Той үстінде қонақтарға қымбат 20 телефон таратқан әулет баршаны таңғалдырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Әулеттің немересінің 1 жасқа толған тойында той иелері қонақтарға қымбат телефон таратты. Әрқайсысының құны 800 мың теңгеге дейін жететін iPhone 13 Pro Мах телефондарын тарту еткендер осылайша дәулетін көрсетті.
Олар тілек айтуған шыққан той иесінің достарының барлығына қымбат телефон таратып, тосынсый жасады. Құны 800 мың теңгеге дейін жететін сыйлық алған қонақтар бұған таңғалып, сенер-сенбесін білмей телефонға қарай берді.
"Тойда ағамның 14 досына iPhone 13 Pro Мах, екі інісіне iPhone 13 Pro, екі ағасына iPhone 13 Pro, кіндік әке-шешесіне iPhone 13 Pro, тойды ұйымдастырған адамға iPhone 13 Pro Мах сыйладық", — деді бейнежазбаны жариялаған той иесінің туысы.
Бейнежазба желіде жария болған соң қолданушылар ойларын ортаға салып, дәулетті шаңырақтың байлығын тізбелеп кетті.
"Келмей қалған достары жылаған шығар", "Асабаның өзі таңғалып отыр", "Дос болатын әулет екен", "Алдында беташарға миллиондар салғандардың тойы болып жатыр-ау", "Соңғы қатардағылар жетпей қала ма деп уайымдап отыр" деген сыңайда пікірлер жазған.
Желі қолданушыларының санауынша таратылған 20 телефонға барлығы 15 миллион теңге ақша кеткен көрінеді.