ЕСКЕРТУ:
Биыл, яғни 2010 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша қасиетті Рамазан айы – 29 күн.
1. Қыркүйектің 5-інен 6-сына қараған түн – Ләйләтул-Қадр, яғни қасиетті Қадір түні.
2. Сәресі ішу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.
3. Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен және т.б. жеміспен де ашуға болады.
4. Тарауих намазы Құптан намазынан кейін оқылады, ал Үтір-Уәжіп намазы ең соңынан жамағатпен оқылады.
5. Пітір садақасын Рамазан айының басынан айт намазына дейін беруге болады. Пітір Алматы бойынша – 100 теңге.
6. 9 қыркүйек (бейсенбі) күні Ораза айт мейрамы басталады. Айт намазы Алматыда сағат 7:00-де оқылады.
7. Оразаға ниет: «Алла тағала үшін мүбәрак Рамазан айының оразасын ұстауға таңнан күн батқанға дейін ниет еттім».
8. Ауызашар дұғасы: «Жаратқан Ием, Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық несібеңмен ауыз аштым. Иә, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!»