ЖОО студенттеріне бірыңғай киім үлгісін енгізу дұрыс па?

ЖОО студенттеріне бірыңғай киім үлгісін енгізу дұрыс па?

Биылғы оқу жылының басында бірқатар оқу орындары студенттеріне киімге қатысты талап қойып, кейін бұл талапты ескермеген кейбір студенттерін оқу ғимаратының табалдырығынан аттатпай қойды. Себебі баз бір студенттердің киімі университеттің ішкі тәртібіне сай емес көрінеді. Мәселен, красовка, спорттық киім мен шорты, қысқа юбка киген студенттер дәрістерге кіргізілмеуі керек. Әрине, бұл тыйым өз кезегінде студенттердің де наразылығын туғызды. Осы орайда «әзірге кейбір университеттердің ғана ішкі тәртібі саналып отырған студенттердің киіну мәдениетін жалпыға ортақ ету керек пе? Жоғары оқу орындарының студенттеріне бірыңғай киім үлгісін енгізу қажет емес пе?» деген сауалдарды ЖОО басшы­ларының назарына ұсынып көрген едік.

Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры:
Иә

– Өз басым бұл ұсынысты қуана құп­тай­мын. Жоғары оқу орны – студент­тердің оқу ордасы ғана емес, тәрбие оша­­ғы. Студенттердің бірыңғай киім үлгісі өзінің мәдениеттілігін танытып қа­на қоймай, оқу ордасына, ұстаздарына де­ген құр­меті­нің белгісі саналады. Сон­дықтан оқу ордасындағы студенттер бі­­лі­­мі­мен ғана емес, киім кию мәде­ниеті­мен де ерек­шеленіп тұруы керек. Осы орайда өзім басқарып отырған оқу ордасының сту­денттері де осы талапқа сай болып киін­генін қалар едім. Мәсе­лен, біз шорты, майка мен жалаң ая­ғына кра­совка, кеды кие салып келген сту­дент­терді оқу ордасына кіргіз­бей­міз.
Әрине, жастар өзінше әлем-жәлем киінгісі келетін шығар. Бірақ олар, ең алдымен, өзі білім алып отырған оқу ордасының ішкі тәртібіне бағынуы тиіс.
Бүгінде біздің студенттеріміздің бар­лығы университеттің бұл ішкі тәртібіне ба­ғынған және бұл бастаманы қолдайды. Сондықтан бүгінде бірен-саран универ­ситет қана емес, еліміздегі жаппай жоғары оқу орындары студенттерінің барлығына бірдей бірыңғай киім үлгісі енгізілсе дұрыс болар еді. Тіпті әр университет оны өз­дерінің имиджіне сай қалыптастыра алса, тіпті жақсы. Өйткені студенттің киімі­не қарап, оның қай университеттің студенті екенін танып алуға да мүмкіндік болар еді. Егер жастар соңғы үлгіге сай әлем-жәлем киінгісі келсе, олай киініп баратын басқа жерлер де жетерлік деп санаймын.
Біз сөз етіп отырған жайт, негізі, бұрын­нан тәжірибеде бар нәрсе. Мәселен, ба­тыс­тың кейбір оқу орындары өз студент­тері­нің киім үлгісін қалыптастыра алған. Олардағы студент киімі тіпті әр жоғары оқу орнының бренді секілді қалыптасқан. Біз де студенттердің киім үлгісін осындай дәрежеге жеткізе алсақ, керемет болар еді. Бір жағынан, бұл студенттер арасындағы тең­сіздікті де жояр еді. Әйтпесе универ­ситетке сән үлгісін көрсетуге келгендей киініп келетін, білімімен емес, киіп жүрген киімімен өзара бәсекеге түсетін студенттер де баршылық. Ал студент оқу ордасында сапалы білім алып, білікті маман болып шығуды ғана ойлауы керек. Осы орайда жоғары оқу орны студенттеріне бірыңғай киім үлгісін енгізу арқылы біз студенттер арасындағы теңсіздікті жоюға мүмкіндік алар едік. Осыған байланысты Чеховтың «адамның ішкі жан дүниесі де, тәні де, үс­тіне киген киімі де, ақыл ойы да сұлу болуы керек» деген сөзі де бар. Енде­ше, жоғары білім алып жатқан жастарымыз неге барлық жағынан тартымды көрін­беске?!
Осы орайда бұл ережені ЖОО студент­теріне ғана емес, колледж студенттеріне де енгізу артықтық етпес еді. Өйткені білім алу ошақтарының шәкірттері ешқандай тең­сіздікті сезінбей, тек білім алуды ғана ой­лауы тиіс. Негізі, жалпы студенттерге тән киімге қатысты осындай бір тыйым ен­гізбесек, бүгінде студенттер ойына келгенін киіп, қалағанын иығына іліп бетімен кетіп бара жатыр.

Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ, Қарағанды «Болашақ» университетінің ректоры, заң ғылымының докторы, профессор:
Жоқ

– Жоқ, бұл дұрыс емес. Өз басым бұл ұсынысты құптамаймын. Онсыз да олар 11 жыл бойына мектепте бірыңғай мек­теп формасымен жүреді. Енді кәме­леттік жасқа толған соң тағы да олардың не киіп жүргенін қадағалап, бірыңғай киім үлгісін кигізуге тырысудың қажеті жоқ. Бұл сөзсіз студенттердің де нара­зылығын тудырады. Олар инкубатор секілді бірдей болып жүргісі келмейді. Ендеше, олар қаламаған нәрсені тық­палай берудің қажеті жоқ. Студенттердің сапалы білім алуы киіміне тіреліп тұрған жоқ деп санаймын. Білім алғысы келген студент ешкімнің киіміне қарамастан, университет қабырғасында сапалы білім алуға тырысады. Адам болғаннан кейін әртүрлі киініп, соңғы үлгіге сай әдемі болып жүргісі келеді. Ал біз оларға неге шектеу қоюымыз керек?
Осы орайда жастар жасына сай қалағанын кигені дұрыс деп ойлаймын.
Рас, батыста кейбір оқу орындары студенттерінің өз киім үлгілері қалып­тасқан. Бірақ олардағы жағдайды бізбен салыстыруға келмейді. Ертеңгі күні жо­ғары оқу орындарына бірыңғай киім үлгісін енгізгенімізбен, оны алуға бірінің жағдайы жетіп, ал кейбіреуінің мүлдем жағдайы жетпеуі де мүмкін. Оның үстіне аптаның алты күнінде бір киіммен жүру студенттерге де қолайсыздық әкеледі. Осы орайда жоғары оқу орындарында бірыңғай киім кию дұрыс емес деп ойлаймын.
Жоғары оқу орны – мектеп емес, онда кәмелеттік жасқа толған, ақыл-ой санасы қалыптасқан жастар білім алады. Мұндай шектеулер арқылы біз жастардың ер­кіндігіне қол сұғамыз. Оларды шектемей, керісінше, еркін жүріп тұруға, ойлауға, өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуіміз керек. Себебі көп тыйым сала берсек, жастарымыз жасық болып өсуі мүмкін. Сондықтан жоғары оқу орындары сту­денттеріне арналған бірыңғай киім үлгісін енгізудің мүлдем қажеті жоқ.

Бейтарап пікір
Фарида МЕРХАМИТҚЫЗЫ,
«Еркенұр» сән үйінің директоры, модельер:
– Бұл мені көптен бері ойландырып жүрген нәрсе еді. Сондықтан студенттерге сай жинақы, классикалық үлгідегі кейбір эскиздерді сызып та қойғанмын. Жақында оны кейбір оқу орындары басшыларының назарына ұсыну туралы ойым бар. Мен студенттер киімі ашық-шашық, тым әлем-жәлем болмағаны дұрыс деп санаймын. Және студенттерге арналған киім бағасын қолжетімді етіп жасау туралы да ойланып жүрмін. Өйткені әншейінде оқытушылардан артық киініп, соңғы сән үлгісінен қалмауды қалайтын студенттер ертеңгі күні арнайы жасалған студент формасы бағасының қымбаттығын сылтауратып, жаңа киім үлгісіне наразылық тудыруы да әбден мүмкін. Осының бәрін ескере отырып, студенттерге арналған киім үлгісінің барлық жағынан сай болуын ойластырудамыз. Айта кетер жайт – студенттерге арналған киім үлгісін тым ашық-шашық етпей, заманға сай сән үлгісімен түрлендіріп отыруға да болады. Сондықтан бұл ұсыныстан шошып, бірыңғай киім үлгісі тым жұтаң, бәрі бір қалыптан шыққандай, жастарды жалықтырарлықтай болады деген ой туындамауы керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста