Жастар саясаты бағдарламасы балабақша мен мектеп балаларын да қамтуы керек пе?

Жастар саясаты бағдарламасы балабақша мен мектеп балаларын да қамтуы керек пе?

Еліміздегі Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы негізгі үш бағыттан тұрады. Соның ең маңыздысы және бірінші кезекте орындалуы тиістісі – жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру. Ал патриоттықтан кейінгі орында жастардың экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық әлеует­терін дамыту; мемлекеттік жастар саясатын институтцио­налдық қамтамасыз ету мақсаты мен міндеті тұр.
Әрине, бұған қарап, мемлекет жастардың жағдайын жасау үшін сол жастарымыз да соған орай патриот болуға, Отанды сүюге бейімделуі қажеттігін пайымдайсың. Осыған байланысты қазірде «Жастар саясаты бағдар­ламасы аясында балабақша мен мектеп балаларын да қамту керек. Осы бағдарламаны місе тұта отырып, бүл­дір­шіндерімізді, жасөспірімдерімізді отансүй­гіштік­ке бесіктен тәрбиелеу бағытын ұстануымыз қажет» дейтін мамандар да баршылық. Біз бүгін осы сауалды жіліктеп беруді арнайы мамандардың ой талқысына салып көрдік.


Санжар БОҚАЕВ, Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы:
иә
– Бұл – өте орынды көтеріліп отырған ұсыныс. Біз үшін нақ қазір жас­тарды отансүйгіштікке тәрбие­леу, мектеп жасындағы балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру өте маңызды. Сондықтан өз басым жастар саясаты мектеп жасындағы балалар мен балабақшадағы сәбилерді де қамтуы керек деп ойлаймын. Мұндай бағытта жұмыс істеуді тәжірибеге енгізген абзал. Мысалы, қазірде біздегі жастар саясаты тек студент қауымының айна­ласында ғана қалып бара жат­қан тәрізді. Студенттердің өзіндік қа­лы­птасқан ақыл-ойы бар болған­дықтан, меніңше, бірінші кезекте жастар саясатын балабақ­шадан енгізген жөн. Қазақта «Баланы бесіктен тәрбиелеу керек» деген жақсы сөз бар.
Егер балабақшадан бастап жастарды патриоттық сезімге баули бастасақ, ол тәрбиенің жемісі ертең бала өскенде оң нәтиже береді.
Жалпы, ғылыми зерттелген әлеуметтік психологияда адам баласының жетілуінің өзі үшке бөлінеді. Ол: бала кездегі өсіп жетілу; жасөспірім кездегі жетілу және егде тартқандағы өсіп жетілу. Міне, осы үш кезеңде адам баласы үш түрлі ойлайды. Бала кездегі ақыл-ой енді ғана өркендеу, өну кезеңі болғандықтан, қай кезде де ба­ла­лық шақтағы тәрбиенің іргетасы мықты болуы керек. Бұған байланыстыра айтар бол­сам, егер біз жастар саясаты болашақта өзін­дік межеде нәтиже берсін десек, осы бастан балабақша мен мектепке бұл сая­саттың негізін енгізу керек. Әрине, қазірде мектеп қабырғаларында «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымдары бар. Бұл ұйымдар мек­т­еп­тегі балаларды елін, жерін сүюге, ел мақтанышына айналар белсенді азамат болып қалыптасуына үндеу мақсатында құрылған-ды. Дегенмен бұл ұйымдардың әлеуметі мықты, аясы кең болғанмен, әлі күнге толыққанды жұмыс істей алып жат­қан жоқ. Бұл ұйымдардың балаларды отан­­сүйгіштікке тәрбиелеудегі жұмыстары­ның бағыты мектепте белгілі бір жиындар өткізумен, сосын сол жиын аясында бала­ларды ұйымға мүшелікке алумен ғана шек­теліп жүр. Ал тәрбие мәнін одан әрі жетіл­діріп, түрлі патриоттыққа баулитын, идео­логияны өсіретін жалпы бала сана­сына жауапкершілік жүктейтін шаралар өт­кізу мөлшері аздық етеді. Мектеп жа­сында немесе балабақшада балаларды отан­сүйгіштікке тәрбиелеуді тек қана мұға­лім­нің немесе тәрбиешінің мойнына ар­тып қоймай, бұған бір мемлекеттік тұрғыда саясат қалыптастырған жөн. Сондықтан кел­е­шекте мемлекеттік жастар саясатының аясында осы мәселелерді қарастыру керек. Мұны қолдаған абзал. Сондықтан осы ой­лар­ды айта келе өз басым «жастар саясаты бағ­дарламасы балабақша мен мектеп ба­ла­ларын қамтуы керек» деген пікірді қол­дай­мын. Балалар еліміздің басты капи­тал­дарының бірі. Сондықтан осы саясатты ұста­на отырып, оларды әлеуметтік, эконо­ми­к­алық, патриоттық тұрғыдан қамту біздің үнемі ұстанымымыз болуы тиіс деп ойлаймын.


Дос КӨШІМ, саясаттанушы:
жоқ
– Мен нақ осыны мүлде қолдамаймын. Жастар саясаты дегенді жалпы мемлекеттік саясаттан бөліп алып қараудың өзіне қарсымын. Өз басым мемлекеттің жал­пыхалықтық бұқараны қамтитын бір ғана саясаты болуы керек деген ойдамын. Соның аясында жастарды да, жалпы халықты да қамтуға тиіспіз. Ал енді келіп жастар саясатын бөлек қарастырып, оны апарып балабақша мен мектепке енгізуді қисынсыз санаймын. Біздің балалары­мыздың басына әртүрлі нәрсені апарып тықпалап, оны эксперимент жүзінде пайдаланып көруді қолдамаймын. Жастар саясаты жастарды баспанамен қамтып, материалдық қолдау көрсететін, сол ар­қылы жастардың қоғамнан ойып тұрып орын алуына мұрындық болатын бағдар­лама болса, мен қос қолдап тұрып қолдар едім.
Өкінішке қарай, біз жастар саясатының аясында «Жас ұлан», «Жас қыран» тәрізді ұйым­дар құрып, түрлі шаралар өткізуден әрі аса алмай жүрміз. Жастар саясаты бағ­дар­ламасы аясында жастарымыздың бас­па­на­мен қамтылуы; жұмысқа орналасуы; ма­териалдық жағдайын түзеуі іспетті ма­ңы­зды әлеуметтік шаралардың көрсеткіші жоқтың қасы. Бұған байланысты айтарым, біз «Жас ұлан», «Жас қыран» тәрізді ұйым­дар­ды мек­теп жасындағы балаларға тәлім-тәрбие беру аясында құрдық. Бұл ұйым­дар кезіндегі кеңестік идеологияны аңс­аудың сарқыншағы іспетті балаларды өзі­не мүше етіп, ант қа­был­датудан әрі аса алмай жүр. Ал сол жастар саясаты бағдар­ла­ма­сы аясында жастарды жатақханамен қамту, баспана беру, жоғары оқу орнын бітірген жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі қарастырылған болса, оның айналасына жастардың өзі-ақ барып жиналар еді. Бірінші кезекте біз үшін нақ қазір осы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешіп алған жөн деп ойлаймын. Балалар­ды тәрбиелеуге, оқытуға жетіспей жатқан бала­бақ­ша мен мектептердің санын толықтыру қажет деген ойдамын. Алдымен қандай да бір тәрбие беру үшін ол тәрбиені алуға қабі­летті жағдай жасағанымыз жөн. Ал өзіңіз ойлаңызшы, баланы тәрбиелейтін нысан жетіспесе, баланың білім алуына қалыпты жағдай жасалмаған болса, ол баланы саясат қызықтыра ма?! Демек, алдымен бүкіл жағдайды қамтыған қалыпты орта қа­лыптастыру керек. Бұдан соң тағы қайта­лап айтамын, өз басым жастар саясатын бө­ліп алып қарастыруды жөн санамаймын. Бұ­ған үзілді-кесілді қарсымен. Сондықтан мем­лекеттің жалпыхалықтық бір ғана ұста­нымы болуы керек, одан жастар саясатын бөліп алып қараудың аса қажеттілігі жоқ. Мемлекеттік саясат халықтың патриоттық-әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеруге бағытталуы тиіс.
                   Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Айдар Қырықбай, Алматы әлеуметтік-аймақтық кәсіпкерлер корпорациясының өкілі:
– Болашақта балабақшадағы балалар қалтарыста қалып қоймауы үшін мұндай саясатты ұстанған дұрыс. Бұл балаларды қоғамдық өмірге, отансүйгіштікке бейімделуге ықпал ететін жүйе болуы тиіс. Қазірде елімізде жастардың білім саласындағы проблемалары едәуір шешілген. Соңғы мәліметтер бойынша жастар саны артқанымен, болжамдық мәліметтерге сүйенсек жастардың саны 2015 жылы – 4,52 млн адамды, 2020 жылы 4,63 млн адамды құрайтын болады. Міне, жастардың саны ұлғайып келе жатқанын ескерсек, жастар саясаты бағдарламасын әрі қарай тереңдету, сол бағдарлама аясында жүйелі жұмыс жасау, оны бақылау біз үшін жастарды отансүйгіштікке баулитын бірден-бір құрал деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста