Жатақхана бағасын студенттердің оқу үлгеріміне қарай белгілеу керек пе?

Жатақхана бағасын студенттердің оқу үлгеріміне қарай белгілеу керек пе?

Ресейдің білім және ғылым министрі жатақхана бағасын студенттердің оқу үлгеріміне қарай белгілеу туралы ұсыныс айтып отыр. Бұл өзгеріс студенттердің оқу үлгеріміне жақсы жағынан әсер етеді деп күтілуде. Еліміздегі бірқатар мамандар көрші елдегі бұл ұсынысты Қазақстанда да қолданып көру жайлы айтуда. Жатақхана бағасын студенттердің оқу үлгеріміне қарай белгілеу студенттердің біліміне қаншалықты әсер етеді? Тақырыпты мамандар талқысына салып көрген едік...


Әлима СҚАҒИҚЫЗЫ, филология ғылымының кандидаты, доцент, Д.Қонаев атындағы университеттің оқытушысы:
иә
– Жатақхана бағасын студенттердің оқу үлгеріміне қарай белгілеуді мен қол­дар едім. Өйткені студенттерді ынта­лан­дыру мақсатында бұл өзгеріс тиімді нәти­же береді деп ойлаймын. Мәселен, бабы келіссе де, бағы шаппай, грант ие­лене алмаған, бірақ бүгінде ақылы не­гізде білім алып жатқан жастар жетерлік. Олар оқу ақысына 300-400 мың төле­гені аз­дай, жатақхана бағасына да же­ңілдіктер ала алмайды. Грант иелене ал­маған екен, ең болмаса одан кейінгі уақыттағы оқу үлгерімін ескере отырып, жа­тақхана баға­сына неге жеңілдіктер қарастыр­масқа?! Жақсы оқыған бала­ның еңбегі қашан да ескерілуі керек қой. Әртүрлі жолдармен оларды ынта­ландырып отыру одан әрі олардың өз мүм­кіндігін көрсетуіне жол ашар еді.Мен де бірнеше оқу орнында оқытушы бо­лып істеймін. 
Студенттердің бүкіл жағ­дайы, оқу үлгерімі көз алдымда өтіп жа­тыр. Кейбір жекеменшік оқу орындары­ның оқу ақы­сы ғана емес, жатақханасы­ның да баға­сы ұшып тұр. Жатақханаға жыл сайын жөн­деу жүргізе бермейді. Ен­де­ше, жа­тақ­хана бағасын қымбаттата берудің қа­жеті қанша? Осы ор­айда айта кетер жайт, кейде студент­тер­ге жатақ­хана жетіспейді деп жатамыз. Ал кейбір студенттік жатақ­ханаларға сол оқу орнына үш қай­наса сорпасы қо­сыл­май­тын жанұялар қоныс­танып алған. Ал сол оқу орнының сту­дент­тері жатақ­хана жетіспеді деп, ар­занын іздеп, жер­дің тү­бі­нен пәтер жал­дап, оқу орнына әзер қа­ты­нап жүре­ді. Сондықтан оқу үл­ге­рімі жақ­сы сту­дент­терге жатақхана бөлу ке­зін­де де ба­сым­дықтар беру ке­рек. Жақ­сы оқитын сту­дент ешқашанда далада қал­мауы ке­рек. Ең болмаса грант иеле­не ал­маса да, бі­лім алу ке­зіндегі олардың оқу үлге­рі­мі­нің еске­рілуі студенттерді ын­та­лан­ды­ра­тынына се­не­мін. Мүмкін бол­са бар­лық студент жа­тақ­ханамен қам­та­ма­сыз етілуі керек. Ал студенттерге то­лық жа­тақхана жетпейтін қазіргі за­ман­да ол­ар­дың оқу үлгерімін ескере оты­рып, жа­тақ­хана бөлу, жатақ­хана ба­ға­сына жеңіл­дік­тер қарас­тыру өте ма­ңызды деп білемін.
Қазір жастардың білім алуы өте қиын болып кетті. Бәрін бірдей грантпен қам­та­масыз ету мүмкін емес. Ал оқу ақысы өте қымбат. Жастар «әйтеуір, қайтсем де бі­лім ал­сам екен» деген жанкештілікпен білім алып жатыр. Егер осындай жолдар­мен ол­ар­дың оқу үлгеріміне мән беріп отырғаны­мызды оларға сездірсек, ең бол­маса, бі­лім алуға деген еңбектерінің ескерілгені оларды қуантар еді. Осы ор­ай­да мен жа­тақ­хана ба­ғасын студент­тер­дің оқу үлге­ріміне қарай белгілеуді қолдар едім.


Қабиболла ЖАҚЫПОВ, Мәжіліс депутаты:
жоқ
– Жоқ, мен бұл ұсынысты қолдай ал­маймын. Онсыз да мемлекет тара­пынан бөлінген грант талапкерлердің бәріне бірдей жете бермейді. Амалсыз талапкерлердің қалған бөлігі ақылы негізде білім алуға мәжбүр. Енді грант бөлу кезінде оларды біліміне қарай ірік­тегеніміз аздай, тағы да оқу үлгері­міне қарай жатақхана беру кезінде де ала­ласақ не болғаны?! Студенттерді үнемі алалай беру оларға да психо­логиялық тұрғыдан әсер етеді. Ең бол­маса, жатақ­хана бағасы студент­тердің барлығына бірдей ортақ бағада болуы керек. Осы тұрғыдан келгенде, жатақ­хана бағасы­ның студенттердің оқу үлгеріміне қарай белгіленуіне қарсы­мын.  Онсыз да қазір жақсы оқитындар шәкіртақы алу ке­зінде басымдықтарға ие болады.
Мәселен, өте жақсы оқып, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, уни­верситетте өтетін сайыстарда бой көр­се­тіп жүрген, барлық жағынан үлгілі шә­кірт­тер Президенттік шәкіртақыға ие болса, тек қана «5»-пен оқитындар, грант­қа ие болғандар белгілі бір дәре­жеде жоғары шәкіртақы алады, ал грант ұтып алғандардың тағы бір бөлігі стан­дартты белгіленген шәкіртақы алып жүр. Біз жақсы оқитындардың өзін қазір бір­неше бөлікке бөліп, осылай алалап шә­кірт­ақы беріп отырмыз. Енді жатақхана бағасына қатысты да осындай алалау енгізу дұрыс емес секілді. Негізі, еліміз­дегі барлық студент – мемлекетіміздің болашағы, еліміздің ертеңі. «Ұлым дей­тін ел болмаса, елім дейтін ұл қайдан бо­ла­ды?» Сондықтан мемлекет мүмкін­ді­гін­ше алаламай, оларға бірдей жағдай жаса­са, олар да елі үшін аянбай еңбек етіп, қыз­мет етуге тырысар еді. Сондық­тан грант бөлу кезінде оларды біліміне қарай бөл­геніміз жетеді. Ең болмаса одан кейінгі уақытта оларға деген мем­ле­кеттің қам­қорлығы бәріне бірдей болуы керек деп санаймын.
Негізі, баланың ерекшелігі әрқилы. Біреулердің белгілі бір пәндерден сабақ үлгерімі төмен болғанымен, енді бір пән­дер бойынша жоғары нәтиже көрсе­туі мүмкін. Ал сен бәрін «5»-ке оқымадың деп, оларды алалау, ең аяғы жатақхана бөлу кезінде де жақсы оқығандарына ға­на басымдықтар беру дұрыс емес. Бүй­те берсек, бірқатар студенттеріміз бір күні жатақханасыз далада қалуы мүмкін. Сондықтан мен жоғарыдағы ұсынысты қолдай алмаймын. Мүмкін болса, бар­лық балаға мемлекеттің қамқорлығын көрсете білгенге не жетсін.
                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Түйін
Рахман АЛШАНОВ, Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, «Тұран» университетінің ректоры:
– Бірлі-жарым оқу орындары университеттердің ішкі тәртібіне сәйкес осындай өзгеріс енгізулеріне болатын шығар. Ал еліміздегі жоғары оқу орындарына жалпылама мұндай өзгеріс енгізу дұрыс емес сияқты. Негізі, жатақхана бағасын студенттердің оқу үлгеріміне қарай белгілеу арқылы жақсы оқитын студенттерді ынталандырып, нашар оқитын студенттерді жазалауға болады. Бірақ мұның бәрі әр университеттің ішкі тәртібімен бекітілмесе, жалпылама енгізетіндей ұтымды ұсыныс емес деп санаймын. Қазіргі таңда еліміздің жоғары оқу орындары жалпы министрліктің шығарған тәртібіне бағынғанымен, өздерінің ішкі ережелерін бекіткен. Мәселен, бір жанұяда бірнеше бала бір оқу орнында ақылы білім алып жатса, олардан белгілі бір құжаттарды талап ете отырып, олардың оқу ақысына пайыздық жеңілдіктер белгілейді. Бұл да болса студенттерді өздеріне тарту, ынталандыру мақсатында жасалып отырған шара деуге болады. Сол секілді кейбір оқу орындарының басшылары ұжымымен келісе отырып, жатақхана бағасын студенттердің оқу үлгеріміне қарай белгілеуіне болатын секілді. Ал арнайы бұйрықпен бекітіп, жаппай барша оқу орнына осылай міндеттеу артық дүние деп санаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста