18 жастағы қыз пәктігінің алғашқы бағасын қойып аукцион жариялады
Шетелдерде пәктікті сату айтарлықтай ұят жағдай емес секілді, себебі барлығы ашық түрде айтылып, жазылып та жүр.
Қыздар көшеде тәнін сатып саудалауды қойып, пәктігінің алғашқы бағасын айтып аукцион жариялауға көшкен. Бұл сорақылық елімізде де орын алмаса болғаны.
18 жастағы қыз өз пәктігін бағалап аукцион жариялады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
18 жастағы Ким атты қыз өз пәктігін 100 000 евроға бағалап отыр. Ол өзінің осы уақытқа дейін ешқандай жыныстық қатынасқа түспегендігін айтқан. Аукцион жариялаған агенттік Cinderella Escorts қыздың пәк екеніне байланысты барлық құжаттардың барын айтып, растап отыр.
Алғашқы баға «тым қарапайым» 100 000 евро. Ким бұл ақша арқылы пәтер ақысын төлеп, көлік сатып алғысы келетінін айтқан.
Шолушы: Әсел Өтешова