Әйел жақсы оргазм алса - ұл табады деген рас па?

Әйел жақсы оргазм алса - ұл табады деген рас па?

Саламатсыздар ма? Жасым 28-де. Үш қызым бар. Сұрайын дегенім «әйел төсекте жақсы бітірсе ұл табады» деген сөз рас па? Шынын айту керек, өзім төсекке суықпын. Маған төсек маңызды емес. Қашан болсын «қалай бітірсе емес, тезірек бітірсе» деп ойлап тұрамын.

 

Жасыратыны жоқ, ол барын салып жатады. Мен сонда да беріле алмаймын. Тіпті оргазмның не екенін білмеймін десем де болады. Құрбыларым осы тақырыпта түрлі «қызықтарын» айтып жатқанымен маған бәрі жай сөз секілді. Бірақ ұлды болғым келеді.

 

Жақында құрбыларымнан осындай бір әңгіме естідім. Мүмкін болса толық жауап берсеңіздер екен. Әйелдің оргазм алуы, болашақ баланың жынысына әсер ете ме? Әлде мұның барлығы жай әңгіме ме?

 

Аяла, Тараз қаласы

 

Гүлзейнеп Мырзанова, гинеколог:

 

– Әйелдер мен еркектердің табиғатындағы айырмашылықтар туралы айтпаған ауыз, жазбаған қол қалмады. Ал сол айырмашылық дүние есігін ашқаннан да емес, одан ерте, әкенің белінде жатқан шақтан тамыр алады екен. Жиырма үш жұп хромосома туралы бәріміз білеміз. Соңғы жиырма үшінші жұп не ХХ (қыз), не ХҮ (ұл) болатыны да бәрімізге белгілі. Ол әр түрлі жұп хромосомалар тек еркектің ұрығында ғана болады. Әйелдің ұрығындағы хромосомалар ХХ және өзгермейді, яғни әйел қашанда қыз тууға дайын. Ал ұл табу үшін біраз тер төгу керек.

 

Мәселе мынада. Құрамында ХХ хромосомалары бар сперматозоидтар баяу қозғалады, бірақ төзімді, қышқылдық ортаның агрессиясына төтеп бере алады. Ал ХҮ хромосомалары бар сперматозоидтар, яғни, мархаббатты еркектер, шапшаң қозғалады, алайда, тек сілтілік ортада ғана тіршілік ете алады. Ал әйел қынабының қалыпты күйдегі ортасы — қышқылдық, ер балалар ол ортаға түсер-түспестен жантәсілім етіп жатады. Ал баяу қимылдайтын қыздар асықпай, саспай, жігіттердің өлі денелерін аттап-пұттап барып, өздеріне керекті межеге жетіп жатады. Осылай.

 

Бірақ, қышқылдық ортаны сілтілік ортаға айналдырудың жолы бар. Ол — әйелді тояттату, яғни оргазмға бөлеу. Сол кезде орта өзгеріп, ұл балалар шапшаң қозғалып, діттеген жеріне жетіп үлгереді. Қарапайым тілмен айтқанда осылай.

 

Сізге түсіндіре алдым деп ойлаймын. Сіздің құрбыларыңыздың «әйел жақсы бітірсе ұл табады» деген сөзінің астары осында болса керек.

 

Дегенмен атап айта кетер жайт, болашақ баланың жынысының қалай болмағы ең алдымен ер адамның денсаулығына байланысты.

 

«Бұйыртқаны болады» деген де сөз бар. Сондықтан сабырмен болашақтан күту керек.

 

Осы орайда айта кетер жайт төсек ләззаты ер адам мен әйел адамға ортақ. Олардың өмірінде төсек маңызды рөлге ие.

 

Осы ретте бұл нәрседен сырт қалмау өзіңізге де, күйеуіңізге де, екеуіңіздің арақатынасыңызға да пайдалы екенін ескерткіміз келеді.

 

 

Alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста