Жеке тұлғаларға жұмыс істейтін мигранттарды легализациялау керек пе?

Жеке тұлғаларға жұмыс істейтін мигранттарды легализациялау керек пе?

Таяуда Мәжілісте «Еңбек миграциясы мәселелері жөніндегі ҚР-ның бірқатар заңнамалық актілеріне түзетулер мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Онда жеке тұлғаларға жұмыс істейтін мигранттардың  жаңа категориясын құрайтын норма қарастырылған екен. Заң жобасындағы ұсынысқа сәйкес, мигрант өзіне патент тіркетуі тиіс. Патенттеуге жататын қызмет түрлеріне бала күтімі, күрделі жөндеу,  шаруашылық жұмыстарын жүр­гізу, құрылыс тағы басқасы жатады. Осы қыз­мет түрлері бойынша патенті бар сырттан елі­мі­зге жұмыс іздеп келуші жеке тұлғамен еңбек шар­тын жасасуы тиіс, сөйтіп, қызмет көрсеткен мер­зіміне байланысты ай сайын екі айлық есеп­т­ік көрсет­кіш (3236 теңге)  көлемінде мем­лекетке салық төлеуі керек. «Бұл, бір жа­ғы­нан, еліміздегі еңбек мигранттарының са­нын анықтауға атсалысатын игі шара бо­лар еді» дейді заң жобасын жасау­шы­лар. Жалпы, бізде жеке тұлғаларға жұ­мыс істейтін мигранттар­ды легализациялау керек пе?


Камал Бұрханов, Мәжіліс депутаты:
иә
– Елімізде болып жатқан бар­лық процесс заңдастырылуы керек. Се­бебі біз зайырлы әрі құқық­­тық мем­лекетпіз. Осы жа­ғы­нан ал­ған­да, мигранттарды заңдастыру ту­ра­лы ұсынысты құп көремін. Бұл заң­­намалық шара еліміздің жария­лы­лығын ай­қын­дауда, көші-қон бо­йынша кө­лең­келі іс-қимылға бел­гілі бір дең­гейде тыйым салуда, бюд­жет­ке қосымша ақшаның тү­суі­не ық­пал етуде үлкен рөл атқа­ра­ды.
Бәрінен бұрын оның қауіп­сіз­дік тұр­ғысында маңызы зор деп бі­ле­мін. Бізге келіп-кетіп жатқан­дар­дың мақсат-мүддесі қандай? 
Осы сауалдарға көбіне, өкінішке қарай, нақты жауап ала алмаймыз.
Ал егер мигрант нақты бір іспен шұ­ғыл­данып, оны патент алу арқылы заң­дас­тыр­са, оның нәпақа табуды мақсат ететінін біліп отырасыз. Әрі оны қада­ғалай аласыз. Белгілі бір мерзімге патенті болғандықтан, оны ешкім қудалап, ма­за­ламайды. Арада­ғы делдалдарға еңбегі жем болмайды. Білігі мықты маман болса, жергіліктілермен тең дәре­жеде жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Есесіне, олар бюджетке ай сайын салық төлеп отырады. Яғни бұл арада екі тараптың да мүддесі ескерілген.
Осы күнге дейін елімізде гастер­бай­терлердің қызметін заңдастыратын заң бол­мады. Сол себепті бізге жұмыс іздеп кел­гендер өзінің басты мақсатын жасы­рып, «демалуға немесе туысқаныма қо­нақ­қа келіп едім» деуге мәжбүр бол­ған. Ал жұмыс істеп жүрген кезеңінде құқық құрылымы қызметкерлерінен қашып-пысуына тура келеді. Өйт­кені олар елімізде заңсыз жүр. Осы ұрымтал тұсты тиімді пайдаланған жұмыс берушілер, көбіне олар­дың еңбегін қанайды. Ал құ­қық­тық мемлекет­те мұндай бас­сыз­дыққа жол бе­ріл­меуі тиіс. Сон­дықтан аталған мә­селе ше­шімінде үлкен рөл ат­қа­ратын мұндай ұсыныс заңда міндетті түр­де көрініс табуы керек деп ойлай­мын.


Владислав Косарев, Мәжіліс депутаты:
жоқ
– Мен  жеке тұлғаларға жұмыс іс­­тейтін мигранттарды патенттеу ар­­­қылы заңдастыру туралы ұсы­ныс­ты қолдамаймын. Тіпті «патент алып, мигрант ай сайын салық тө­лесе, мұндағы жылдық табысымыз 38 млрд теңге болады» деп есептеп те қойыпты. Бұл сұмдық қой.
Мем­ле­кет сыртқы бос еңбек күшін экономиканы, соның ішінде бел­гілі бір салаларды, мәселен, тұр­ғын үй, жол құрылысы деген­дер­­ді да­мыту үшін пайдалануы керек. Сол секілді мемлекетаралық дос­тық қарым-қатынасты нығайту­да да оның рөлі маңызды. Алайда аталған заң жобасынан еңбек миг­рант­тарына деген менсінбеуші­лік­тің иісі аңқып тұр. Сондықтан мен оны қол­дамаймын.
Еуропаны алып қараңыз, мұндағы еңбек нарығының басым бөлігін бұрынғы Югославия мемлекеттерінен, араб елдерінен келгендер құрайды. Оларға жеке-дара заң қарастырылмаған. Уа­қытша, тіпті тұ­рақты азаматтық алған олар жергіліктілермен теңдей құқық­қа ие. Осы жа­ғы­нан алғанда, бұл арада «бүйректен сирақ шығару­дың» керегі жоқ. Өр­кениетті ел­дер­дің тәжірибесіне қа­рай іс-қимыл жасауымыз керек. Миг­ранттар уақытша азаматты­ғын айқындайтын төлқұжат алсын, сонда көрсетілген мерзімге дейін емін-еркін жұмысын іс­тей берсін.
Елбасымыз «қағазбасты­лықты азайту керек» деп жатыр. Өйт­кені ол – сыбайлас жемқорлықты үдетуші фактор. Де­мек, патент деген де сырт­тан жұмыс іздеп келушілерден пара алатын тетіктің біріне айналуы әбден мүм­кін. Одан кейін 2-3 айға еңбек келісім­шарты жасалсын дейді, кім қазір осындай мерзімге келісім­шарт жасайды? Ешкім. Мұның бәрі, айна­лып келгенде, елімізге келуші арзан жұ­мыс­шы күші санын күрт қысқартып жіберуі ықтимал. Қазір еңбек нарығында арзан жұмысшы күшіне деген сұраныс артып тұр. Өйткені елімізде кө­лем­ді деңгейде тұрғын-үй, жол құрылысы және тағы басқасы жүр­гізіліп жатыр. Егер мемлекет мигранттар қызметін керек етеді екен, онда екі тарап­тың да ыңғайына қарай шешім қабылда­ғаны дұрыс деп ойлаймын.

Бейтарап пікір
Әлия Ілиясова, еңбек миграциясы бойынша маман:
– Еңбек мигранттары жергілікті жұмысшыларға бәсекелестік танытпайды. Өйткені олар көбіне қазақстандықтардың аяқ басқысы келмейтін, қара күшті талап ететін салаларында жұмыс істейді. Мәселен, базарда, құрылыста, мақта мен темекі терімі және басқа да ауыл шаруашылығына байланысты жұмыстарда. Осы жағынан алғанда, еңбек мигранттары Қазақстан экономикасы үшін ауадай қажет. Сондықтан олардың елге келу процесін күрделілендірмеу керек. Сөйтсек, ел экономикасы кәдімгідей шығынға батады. Керісінше, олардың еңбегін заңдастырған әлдеқайда тиімді болады, онда да олардың еңбек ету құқығын қазақстандықтардікіне теңестіру жағына басымдық берілсе деймін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста