Жыл қайыруды қай күннен бастау керек?

Жыл қайыруды қай күннен бастау керек?

Әдетте желтоқсан айының аяғында «жаңа жыл келе жатыр» деп қуанып, үйге де, көшеге де шыршамызды құрып, жаңа жылды қарсы алуға дайындала бастаймыз. Және қаңтар айынан бастап ресми түрде барлық құжаттарда келер жыл жазылып, жыл қайыру бойынша кезектегі жыл атауы өз атын иемденеді. Алайда наурыз айының 22-сі толғанда тағы да «міне, біздің жаңа жылымыз енді келді» деп наурыз көже ішіп, Ұлыстың ұлы күнін тойлаймыз. Осы орайда жыл қайыруды  1 қаңтардан бастағанымыз жөн бе? Бүгінгі ой-көкпарға түсер тақырып та осы болмақ.

1128

Төлеген МҰХАМЕДЖАНОВ, сенатор:

1 қаңтар
 – Жыл қайыруды бұрыннан келе жатқан қалпымызбен қаңтар айынан бастағанымыз жөн. Себебі жылдың қаңтар айынан басталуы біздің қоғамымызға сіңіп кетті. Оның үстіне, Жер шарындағы көптеген халықтар дәл осы күннен бастап жаңа жылды қарсы алады. Жаңа жылмен қатар, жыл атауы да қоғамымызға келіп енеді.

Бұл – халықаралық тұрғыда болатын өзгеріс. Біз де осы қалыптан айнымауымыз керек. Себебі халықаралық дәрежеде көптеген елдермен келісімшарттарымыз бен қарым-қатынастарымыз бар. Осыған сай біз өз бетімізбен бөлекше тойлай алмаймыз. Мәселен, олар жаңа жылды тойлатып қарсы алып жатқанда, біз осы күні демалыс та жарияламастан жұмыс істеп жатқанымыз қалай болады?

Елден ерек бұлай істеудің өзі – логикаға сыймайтын нәрсе. Сондықтан жұртпен қатар жаңа жылды қарсы алып, жыл қайыруымыз да жұртпен қатар айналып, ай санауымыз бен күн санауымызға дейін басқалармен бірдей болуы қажет. Әрине, өзіміздің де Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің орны бөлек. Оны сол қалпында тойлай беруіміз керек. Ал жыл қайырудың қаңтар айында басталып, жаңа жылды бүкіл адамзатпен бірге қарсы алудың жөні мүлдем басқа. Сондай-ақ қазіргі таңда желтоқсан айының аяғында жаңа жылды ерекше бір ықыласпен күту әрбір адамның әдетіне айналған. Көптеген адамдар осы күні жақындарына сыйлық дайындап, әрбір отбасы мүшелері төрт көзі түгел отырып қарсы алатын отбасылық мереке саналады. Жыл сайын жыл аяғында бір жыл ішінде не бітірдім деген қалыпта өздеріне есеп беріп, тағы бір жаңа жылды қарсы алуға дайындалу – қалыпқа енген үрдіс. Ендеше, дәл қазіргі таңда мұны өзгертудің қажеттігін байқап тұрған жоқпын. Және де бұл қалыптан қашып та керегі жоқ секілді.

258

Ғалия ҚАМБАРБЕКОВА, шығыстанушы, филология ғылымының кандидаты:

22 наурыз
– Барша түркі қауымына тән жыл қайыруды біздің алабөтен қаңтар айынан бастағанымыз мүлде дұрыс емес. Жыл қайыруды қаңтардан бастау – әрқандай бір астрономиялық негізі де, салт-дәстүрге байланысты тұғыры да жоқ әрекет. Бұл, бір жағы, ата-бабаларымызбен салыстырғанда, біздің сауатсыздығымызды да көрсетеді. Өйткені жыл қайыруды тек 22 наурыздан, Ұлыстың ұлы күнінен бастаған аталарымыз аспан денелерінің жүрісін бізден де жақсы білген. Күн мен түн теңеліп, күн ұзара бастаған алғашқы күн жыл қайырудың басы болып табылады. Осы күні он екі мүшелдік жыл қайыруға сай «пәлен жыл келді» деп жатады. Жыл қайыру бойынша қыс жыл мезгілдерінің ішіндегі соңғысы болып келеді. Яғни жыл қайырудағы жыл мезгілдері көктем, жаз, күз, қыс реті бойынша есептеледі. Біз Тәуелсіздігімізді алған кезде жөн осы екен деп, жыл қайыруды жаңғыртамыз деп, оны григориан күнтізбесімен шатастырып алдық. 

