«Жасанды түсік жасатуға мүлде тыйым салу керек» деген пікірмен келісесіз бе?

«Жасанды түсік жасатуға мүлде тыйым салу керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Жыл сайын біздің елімізде 100 мыңға жуық бала дүниеге келмей жатып көз жұмады екен. Яғни нақтырақ айтсақ, өзге емес, өз ата-анасының қолымен соншама нәресте жасанды түсікке душар болады деген сөз. Жасанды түсік жасатушылардың көп бөлігін 19 бен 30 жас аралығындағы қыз-келіншектер құрайды, яғни ұлты­мыздың ұрпағын өрбітуге толық қабілетті жастағылар. Байқағанымыздай, бұл жас ара­лығындағылар – білместікпен дейтіндей емес, с­аналы түрде сондай қағамға баратындар. Оның сыр­тында кәмелеттік жасқа толмай да аяғы ауы­р­лап, «ең оңай» жол ретінде жасанды түсік жа­сатып, тіпті оны әдетке айналдырып алғандар да жетерлік. Осы не­нің салдары? Жалпы, жасанды түсік жа­сатуға мүлдем тыйым салсақ, осын­дай обырға тоқтау сала аламыз ба?


Совет-Хан ҒАББАСОВ, жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы:
иә
– Иә, бұл – өте дұрыс шешім. Менің қан­­­ша­ма жылдан бері айтып, жеткізе ал­май шы­рылдап жүрген мәселемнің бірі осы дер едім. Кезінде Мұқаң: «Ел бо­лам десең, бесігіңді түзе!» – десе, мен ай­тар едім: «Ел болам десең, қызыңның қы­лығын бағып, етегін жап, ұятын күзет», – деп. Негізі, қыз бен бесік екеуі ажы­ра­­ғы­сыз ұғымдар ғой. Сондықтан ха­лы­қ­тың байлығы да, мем­лекеттің бола­шағы да қыздың тәртібіне тікелей бай­ланысты. Ал қазір көптеген сорақы­лық­тар, соның ішінде осы «жасан­ды түсік жасату» деген дерт сол қызда­ры­мыздың тыйымсыз, бе­ті­мен кеткендігінен шығып жатыр. Жыл сайын қаншама қыз бала оң жақта оты­рып жүкті болып қалып, соның қан­шамасы аяусыз­дықпен өз сәбиіне өзі қол жұмсап, өзінің де, өзін дүниеге әкел­ген халықтың да түбі­не жетіп жатыр.
Олай болса, оған қалайша тыйым салмассың?!. Тыйым салу керек, тіпті сондай қадамға барғандарды жазалау да керек. Өйткені ол өз басына ғана емес, тұтас ұлттың тамырына балта шауып жатыр. Ендеше, ол халық алдында жауапты ма, әрине, жауапты.
Негізі, қоғамың қандай болса, адамың да сондай ғой. Мұндағы ең ауыр мәселе халық өзінің салт-дәстүрінен ажырап бара жатыр. Соның ішінде нақты «Қызға қырық үйден тыйым» деген қағи­даның аяқасты болғаны, бүгінде бізді осыншалық дағдарысқа тіреп отыр. Бесіктен белі шықпаған өрімдей жас қыздарымыз жүкті болып, сосын елге қарауға бет жоқ, ақыр соңы баласын алдырады да тастайды. Тіпті ата-анасының өзі қызының қылығын қада­ға­ламай жүріп, сосын болар іс болған соң, «баланы алдыр» деп өздері айтады. Сонда бұл қандай тәрбие болды? Біз бүгін неге қыздарымыздың арын күзетпейміз? Кәме­лет жасқа толмай аяғы ауырлап жатқан қыздардың саны өте көп. Сондықтан да бізге осы обырды тамырымен жұлып тастау керек. Оған қатаң түрде тыйым салу өз алдына, қыздарымыздың тұрмысқа пәк күйінде шығуына баса назар аударуымыз шарт. Олай болмайынша, ештеңе түзелмейді. Жалпы, халықтық салт-дәстүр, жөн-жоралғы, әдет-ғұрпы әлсіреген елді осындай келеңсіздіктер жайлайды. Ал оған дер кезінде тойтарыс бермесе, ол халықтың ажалы содан болады.
Бұрын Орталық Азияда ең көп халық қа­зақ болса, қазір ең азы бізбіз. Ашар­шы­лық, репрессия секілді саяси қиянаттар өз алдына, алайда Тәуелсіз ел бола отырып, өз еркімізбен өз ұрпағымызды өлтіру, тіпті ол кездегіден де көп залалын тигізіп жатпаса, кем түсіп жатқан жоқ. Жылына ондаған емес, жүздеген мың жасанды түсік жасалып жатыр деген не сұмдық? Ендеше, ел болып ұрпақ тәрбие­сін қолға алатын кезіміз жетті. «Ойбай, бас­­панамыз жоқ, бәлен де түген» деген бол­машы сылтаумен, тіпті некелі жарлар­дың өзі балаларын алдыртып жатады. Осы ақталуға, қандай да бір ақтауға келетін іс пе? Меніңше, олай емес. Себебі қазақ «бір қозы артық туса, бір түп жусан артық өседі» деген дана халық. Әр баланың өз несібесі бар. Сондай-ақ оның киесі де бар. Оның өмір сүруіне қиянат жа­сап, ол өмірге келмей жатып үкім шы­ғарып қойдың екен, оның міндетті түрде киесі ұрады. Біз осыны ойлайық, Құдай­дан қорқайық. Жа­сампаз ел болғы­мыз келсе, жасанды түсік жасатуға тыйым салайық!


Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА, биология ғылымының докторы, «Экомед» Адам ұрпағын өрбіту емханасының басшысы:
жоқ
– Бізде, шынында да, аборт жасату де­ген оп-оңай нәрсе, тіпті ойыншыққа ай­нал­ды. Ой­л­амаған жерден, аңдаусызда бо­йына бала бітсе, қыз-келіншектеріміздің көбі жасанды түсік жасата салу деген бір өте жаман ауруға шал­дыққан десе де бол­ған­дай. Соған сай қоғамда да кез келген жер­де шімірікпестен жа­тырдағы баланы жұ­лып алуға даяр қаны­пе­зерліктің аяқ алып кеткеніне менің дәрігер ре­тінде ішім аши­ды. Алайда мен тағы да ма­ман, дәрі­гер ретінде, жалпы, «жасанды түсік тас­тауға мүл­дем тыйым салу керек» деген пікір­мен ке­ліспеймін. Неге? Себебі мәселенің бар­­лығы сана-сезімде болып тұр. Сол сана-се­­зім­ді өсірмей, адамдардың ұрпақ өрбіту тұр­­­­­­­­ғы­сындағы сауатын арттырмай, заң жү­зін­де тыйым салғаннан біз ештеңе ұт­пай­мыз, өйт­­­кені ол кезде, керісінше, жасы­рын түрде түсік жа­сайтындар көбейіп кетеді және олар өз бағасын бұрынғыдан бе­тер өсіріп жібереді.
Бірақ бұл менің жасанды түсікті жақ­та­ға­ным емес, әрбірден соң ол ауыр қылмыс, қылмыстың ішінде де ең ауыры. Әдетте, біреу біреуді әдейі, қасақана өлтірсе, оған ауыр үкім шығарып, қатаң жаза қолда­ны­лады ғой, ал жасанды түсік жасату деген – басқа емес, ата-атаның өз баласын өз қо­лы­мен өлтіруі. Өкінішке қарай, бізде жа­сан­ды түсік жасатуға осы деңгейде қара­май­ды.
Әлем елдерінің түсікке қатысты қолда­натын шараларына көз жүгіртсек, мүл­дем жасанды түсік жасалмайтын, оған ты­йым салған елдер де бар. Сонымен қатар Из­раиль секілді түсік жасатудың қатаң қағи­даларын орнықтырған елдер бар. Мен осы Израильдің тәжірибесін алға тарт­қым келеді. Онда түсік жасатушы­лар­дың әрбірінің мәселесін бірнеше адамнан құралған арнайы комиссия шешеді. Олар түсік жасатушының денсаулығын, не үшін он­дай шешімге барғанын бәрін сараптай келе, рұқсат беруге бола ма, жоқ па соны анық­тайды. Біз де жасанды түсік жасату де­ген мәселені арнайы тәртіпке бағын­ды­рып, рұқсат етуге болатын, болмайтын жағ­­дайларын анықтауымыз керек. Мә­селен, кейбір жағдайлар болады, яғни бала көтергенімен оны босану ананың ден­саулығы мен өміріне қауіп төндіретін не­месе іштегі баладан қандай да бір ауыт­қушылықтың бары анықталып жатады, болмаса бала бойға дұрыс бітпеуі, тіпті кейде ер адамның әйелді өз еркінен тыс зорлап кету жағдайынан көтеріп қалатын да жағдайлар ұшырасып жатады. Бір сөзбен айтқанда, алдын ала қарастыру мүмкін болмаған осындай әлеуметтік-медициналық жағдайларда жасанды түсік жасатуға рұқсат бермеу, адам құқығына қайшы келетін секілді. Сондықтан да мен Израиль тәжірибесін ұсынып тұрмын.
Жалпы, менің қарнымды аштыратын нәрсе, біздің адамдарымыздың сауаты өте төмен, өз денсаулығы мен болашағына жауапсыз қарайды. Аборт дегеннің ертеңгі күні бедеулікке апаратынын, ал оны жасату­дың өзі қасақана қылмыс екенін, өз болашағына өзі балта шауып жатқанын түсінетін кезіміз жетті. Қытайдың түрлі таблеткаларын ішіп, түсік жасап, болмаса азамыз деп ішіп, соның кесірінен о дүниелік болып кетіп жатқандар қан­шама. Бұл – біріншіден, біздің алдымен адам ретінде өзімізге жанымыз ашымаған­дық, екіншіден, ненің неге апаратынын біл­мейтін білімсіздігіміз. Үшіншіден, ұлт­тық деңгейде ойлайтын елге айнала алма­ған­­дығымыздың нақты дәлелі. Егерде әр адам өзін жай тіршілік иесі емес, адамзат­тың бір бөлшегі, оның ішінде қазақ деген халықтың бірден-бір өкілі, қазақтың санын көбейтуге жауапты тұлға санаса, біздегі жасанды түсік қазіргіден әлдеқайда төмен болатынына, тіпті болмайтынына кепілдік бере аламын. Ендеше, бізге біріншіден,  ұрпақ өрбіту туралы әр адамның сауатын арттыруға күш салу қажет. Екіншіден, жоғарыда айтқан­дай, Израиль тәжірибесін ұстану шарт және де жекелеген клини­ка­ларда жөн-жосықсыз жасанды түсік жасау­ды шектеп, «тек қана мемлекеттік құзырлы ме­дициналық орта­лық­тарда ғана аборт жа­сауға болады» деген шешім қабылдау керек.
                     Абай ОМАРОВ (коллаж)

Түйін
Жаратқанның еш нәрсені кездейсоқ жасай салмайтыны және ешқашан қателеспейтінін ескерсек, бойға бала бітті ме, демек, оның өмір сүруге қақы бар деген сөз. Бұл – бір деңіз. Екіншіден, Ахмет Байтұрсынұлы бабамыз «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп текке айтпаған. Ендеше, ертең «жұртым» дейтін баламызды бүгін неге қыршын қиюға тиіспіз? Алайда тек салдармен күресу ауруды жаза алушы ма еді? Болмаса диагноз дұрыс қойылмай, дерттің беті бері қарай ма? Сол секілді бізге де жасанды түсікті болдырмаудың ретін қарастырған дұрыс секілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста