Анаңнан да, ағаңнан да әйелің артық

mobilmusic.ru фото

Құрметті оқырман! Мақаланы толықтай оқып шықпай жатып, мәселеге терең бойлап, таразыламай жатып, мені жата сөкпеңіз. Мен бұл жайлы ойланбастан, жайдан-жай айта салып отырғам жоқ. Бұл көрген-білгеннен, өмірлік тәжірибеден түйген ой. «Алаш айнасы» газеті де менің мақаламның байыбына бармастан, жарияламай тастамас деп үміттенем.
Әрине, мына өмірде әр адам үшін ананың алар орны бөлек. Ананың орнын ешкім де баса алмайды. Оған ешкімнің таласы да жоқ. Ағаның да өз орны бар. Алайда отбасында әйелден артық адам жоқ екені даусыз. Өйткені сенімен бірге отбасының ыстығына күйетін де, суығына тоңатын да – әйел. Басың ауырып, балтырың сыздаса да, ең алдымен қасыңнан табылатын да сол – әйел. Құдай сақтасын, мүгедек болып қалсаң, сені жуындырып-шомылдыратын да, (ұлы сөзде ұят жоқ) дәретке отырғызып, астыңды тазалайтын да – әйел. Жаман айтпай, жақсы жоқ, жазмыш болып, бақилық дүниеге кетсең, артыңда қалған балаларыңды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бағып-өсіретін де сол. Ошағыңның отын сөндірмей, орыныңды жоқтатпай, ұрпағыңды өсіріп, атыңды өшірмейтін де – әйел. Алда-жалда, мұндай жағдай бола қалса сенің бала-шағаңды анаң келіп баға алмайды. Ол саған не сенің балаларыңа деген мейірімнің жоқтығынан, не сені жек көргеннен емес, оның мүмкіндігі шектеулі. Ағаң да қол ұшын бергенмен, өмір бойы сенің бала-шағаңды асырамайды. Өйткені оның да өз өмірі, өз отбасы бар.
Осыған орай, мен бір болған оқиғаны мысал ретінде айтайын. Оңтүстік Қазақстан облысында той жасар алдында «мәслихат» жасайтын үрдіс бар. Досымның көрші ауданда тұратын нағашысы той жасайтын болып, мәслихатқа шақырады. Досым әкесі екеуін сол маслихатқа апарып келуімді өтінді. Сонымен кешке маслихатқа бардық. Кешкі ас ішіліп болған соң маслихат басталды. Қалыптасқан үрдіс бойынша, кім қандай жұмысты мойнына алады, кім қандай көмек береді деген мәселе қаралды. Қалыс ағайын мен көршілер жұмыстарды өзара үлестіріп алса, ет жақын ағайындар көрсететін көмектерін ұсынып жатты. Досымның нағашылары бес ағайынды екен. Олардың бірі ақшалай көмек беретінін айтса, енді бірі жеміс-жидек әкелуді, үшіншісі той дастарханына қойылатын сусын әкелуді мойнына алды. Өзге жақын ағайындары да шамаларына қарай көрсететін көмектерін айтып жатты. Алайда, той иесінің өзімен тете 40-ты алқымдаған інісі бар нәрседен қалыс қалып, үнсіз отыра берді (тете інісі екенін кейін білдім). Мәслихатты басқарып отырған сол рудың ақсақалы «Тағайбай, сен неге үндемейсің, тойға сойылатын малды сен әкеледі деп отыр еді ғой» деп сұрады. Ол «үйге барып, әйеліммен ақылдасайын, сонан соң шешімімді айтамын» деп жауап қатқаны сол екен, отырғандар «ол әйелінің рұқсатынсыз ештеңе шеше алмайды, ол әйелінен қорқады, оған ағасынан әйелі жақын» деп ойын-шыны аралас сөздермен оны қағыта бастады. Ызаға булыққан Тағайбай орнынан атып тұрып, «мен әйеліммен келіспей мал бермеймін. Егер ол келіспесе, малды өздерің сатып аласыңдар» деді. Сол-ақ екен отырғандар арасынан біреу «сонда саған ағаңнан әйелің артық па» деп намысына тимек болды. Осындай сауалды күтендей, Тағайбай «иә, маған сенің бәріңнен әйелім артық» деді. Отырғандар үнсіз қалды. Тағайбай сөзін одан әрі жалғады.
– Мен төрт жыл түрмеде отырғанда қайсы бірің артымнан іздеп бардың? Сол төрт жылда кім менің бала-шағама бір қой сойып апарып берді? Не болмаса, балаларыма киім-кешек сатып әперген біреуің бар ма? Жоқ. Тіпті бала-шағамның қалін сұрап, қалай күн кешіп жатыр деп қызыққан бірің жоқ. Сөйте тұра, қалай бауырмын, ағайынмын деп айтасыңдар?! Ал сол төрт жыл бойы менің артымнан ай сайын барып жағдайымды біліп тұрған, бала-шағамды ешкімге алақан жайдырмай бағып отырған сол әйелім. Сонда маған қайсың жақын болғандарың?
Сондай сөздермен жиналғандарды жер шұқытқан Тағайбай ашуланып, тапшаннан секіріп түсіп, артына қайырылмай үйіне кетті.
Кейінірек білгенім, Тағайбай бұрын жүргізуші болып жұмыс істеген екен. Бір күні көлікпен келе жатып темір жолды қиып өтпек болғанда, пойыздың келіп қалғанан аңғармай, жол апатына ұшыраған. Апат салдарынан көліктің пойыз соққан жағында отырған жолаушы қайтыс болып, ол төрт жыл түрмеде отырып келген екен.
Ауылға қайтып келе жатқанымызда, бар әңгіме Тағайбай төңірегінде болды. Досым Тағайбай нағашысына дән риза көңілмен «Ой, қатырды, бір ауыз сөзбен бәрінің аузын жапты» деп мәз. Сол кездері жетпіске жақындап қалған, досымның әкесі «Тағайбайдың айтқанының бәрі дұрыс. Басыңа қиын-қыстау күн туа қалса, сенің отбасыңа түскен бар ауыртпалықты әйелің көтереді. Ауырсаң үнемі қасыңнан табылып, сүрінсең – сүйейтін, құласаң – демейтін де әйелің. Әрине, бауырларың сені далаға татамайды, бірақ саған қанша жаны ашығанмен, күнде сенің қасыңда болып, сенің бала-шағаңды асырап-бақпайды. Бірге туғанмен, бірге жүру, бірге өлмек жоқ. Әркімнің өз отбасы, өз тіршілігі бар. Ол үшін оларды да жазғыруға болмайды. Бұл сөздердің мәнін мен сияқты әйеліңмен 50 жыл отасып, жастарың 70-ке барғанда түсінесіңдер» деді.
Сол кезде ол жағдайдың дұрыс не бұрыс екеніне нақты баға бере алғам жоқ. Ол кезде жас болатынмын. Бүгінде ойласым, Тағайбайдың айтқаны дұрыс екен. Расымен де бауырларыңның өз отбасы, өз тіршілігі бар. Сондықтан оларға өкпе айтудың өзі орынсыз сияқты. Ал, әр кез қасыңнан бірінші болып табылатын әйелің екеніне ешкім дау айта қоймас.
Жай ғана «әйел кім?» деген сұраққа жауап беріп көрейікші, әйел – ардақты әже, аяулы ана, асыл жар, қымбатты апа-қарындас. Олай болса, базбіреулер әйелдің атына мақтау айтқанды неге жақтырмайды? Менің ойымша, әйелді мақтағанды жақтырмайтындар, әйелінен жылу көрмегендер болса керек. Алайда, бір әйелдің бойындағы теріс мінез үшін барлық әйел атаулы туралы жағымсыз ой қалыптастыру дұрыс емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста