанда басқа бір еркек тауып алып, көзінше шөп салсам ба, жоқ әлде суға кетіп өлсем бе" деп те ойладым. "Бірақ, ол менің өмірде жоқ екенімді де сезбейтін шығар, қиналғанда екі ботам қиналады ғой" деп ойладым. Кейіннен күйеуімнің мектеп кезінен сүйген қызы болғанын және оның тұрмысқа шығып кеткенін естідім. Төлеубек жұмысына барады, маған деген еш жылы қабақ танытқан емес. Екі балам үшін мен бәріне көніп, өмір сүре бердім.
Төркініме кетсем, тіпті хабарласпайтын еді. Оған бала-шағасы не істеп жүр, не ішіп жатыр бәрібір еді, басын да ауыртпайтын. Бір күні шыдамадым, үйде үлкен ұрыс шығардым десе де болады. Сол кезде күйеуімнің айтқаны:
- Сүймесем не істеймін, мені күштеп сүйгізе аласың ба? - деді.
- Неге онда маған үйлендің?
-Үйлену керек болған соң үйлендім, саған да күйеуге шығу керек болды емес пе? - деп қарап тұр беті шіміркпестен.
Соңғы кезде тіпті үйге келуді де азайтты. Қайда, не істеп жүр? Үйге келсе де ештемеге зауқы жоқ, отағасы болып менімен сөйлеспейтін де еді. Бір күні келесі бір отбасылық кикілжіңнен соң, сөмкесін жинап тайып тұрды. Бұрынғы махаббаты екі баламен күйеуінен ажырасып, қайтып келген екен. Сол ойнасының қолына кіріп алды. Мен екі баламен жылап қала бердім. Барлық жүгімді жинап, екі баланы алып төркініме кетпек болдым. Сонда енем келіп:
- Қызым, "Ат айналып қазығын табар" деген, қайда барар дейсің, ол өзі қайтып келеді. Екі балаңды ойла, қасыңда ағайын-туыс бармыз, өзіміздің қасымызда тұра бер. "Ойнас - оттан ыстық, көңілі тойса боқтан сасық" деген, еркектің бір осал тұсы болар. Шыдасаң, бәрін жеңерсің, ең бастысы - біз сені қолдаймыз, екі баланы тентіретпе, - деді.
Енемнің сөзінен соң ақылға келіп, есімді жинап, үйде қалуды шештім. Жұмысқа шықтым, бірақ жар қызығын көрмеген әйел солған ағаштай болады екен, ештемеге зауқым жоқ, тек алданышым екі бала болды.
Бір күні көшеден бір сыныптас қызымды көріп қалдым. Менімен сыныптас болса да оның қасында мен үлкен "тәте" едім. Тұрмыста екен, үш баласы бар. Өздерінің жеке бизнестері бар сияқты. Біраз жағдай сұрасқаннан соң, мені отбасыммен қонаққа шақырды. "Бармаймын" деуге ұялып, үнсіз келісе бердім. Кешке екі баламды алып қонаққа бардық. Күйеуімді іссапарға кетті деп құтылдым.
Аздап шарап ішіп, жеке отырып сырласа бастағанда мен шыдамай барлық жайды жайып салдым.
- Еркекке бола жылай ма екен, мен де сенің күйеуіңнің орнында болсам сенен безіп кетер едім. Түріңе қарашы, матаның қалдықтарын салған қап дерсің, - деп маған өзіме қарау керектігін және де басқа ақылын айтып жатыр. Кетерде қолыма бірнеше психологиялық кітаптар ұстатып қоя берді.
Шынымен де айнаға қарасам, түрім алжа-алжа, шашым ұйпа-тұйпа, он жасқа қартайғандаймын. Түнімен кітаптарды ақтарып, өзіме керектісін астын сызып, өзімді тәрбиелей бастадым. Осылайша құрбымның арқасында мен өзгеріп сала бердім. Гардеробымды да құрбымның кеңесімен ауыстырдым. Жұмыста да менің өзгергенімді бәрі байқады, тіпті енем қуанбаса ренжіген жоқ. Үнемі маған жігер беріп, мені алдыға талпындырып отырды. Бұрынғыдай емес мен өзгере бастадым, сыныптастарыммен кездесуге, қыздармен жиын-тойға да барып тұрдым. Бірақ, күйеуімнің көзіне шөп салған емеспін. Мүлдем ұмытып кетпесем де аздап басқа іске ынтам ауып, біраз қайғыдан сейілдім.
Бір күні әлгі сөмкесін жинап алып кеткен күйеуім үйге келіп, маған өзінше қыр көрсетіп, менің "сылқылдап" жүргенім, өзгергенім ұнамайтындығын айтты. Ал, мен оның сөзіне де мән бермей, "балаларыңа қатысты не айтсаң да орынды, тек менде шаруаң болмасын" деп күліп шығарып салдым.
Күйеуімнің маған кет ары емесі екенін ұққан соң өзіме деген, өмірге деген құлшынысым артып, енеммен ақылдасып, сырласып жүріп жаттым. Осылайша біраз уақыттан соң "жаздым, жаңылдым, сендерсіз өмір жоқ" деп аяғыма жығылып күйеуім қайтып келді. Ойнасынан көңілі қалған ба, жоқ әлде жалыққан ба кім білсін.
Мен қатты көңілім қалса да балаларым үшін кешірдім. Кейіннен ол оқиға ұмыт болды. Тіпті күйеуім кейін "бала махаббатты өмірлік махаббатпен шатастырған екенмін" дейді. Ал менің ақылды енемнің сөзі айдай анық келді, кезінде атам да осылай баратын жеріне барып келген сияқты, оны кейін естідім. Әй, өмір-ай... 

Гүлсім, Ақтөбе

Құрметті оқырман, егер Сіз де өз басыңыздан өткен тағдырды көпшілік талқысына салып, оқырманмен ой бөліскіңіз келсе мына электронды почтаға материалыңызды жолдай аласыз: info@alashainasy.kz

Редакция телефондары: 8/727/388-80-60; 8/717/2 54 27 30

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста