Ораза жайлы Құран Кәрім мен хадистерден

«Ей мүминдер! Бұрынғыларға парыз қылғанымыз сияқты сендерге де ораза парыз қылынды. Әрине сактанарсыздар. Санаулы күндерде сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде өтер. Және ораза ұстауға күші жетпейтіндер бір міскінді тойдыратындай фиде беруі керек.Сонда кім ынталанып артық қайыр қылса, ол өзі үшін жақсы. Бірақ білетін болсаңдар, ораза тұтуларың жақсырақ»
Құран Кәрім,  Бақара сүресі, 183аят
«Ораза айы келгенде жәннәт есіктері ашылып, жәһәннам есіктері жабылып, шайтандар шынжырланады. Сонда бір шақырушы «Ей жақсылық қалағандар келіңдер! Ей жамандықтың арқасынан жүргендер райларыңнан қайтыңдар!» деп деп жар салады.
***
«Бір құл Аллаһ жолында бір күн ораза тұтса, Аллаһ Тағала ол күн себебімен ол адамның жүзін тозақ отынан 70 жылдық жолдай ұзақ қылады».
***
«Егер үмметім рамазан айында қандай жақсылықтар болғанын білсе, жылдың барлығын рамазан айы болуын қалайтын еді.  Себебі:
1.Барлық жақсылықтар рамазан айында жиналған.     
2.Рамазан айында істелген ғибадаттар қабыл болады.
3.Рамазан айында қылынған дұғалар қабыл болады.
4.Рамазан айында істелген күналар кешірілмейді.
5.Рамазан айында ораза ұстағандарды Жәннәт қуанышпен күтеді.
***
«Кім Аллаһ жолында берген нәрсесін жұп қылып берсе, жәннәттің есігінен, кім намаз оқушылардан болса, намаз есігінен шақырылады. Кім жиһад етушілерден бол­са, жиһад есігінен шақырылады. Кім ора­за ұстаушылардан болса, Райян есігі­нен ша­қы­рылады, садақа берушілер бол­са, сада­қа есігінен шақырылады» дегенде Хз.Әбу­бә­кір (р.а):  « Әке-шешем саған пида бол­сын, Ей Алланың елшісі, бұл есік­тер­дің барлығынан шақырылған адамдар  бо­ла ма, бір адамның барлық есіктерден ша­қырылуы мүмкін бе?» дегенде Пайғам­ба­рымыз (с.а.у) «Я, болады, сенің де со­лар­дың ішінен болуыңды үміт етемін» де­ген.
***
«Кім бір ораза тұтқанның аузын аш­тыр­са, ол кісі үшін ораза тұтқан адамның са­уа­бындай сауап бар, ораза ұстаған адам­ның сауабынан да бір нәрсе азай­майды».
«Ораза ұстағанның екі қуанышы бар: оның біріншісі- ауыз ашар уақытындағы қуанышы, екіншісі- Аллаһ Тағаламен жүздескен кездегі қуанышы» деген.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінен

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста