Жоғары жалақы білім сапасының көрсеткіші бола ала ма?

Жоғары жалақы білім сапасының көрсеткіші бола ала ма?

Газетіміздің кешегі санында Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын талқылау бойынша өткен кеңес жұмысы жайында жазған едік. Сол жиында ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев: «Жоғары категориялы мұғалімдердің жалақысы орташа республикалық деңгейден жоғары болады», – деп мәлімдеген болатын. Осылайша еліміздің бас мұғалімі білім беру сапасының артуына ықпал етпекші екен. Министрдің айтуынша, педагог мамандығы мәртебесінің төмендігіне, жалпы, білім беру сапасының әлсіздігіне еңбекақының аздығы кері әсерін тигізіп отыр. Алайда мәселені тек жалақыны көтерумен шешуге бола ма? Мүмкін, қажетті қаржыны алдымен білім мекемелерінің оқу-әдістемелік және техникалық базасын жетілдіріп, сапасыз оқулықтар мәселесін шешуге жұмсау қажет шығар? Жалпы, жоғары жалақы білім сапасының көрсеткіші бола ала ма? Білетіндер не дейді екен?

askar-jumadildaev-ia

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, академик:

Иә
– Дүниеде мен білетін екі ұлы кәсіп бар. Оның бірі адам емдеу болса, екіншісі – бала оқыту. Осы екі кәсіптің жағдайына қарап, елдің деңгейін анықтауға болады. Сол себепті де ұстаздардың жалақысын көтеруге талпыныс жасап отырғанымыз – құптарлық әрекет. Жалпы, мұғалімнің беделі мен ақшасын көтеруді баяғыда-ақ қолға алуымыз керек еді. Бірақ әлі де кеш емес. Қажет болатын болса, мұғалімдердің жалақысы орта деңгейден сәл жоғары емес, тіпті жоғары болса, артық етпейді. Бұлай істеуге мемлекеттің де шамасы келеді. Әйтсе де педагог мамандардың жалақысы бірдей деңгейде болмауы керек. Себебі тәжірибелі ғалым, білікті ұстаз қатардағы маманнан артық бағаланғаны жөн.

Қазір бізде ғылым кандидаттары мен неше түрлі доктор, профессор қаптап кетті. Мұны адамдардың ғылымға көптеп тартылуы деп түсіну – қате. Бұл – біздегі ғылыми атақ алу мен білімді игерудің ойыншыққа айнала бастағанының көрсеткіші. Тағы бір ескеретін жайт, бүгінде педагогикалық білім алғандардың басым көпшілігі мектептерге жұмысқа сұрана бермейді. Өйткені орта білім беретін мекемелердің ұстаздарға беретін жалақысы мардымсыз. Сондықтан да мықты мамандар ақшалы жерлерге жоғары оқу орындарына немесе жекеменшік университеттер мен мектептерге жұмысқа тұруға ұмтылады. Әйтсе де бізге, ең бастысы, білім-ғылымды меңгеру жүйесін қалыпқа келтіруіміз қажет. Мысалы, шетелдерде оқуға түсу оңай болғанымен, оны бітіріп, диплом алып шығу оңай емес. Мұның әсіресе математика, физика сияқты ғылымдарға қатысы көп. Сонымен қатар кейбір шет мемлекеттерде педагогтар жоғары жалақы алады және соған сай жұмыс істейді. Бір жақсысы, басқа да көптеген елдерде мұғалім мемлекеттік қызметкер болып саналады. Ал бізде ұстаздар қауымында ондай статус жоқ. Бізде әкімшілік басқару қызметіндегі шенеуніктер ғана мемлекеттік қызметкер деп есептеледі. Қазіргі Қазақстанның жағдайында жалпы ұстаздардың статусын, оларға тиесілі басқа да жеңілдіктерді лайықты деңгейге көтеру керек. Бір өкініштісі, елімізде ресми статистика бойынша коррупцияға ең жақыны – білім беру саласының қызметкерлері екен. Алайда өз басым бұл деректерді онша құптай алмаймын. Әрине, жалақының және өзге де әлеуметтік жағдайлардың төмендігі кері әсер ететін шығар, бірақ мәселе басқада. Осындай ең адал кәсіпті бұлайша қаралап, оның беделін теріс статистика арқылы төмендетіп көрсетуі – жоғарыда отырғандардың өздеріне сын. Сондықтан әр нәрсені әріден бастап ойлау қажет. Біз ылғи да күбіні суға толтыруға талпынамыз. Бірақ күбінің түбі тесік екенін аңғармаймыз. Алдымен, сол күбіні жамап алу керек...

erulan-esentaiuly-2

Ерұлан ЖИЕНБАЕВ, М.Ганди атындағы №92 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің директоры:

Жоқ
– Мұғалімдердің жалақысын бәленше пайызға өсіру, педагогтерді категориясына қарай бөлу, оларды тәжірибеден өткізу дегеннің бәрі – тек қана ағымдағы реформа, үйреншікті ұсыныс қана. Мен педагог ретінде мына нәрсеге назар аудартқым келеді. Мысалы, кез келген салада «қажетті» және «жеткілікті» деген екі шартты іс болады. Сол сияқты мына реформалардың бәрі қажетті нәрселерге жатады, бірақ жеткілікті емес. Демек, жоғары жалақы тағайындау арқылы білім сапасының көрсеткішін арттырып ала жөнелеміз деуіміз қисынсыз болады.
Қажетті нәрсені жеткілікті жағдайға жеткізу үшін қыруар жұмыстар атқарылуы тиіс.

Қарап отырсақ, қазіргі уақытта біздегі білім беру ісі Батыстың үлгісіне көбірек иек артып келеді. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының өзі өзгелердің тәжірибесінің жиынтық негізінде жасалуда. Меніңше, бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт болып қалыптасу үшін біз өзіміздің дербес, ұлттық білім беру моделімізді жасауымыз керек. Егер білім саласында дербес мемлекет ретінде біздің төл жүйеміз жұмыс істейтін болса, онда біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктеріміз бен потенциалымызды айқындай түсуге мүмкіндік алар едік. Мен көптеген шетелдерде болдым. Сонда байқағаным, біреулер мақтап жүрген еуропалық білім соншалықты терең әрі жан-жақты емес. Оған қарағанда, біздегі білім жетілдіру жағы анағұрлым жоғары. Бұл жерде қазақтың дүниетанымы, рухани күш-жігері өте ерекше екенін айтпай кетпеске болмас. Тек осындай артықшылықтарымызды толыққанды дамыта алатындай өзіндік жүйе қалыптастыру керек. Сол үшін де барлық қаржылық потенциалды білім деңгейін көтеруге қызмет ететін негіз орнатуға жұмсау қажет. Сонда ғана білім сапасын арттыруға мүмкіндіктер ашылып, қазақ баласы сырттан білім іздеп сабылмайтын болады. Сонда ғана мұғалімдер жоғары жалақы алып, лайықты құрметке ие бола алады.

Түйін
Қазіргі уақытта білім арқылы ғана өзгелермен бәсекеге түсе алатынымызды анық сезіп отырмыз. Бірақ сол білім көзін ашып беретін мектеп мұғалімдерінің алатын жалақысы әлі күнге дейін төмен деңгейде. Аз ғана ақшаға бала оқытатын білікті ұстаздардың жайын неге кештеу қолға алып отырмыз? Бүгінде орта мектептерде нағыз білімді ұстаздарға зәрулік туып отыр. Ал мұғалімдердің жалақысын көтеру арқылы сол олқылықтардың орнын аз да болса толтыруға болатындай. Оның үстіне жоғары жалақы алып отырған мұғалімге жоғары талаптар да қоюға болатындай. Бірақ бұл тығырықтан шығудың жолы емес. Бұл жерде ұстаздың әлеуеті артқанымен, білім сапасы сол күйінде қалып қоятындай қауіп бар. Мемлекет, егер артық ақшасы болса, онысын бірден жалақыны өсіруге жұмсамай, білім сапасының артуын қамтамасыз ететін жүйеге жұмсағаны дұрыс болар еді. Тіпті екеуін қатар алып жүрсе, артық болмас еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста