Әйел бақыты ақылында емес парасатында...

Өзі сұлу, өзі ақылды, бірақ өмірде сондай бақытсыз? Неге? Тауға да, тасқа да басы тиіп, өмірдің кермек дәмін татып үлгерген талай аруларымыз бұл сауалға өздері де жауап таба алмайтын секілді. Бұл ретте «Алаш айнасы» ғалымдардың әлеуметтік зерттеулерін ұсынады. 

«Әйел басына түсетін бар бәле ақылынан немесе парасаттылықтың жетіспеу салдары» деген кітаптағы ақылды мен парасатты әйел айырмасына берілген түсініктемені бере кетсек дейміз. Бұдан қортытатын ой: әйел бақыты ақылында емес парасатында.
Сонымен ақылды нәзік жанның парасаттысынан айырмасы қандай?..
Себеп-салдар: Күйеуінің қате ісін немесе кемшілігін байқағанда
Ақылды әйелдің әрекеті: Күйеуінің қатесін немесе кемшілігін көзіне шұқып көрсетіп, алдында осылай болатынын ескерткенін айтады.
Парасатты әйелдің әрекеті: Күйеуінің қатесін немесе кемшілігін көрмеген бола салады; кейде арқасынан қағып, адамдар өз қателігінен сабақ алатынын айтып, келесі жолы оның міндетті түрде жолы болатынын меңзейді
Себеп-салдар: Отбасы қиын-қыстау кезеңге тап келгенде.
Ақылды әйелдің әрекеті: Бүкіл жауапкершілікті өз мойынына алған әйел күйеуін қалай дұрыс өмір сүру керектігіне үйрете бастайды.
Парасатты әйелдің әрекеті:Күйеуіне бұл тығырықтан шығу жолына бағыт-бағдарды байқатпай нұсқап, қиыншылықты өзі еңсергеніне қолдау білдіріп, демейді.
Себеп-салдар: Бала тәрбиесі
Ақылды әйелдің әрекеті: Бар күш-жігерін балаларының математика мен шет тілін игеруге жұмсайды.
Парасатты әйелдің әрекеті: Ал парасатты жан әр баласының қандай қарым-қабілеті барын байқастап, соны дамытуға, баланың тұлғалануына басымдық береді.
Себеп-салдар: Жұмыс бабы
Ақылды әйелдің әрекеті: Ол жұмыста барлығынан үздік боп алға суырылып шығып, ешқашан қателік жібермеуге тырысады. Бірақ соған қарамастан ұжымдағы адамдар одан аяғын тартып ұстайды.
Парасатты әйелдің әрекеті: Ол ұжымды махаббат пен жылулыққа бөлеп, әріптестерін ешқандай жамандыққа қимай, кейде сол жолда өз-өзін құрбан етеді
Себеп-салдар: Немере тәрбиесі
Ақылды әйелдің әрекеті: Балаларына сенбей, үнемі ақыл-кеңес беріп, баланы қалай дұрыс өсіру керектігін айтып, үнемі өмірлеріне араласып отырады.
Парасатты әйелдің әрекеті: Үлкен балаларының ішкі өміріне араласпайды, қиыншылықта да, жақсылықта да үнемі жандарында ана махаббатымен жылытып, қолғабыс етіп, қолдап-көмектесіп жүреді, балаларының таңдауымен санасады, сыйлайды
Себеп-салдар: Ата-енеге деген қарым-қатынасы
Ақылды әйелдің әрекеті: Ененің ықпалынан шығуға тырысып, оған қарсы күресіп, өзінің дегенін талап етіп, сол үшін айқай-шу шығарады.
Парасатты әйелдің әрекеті: Парасатты әйел жымиюды, үнсіз тыңдауды, бас шұлғып келісуді әдет етеді. Бірақ барлығын өз дегенімен жасайды, әрине бар ынта-шынтасымен жүзеге асырғандықтан, оған ешкім наразы болмайды.
Себеп-салдар: Адамдарға деген қарым-қатынасы
Ақылды әйелдің әрекеті: Ақылды әйел бар әлемді өзгертіп, адамдарды да түзегісі келеді
Парасатты әйелдің әрекеті: Ал парасатты әйел өзі өзгеріп, басқалар қандай, сондай қалпымен қабылдауға тырысады.
Себеп-салдар: Өмірлік көзқарасы
Ақылды әйелдің әрекеті: Кім дұрыс адам, сол бақытты деп ойлайды.
Парасатты әйелдің әрекеті: Кім бақытты сонікі дұрыс деп санайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста