Жастарды жұмысқа қабылдаудағы «сынақ мерзімі» деген талапты алып тастау керек пе?

Жастарды жұмысқа қабылдаудағы «сынақ мерзімі» деген талапты алып тастау керек пе?

Бүгінгі таңда, еліміздің еңбек қатынастары негізінде азаматтарды жұмысқа қабылдағанда сынақ мерзімін белгілеуге болады. Сынақ мерзімімен жұмысқа қабылданған азаматқа жалақы мөлшерін белгілеу жұмыс берушінің құзіретінде. Алайда, ол Республикада белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен аз болмауы тиіс. Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкердің біліктілігі зерделенеді. Егер талапқа сай болмаса, сынақ мерзімі аяқталғанда қызметкер жұмыстан босатылады. Алайда, сынақ мерзімін пайда табу мақсатында қолданатындар да бар көрінеді. Сондықтан кей мамандар «жастарды жұмысқа қабылдаудағы «сынақ мерзімі» деген талапты алып тастау керек» деген ұсыныс айтуда. Десе де, «бұл жас маманның біліктілігін анықтау үшін қажет, сондықтан «сынақ мерзімі» деген талапты қалдыру керек» –деушілер де бар. Сол себепті, қоғамда екі ұдай пікір тудырған тақырыпты мамандар талқысына салып көрген едік.


ИӘ
Нұрболат АЙЕКЕШОВ, әлеуметтанушы:
–  Меніңше жастарды жұмысқа қабылдаудағы «сынақ мерзімі» деген талапты алып тастау керек деген бастама өте орынды көтерілген. Мен бұған қосыламын. Бүгінгі таңда біздің елде қалыптасып отырған еңбек нарығы – жабайы еңбек нарығы. Өйткені, біздегі жұмыс берушілер үшін ең бастысы – пайда табу. Олар «заң талаптары, жұмысшылардың құқығы» деген түсініктерді кейінгі жаққа ысырып тастайды, тіпті мүлде ескермейді. Олар тексеруден де қорықпайды. «Тексеру келсе, ақша беріп құтыламыз» деп ойлайды. Көп жағдайда солай болып та жатыр. Мұны мойындауымыз керек. Еңбек қатынастарындағы «сынақ мерзімі» деген талап жұмыс берушілерге қол болып тұр. Еңбек қатынастарындағы осындай олқылықты пайдаланып, жастарды сынақ мерзімімен қабылдайды да,  екі-үш ай 17-18 мың жалақы беріп істетіп, мерзім біткен соң «сынақтан өтпедіңіз» деп жұмыстан шығарады да, оның орнына екінші біреуін алады. Оның да еңбек жолы екі-үш айдан кейін сынақ мерзімімен бірге аяқталады. Солай жалғаса береді. Ал мұны заңсыз дей алмайсыз. Өйткені еңбек қатынастарында «сынақ мерзімі» деген талап бар. Құқық қорғау орындарына шағымдансаңыз да ештеңе істей алмайсыз. Бәрі заң шеңберінде. Сондықтан жастарды жұмысқа қабылдауда «сынақ мерзімі» деген талапты мүлдем алып тастау керек. Онсыз арам пиғылды жұмыс берушілердің бассыздығына тосқауыл қою мүмкін емес. Ондай бассыздыққа қарсы тұратын жастардың кәсіподақ ұйымы да жоқ. Сондықтан сынақ мерзімін жойып, оның орнына жұмыс берушілерді қажет болған жағдайда, жас маманды дайындық курстарында қайта оқытуға міндеттеу керек. Егер маманның біліктілігі артса, оның кәсіпорынға берер пайдалы коэфиценті де жоғары болады. Яғни, кәсіпорын одан пайда көреді. Міне, жұмыс беруші сынақ мерзімі арқылы емес, маманның біліктілігін арттыру арқылы пайда табуды ойлауы тиіс. Ал, бізде бәрі керісінше. Сонандай-ақ, кәсіпорын арқылы біліктілігін арттырған маманды белгілі бір мерзімге дейін жұмыстан кетпеуге міндеттеу тетігін де ұмытпау керек. Сонда бұл жұмыс берушіге де, жұмысшыға да тиімді болады.


ЖОҚ
Дәурен БАБАМҰРАТ, «Болашақ» республикалық қозғалысының төрағасы:
– Меніңше, жастарды жұмысқа қабылдаудағы «сынақ мерзімі» деген талапты алып тастаудың қажеті жоқ. «Балық басынан шіриді» демекші, бар пәле оқу орындарынан басталып тұр. Оқуды бітіріп, диплом алған маманның бәрінің біліктілігі талапқа сай емес. Өйткені, бізде дипломды қалай алатыны белгілі. Қызыл диплом алып, өтініш жаза алмайтындар да кезігеді. Студенттердің университет қабырғасының соңғы курстарында өндірістік тәжірибеден қалай өтетіне де әмбеге аян. Сондықтан жұмыс берушінің тәжрибесі жоқ жас маманның біліктілігін тексеру үшін сынақ мерзімін белгілеуі түсінікті. Егер жас маман біліктілігін дәлелдесе, оны кәсіпорын құшақ жая қабылдайы. Дегенмен, екі-үш ай «сынақ мерзімі» деп жұмысқа қабылдап, 15-20 мың көлемінде айлық төлеп, соңынан «талапқа сай келмедіңіз» деп жұмыстан босатып, жастардың құқығын таптайтындар да табылады. Мұндай құбылыспен кәсіподақ ұйымдары күресуі тиіс. Өкінішке қарай, бізде жастардың кәсіподақ ұйымдары да жоқ. Кәсіпорындардағы бар кәсіподақ ұйымдарының қауқары шамалы. Сондықтан жастар жұмысқа тұрарда еңбек келісімшартына мұқият қарауы керек. Егер келісімшарт көңілінен шықпаса, ол өз талаптарын ұсыну тиіс. Ал, ол талаптармен жұмыс беруші келіспесе, онда ондай жұмыстан бас тарту қажет. Конституциялық құқығыңыз бұзылып жатса, еңбек инспекциясына, прокуратураға шағым түсіру керек. Біздегі ең төменгі жалақы мөлшері 20 мыңға да жетпейді. Міне осы арам пиғылды жұмыс берушілерге қол болып отыр. Егер ең төменгі жалақы 35 мың теңге болса, онда жұмыс беруші сынақ мерзімі кезеңіне де 15-20 мың айлық тағайындай алмас еді. Соныдықтан,  менің ойымша, «сынақ мерзімі» деген талапты алып тастамай, оны жұмыстың өзгешелігіне қарай белгілеген жөн. Мысалы, жұк тасушы үшін сынақ мерзімінің қажеті қанша? Ал, бізде сол жұмысқа да сынақ мерзімін белгілейді. Бұл дұрыс емес.

Бейтарап пікір
Мақсат ЖАҚАУ, саясаттанушы, «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары:
– Меніңше, еңбек қатынастарындағы жұмысқа қабылдаудау кезіндегі «сынақ мерзімі» деген талапты мүлдем алып тастауға болмайды. Дегенмен, еңбек кодексіндегі осы талапқа өзгертулер енгізу керек. Онда жұмысқа тұрушылардың да, жұмыс берушілердің де құқықтары ескерілуі тиіс. Мәселен оқу орынын жаңа бітірген жас мамандарды сынақтан өткізу қажет. Ал, еңбек тәжірибесі бар мамандарға сынақ мерзімін белгілеу дұрыс емес. Кейде, 5-6 жыл еңбек өтілі бар мамандарға да Республика бойынша көрсетілген ең төменгі жалақыны тағайындап, сынақ мерзімін белгілейді. Сонан соң, қара жұмысқа қабылданатын адамға да сынақ мерзімін белгілейді. Мұның қажеті қанша екені де түсініксіз. 20 мыңға жетпейтін жалақымен қалай күн көруге болады. Өкінішке қарай, мұны ешкім ескеріп отырған жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста