8-сыныпта бала босанған: 15 жасында ана танған қыз күйеуіне шағымданды

8-сыныпта бала босанған: 15 жасында ана танған қыз күйеуіне шағымданды

Арал қаласының тұрғыны 8-сыныпта  оқып жүргенде  бала босанған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы KOREMIZ ток шоуының желідегі парақшасында айтылды.

 

15 жасында ана атанған қыз ұлының әкесі 17 жастағы колледж студенті екенін айтқан. Екі жас шаңырақ көтереді. Алайда, жас ана 18-ге толғанда ата-енесі ДНҚ тестін жасатып, бала немерелері болмай шыққан. Ал, тесттің бұл қорытындысын қыздың өзі мен ата-аналары жоққа шығарып отыр.

 

"Қызымның жүкті екенін 8-сынып оқып жүргенінде білдім. Қызымды Рахымжан сабапты. Ауруханаға барғанда қызымның жүкті екенін білдік. Ол кезде 2 айлық болып қалыпты. Қызым аяғы ауыр екенін білмей жүрген. Асқазаным ауырды деп жүрген. Қызым баланың әкесі Рахымжан екенін айтты. Арыз жаздым. Бірақ, қызым "жақсы көремін" деген соң кешірім бердім. Қазір кешірім бергенім үшін өкінемін", - дейді 15 жасында бала босанған Перизаттың анасы.

 

Және Перизаттың анасы Рахымжанның отбасы басында қабылдағысы келмей, кейіннен келін қылып түсіргенін айтады. Енді, арада 3 жыл өткен соң дау туындаған.

 

"Келініміз үй алып бер деп шықты. Содан немерем үшін деп алып беруді ұйғарды. Дегенімен, аздап күмәніміз болды. ДНҚ тестін тапсырдық. Әкесі болмай шықты", - дейді Рахымжанның ата-анасы.

 

Ал, Перизат үйден кетіп, арыз жазған екен.

 

Осы іске байланысты Полиция департаменті: "Арал қаласының тұрғыны Р есімді азаматтың 16 жасқа толмаған 15.04.2004 жылы туылған Манарбаева Перизатпен жыныстық қатынасқа түсу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабының 1-бөлімімен яғни 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қарым-қатынас немесе сексуалдық сипатта өзге де іс-әрекеттер жасау фактісімен қылмыстық іс қозғалған болатын. Бұл қылмыстық іс бойынша тиісті тексеру амалдары жүргізілді. Нәтижесінде 19 қазан 2019 жыл бұл қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес тоқтату туралы шешім қабылданды", - деп мәлімдеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста