Сәлеметсіздер ме?Маған ақыл-кеңес айтасыздар ма? Жасым 22-де. Тұрмыстамын, күйеуіммен сүйіп қосылдық. Үйленгенімізге аз ғана уақыт болса да, арамыз суып үлгерді. Кеше ғана босанып, перзентханадан шықтым. Мендегі мәселе күйеуімнің мені де, баламды да керек қылмай, басқа қыздың соңында жүргені. Осы уақытқа дейін бәрі жақсы болған, бірақ оның басқа біреуі пайда юолғалы, отбасымыздың шырқы бұзылды. Жұмысында бірге істейтін әйелмен жүреді екен. Мұның басталғанына бірнеше айлар болды.
Басында бәрі жақсы болатын.Бала көтергеніме қуанып жүрген. Кейін әлгі қызды ұнатып қалғаннан бастап бәрі өзгерді. Мені де, баланы да керек қылмайтын болды.Не істесем де, ұрсуга сылтау іздеп тұратын. Үйіңе кет, ажырасам деп шығатын болды .Жегім келген жерік асымды да алып бермейтін жүкті кезімде. Ал әлгі қызбен екеуі қызбен жігіт сияқты жүреді Мен ауруханада жатқанда екеуі Шымкентке кыдырып келді. Маған хабарласып, менің не қызының жағдайын сұраған емес.Баланы қолына да алмайды. Ең болмаса балаға көңіл бөлсе екен деп едім. Бала керек емес, баланы алып үйіңе кет дейді. Қызымды әкесіз өсіргім келмейді, отбасымды қалай сақтаймын? Күйеуім қызына көңіл бөлетіндей не істесем болады.Сіздерде осындай жағдай болды ма?
Аноним