Алғашқы махаббатым түсіме кіре береді
Амансыздар ма, құрметті оқырман!
Мен бүгін алғашқы махаббатымды түсімде көрдім. Бірақ ол осы өмірде жоқ. 12 жыл бұрын мезгілсіз, кенеттен қаза тапқан болатын. Мен де тұрмыстамын, балаларым бар. Ол қайтыс болғанда бара алмадым. Ол небəрі 23 ақ жаста болатын. Мен оны жиі түсімде көрем. Өңім сияқты болад, сосын көпке дейін түсімнің əсерінен арыла алмай жүремін. Біраз уакыт өте умытылып кетеді. Сосын тағы түсімде көрем. Сосын өткен күндер мен қазіргі сезімдерімнің арасында қалып қойғандай боламын. Неге? Тура бір мені ұмытып кетпе дегісі келгендей...Əлде құран дəметіп жүрме екен? Жаз сайын ауылға барғанда бейіт басына барып, білетін дұғамды оқып, өткен күндерді есіме алып, тыныш ұйықта, қош деп кетемін.Онымен арамызда балалық,адал, таза сезім махаббаттан өзге ештене болған емес. Ол бүгін түсімде неге менімен сөйлеспейсің деп сұрасам, мені құшақтап " Ол неге сенің жаныңда жүр? Мен сені қызғанам ғой" дейді. Білем қазір қайдағыны айтып деп мені сөгулеріңіз де мүмкін. Алғашқы махаббат ешқашан ұмытылмайды деген шын ба екен? ДАРХАН Иманды бол! басқа не дейін.
Жан сырымды ашылып,ақтаратын.
Өзің едің аппақ менің махаббатым, Сен едің ғой жүрегімнің қалауы да,
Сен едің ең АЛҒАШҚЫ МАХАББАТЫМ!!!