 Біле тұрып, осындай синтез жасаудың жөні жоқ сияқты Мәселен, қаңтар-ақпан айларында болмаса наурыздың 20-сына дейін дүниеге келген балаларды жыл қайыру бойынша қай жылы туды деп есептейміз – осы жағы түсініксіз. Менің туыстарымның бірі, айталық, алдағы қаңтардың 10-ында босанатын болса, оның сәбиін барыс жылғы бала дейміз бе, әлде сиыр жылғы бала дейміз бе? Мұның баланың болашағына болмаса тағдырына әсері болар-болмас, бұл – басқа әңгіме. Бірақ бірдеңені әспеттегенде, оның дәлелі болуы керек емес пе? Қазіргідей дүбәраламай, наурыз келгенде, «пәлен жылды» қарсы алғанымыз өзімізге жақсы емес пе? Қазақ атаулы тышқанның қалай жыл басы аталғаны туралы аңызды жақсы біледі ғой... Сондықтан ел жадындағы осы желі сақталуы керек деп есептеймін.

Ал қазір қарап отырсақ, бүкіл ақпарат құралдары бастап, «барыс жылы басталды» деп шулатып жатырмыз. Қаңтарда григориан жылының басталғанын, Иса пайғамбардың дүниеге келгенін жоққа шығаруға болмас. Алайда басқа дінге, басқа мәдениетпен енген түсінікке көзді ашып қарайтын уақыт келді. Біз әлі күнге Батыстан бағытталған әлем-тапырақ мәдениет экспансиясынан арылмай келеміз. Оған ғаламдастырумен келіп жатқан өзгерістерді қосыңыз. Сонда қалай, біз өз мәдениет-өркениетімізді жоққа шығарып, басқаның жетегіне ере бермекпіз бе?  Міне, осындайдың кесірінен тұтас халық болып он екі мүшелдік жыл қайыру жүйесінен ажырап қалдық. Ал әлемдегі аспан денелері жүрісімен нақты есептелген күнтізбенің наурыздан басталатынын ұмытпағанымыз абзал. Түркілердің жыл қайыруына терең үңілген әлемдегі ең дұрыс, үздік күнтізбенің авторы Омар Хайам шәмси күнтізбесін түзіп шықты. 

Бұл Күн ғаламшарының жүрісіне негізделген күнтізбе болып табылады. Ал аспан денелері, оның ішінде шоқжұлдыздар да тура қазақтың жыл қайыруындағыдай он екі хайуанның атауына ие болып отыр. Сол он екінің бірі тоқты немесе амал шоқжұлдызының Күнмен тоғысы жылдық айналым болып табылады. Күн осы аралықта эклиптиканың 360 градусын бір-бір айналып өтеді. Бұл жыл сайын өзгеріп, наурыздың 19-ы мен 21-і аралығына дөп келіп отырады. Міне, жыл қайырудың хикметі де осында жатыр. Сондықтан түпнегізі ғарыш пен Жердің байланысына негізделген  жыл қайыру мен тарихтағы көп қатенің бірі – григориан күнтізбесін бір-бірімен шатастырмасақ екен. Соған сай жыл қайыруды дүмбілездетіп қаңтардан бастамай, наурыздан бастағанымыз жөн. Өйткені халқымыздың шаруашылық тәжірибесі де, тарихы да осыған негізделген. Әрі-беріден соң Наурыздың сәні де жыл басы болуында емес пе? Ендеше, жыл қайыруды қаңтардан бастап, халықтың санасын шатастырғанды қою керек.

Бейтарап пікір

Рустам АЛПЫСБАЕВ, шығыстанушы:
– Негізі, қаңтар айындағы мерекені де, наурыз айындағы мерекені де тойлай беруіміз керек. Себебі бұлардың әрқайсысының орны бөлек.  Қаңтар айында жаңа жыл әлем бойынша тойланады. Біз бұдан жырылып, бөлек кете алмаймыз. Бұл – әлемдік дәрежеде болатын нәрсе. Халықаралық дәрежеде қарым-қатынастар жүргізіп отырғандықтан, өз бетімізше басқа нәрсе істеп кете алмаймыз. Жаһандану процесіне қатысу үшін бөлінгеннен гөрі, халықаралық нәрселерді сақтай берген дұрыс. Сондай-ақ өзіміздің ұлттық Наурыз мерекесін де өз уақытында, өз дәрежесінде салт-дәстүр, ұлттық әдет-ғұрыптарымызды еске түсіріп, ұлттық жаңа жыл ретінде тойлай беруіміз керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста