Жалған куәгерлік үшін 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыру туралы ұсыныспен келісесіз бе?

Жалған куәгерлік үшін 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыру туралы ұсыныспен келісесіз бе?

Болашақта сот-тергеу органдарына жалған ақпарат бергендер 13 жылға бас бостандығынан айырылады. Бұл туралы еліміздің Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлімдеп отыр. Бұған қатысты Меркель мырза: «Қылмыстық кодекстің жаңа жобасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстанның жаңа Қылмыстық кодексін жасау барысында жалған куәлік еткендерге қатысты жазаны ауырлаттық. Бұдан былай жалған ақпарат бергендер 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұлай етпесек, тергеу институттары мен сот органдары әжептәуір қиындықтарға тап болатын түрі бар. Бүгін бір мәлімет берген куәгер ертесіне айтқан сөздерін мойындамай жатады. Ал мұндайға ешқандай шара қолданылмай келді. Алдағы уақытта жазаны осылайша қатаңдатамыз», – деді. Осы тұста біз де нақ осы сауал төңірегінде мамандардың пікірін білуді жөн көріп, жалған куәгерлік үшін 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыру дұрыстығын немесе бұрыстығын мамандардың ой-талқысына салдық.


Өмірәлі ҚОПАБАЕВ, заң ғылымының докторы, профессор:
иә
– Өз басым мұны қолдаймын. Бізге бұл қажет. Қазірде біздің қо­ғам­да тергеу ісі барысында жалған куәгерлік ету арқылы «әділдікке» қол жеткізіп жүргендердің саны ба­сым болып барады. Жалпы, сот­та жалған куәгерлік еткені үшін қыл­мыстық жауапкершілік қа­рас­ты­рылған. Мысалы, жалған куәгер қо­ғамдық немесе түзету жұмыс­та­рына тартылған сәтте оған қол­да­нар жаза 100-ден 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі немесе екі еңбекақы мөлшеріндегі айып­пұл түрінде болуы мүмкін. Басқа жағ­дайларда бір жылға дейінгі мер­зімде бас бостандығынан айы­рылады.
Егер жалған куәгер әл­де­бір тұлғаны «сы­бай­лас жемқор­лық, ауыр немесе аса ауыр қыл­мыс жа­сады» деп айыптаған бол­са және бұл айыптаудың жалған екендігі аны­қталса, он­да жаңағы жалған куәгер үш жыл­дан сегіз жыл­ға дейінгі мерзімде бас бо­с­тандығынан айы­рылу жазасымен жа­за­лануы мүмкін. Жал­ған куәлік еткенін сот үкім шығарғанға дейін өз еркімен мо­йын­даса, куәгер қылмыстық жа­уап­кершіліктен бо­сатылып та жүр. Енді Қа­зақстан Рес­пу­бли­касының Қылмыстық ко­дек­сі­не ен­гі­зіл­ген өзгертулерге сәйкес, жалған куә­гер­лер­ге тағылатын айыптың мөлшері сал­­­­­мақ­танды. Болашақта жал­­­ған куә­лік еткені үшін 13 жылға дейін бас бос­тан­дығынан айы­рылуы да ғажап емес. Себебі қа­зірде тіпті мем­ле­кеттік ма­ңы­­зы бар тергеу іс­те­рінде жалған куәгер бо­лып жататындар бар­шылық. Сон­дық­тан мұндай сәттерде қа­таң­дық та­ны­тып, сал­мақты шешім қабылдау қа­жет деп ой­лай­­­мын. Жалпы, қылмыстық құ­қық­та – сот­та, ал­дын ала тергеу немесе алдын ала аны­қ­­тау ісін жүргізуде куәнің немесе жә­бір­­ле­ну­шінің айғақтарды әдейі жасыруы, шын­дық­ты, оқиғаны сана­лы түрде бұр­ма­ла­уы – өте ауыр қыл­­мыс. Оның қауіпті­лі­гі­: жал­­ған куә­гер сал­да­ры­нан кі­­н­ә­­сіз адам­ның сот­та­луы; на­­ғыз қоғамға қа­уіпті қыл­­­­­мыс­­кердің ақ­та­луы орын ала­ды. Са­рап­шы­ның кө­пе-кө­рінеу жал­ған қо­­ры­тын­­ды­­сы, куә­гер­дің қа­­­с­а­қа­­на жал­ған ақ­па­рат бе­­руі адам­­ның тағ­­­­­ды­рына ті­­ке­лей әсер ете­­ді. Ақи­қат­тың бұр­ма­ла­­нуы­нан на­­қақ­­­тан-на­қақ та­за адам­­­ның кү­­­йіп кетуі – қа­зірде біз­дің қо­­ғам­да жиі кез­­­де­се­тін жайт. Сон­дық­тан шын­дық қа­са­қа­на бұр­ма­лан­ған жағ­­дайда оған ар­тылар жа­заның да ауыр бол­ғаны абзал. Ен­деше, мұны неге қол­да­мас­­қа? Өз ба­сым ай­тылып отыр­ған ұсы­ныс­ты қол­­дай­мын. Мұ­ны дұ­рыс ше­шім деп қа­был­­даймын.


Мейрам ҚАБДРАХМАНҰЛЫ, сарапшы-маман:
жоқ
– Меніңше, жалған куәгерлік ет­кені үшін 13 жылға бірден бас бос­тандығынан айыру – өте ауыр ше­шім. Сондықтан «мұны қолдау­дың қажеті жоқ» деп ойлаймын. Біз­де жалған куәгерлік фактілерін қо­йып, қыз зорлау, айуандықпен кісі өлтіру, жасөспірімдерді қорлау, қа­сақана кісі өлтіру фактілеріне кей­де жеңіл жаза беріліп жатады. Бұл – шындық. Тіпті кейде қоғамға шын қауіпті қылмыскердің өзі жа­за­лан­ғанда оны бас бостан­ды­ғынан айыру жазасы бес-алты жыл­дың көлемінен аспай қалады. Осындайда жалған куәгерлік ет­ке­ні үшін 13 жылға бас бостан­ды­ғынан айыру өте ауыр.
Сон­дық­тан мұны қолдамаймын. Әри­не, бұ­дан «жалған куәгерлік ете бер­сін, ар­ты­нан ол жазасыз қала ма» деген ой туын­да­мауы керек. Жал­ған куәгерлік еткені үшін бір жылға бас бос­тан­дығынан айыру, әкім­шілік жо­ғары айыппұл салу дұрыс. Бірақ жоға­рыда айтылғандай, 13 жыл­дық ке­сімді жаза та­ғайындауды өз басым қол­­­да­­май­мын. Егер біз болашақта елде жал­ған куә­гер­лердің қатары азайсын десек, біз заң­ның орындалуын қатаң бақылауға алуы­мыз керек. Бұл жерде ескерілетін дү­ние – халық өз мүддесін өзі қорғауды үй­ренуі керек. Ха­лықтың заңдық са­уаттылығы, өз ойын жет­кізуде бел­сен­ді болуы, өзіне, өз мүд­десіне ке­рек дүниені талап ете білуі бізде кем­шін. Абзалында, өзге дамушы және да­мы­ған мем­лекеттер қандай да бір мәселені ше­шу үшін, ойластыру үшін тек қана заңға жү­гі­не­ді. Да­мыған елдерде заңсыздыққа жол бе­ру, мә­се­лені шешерде ағайын-туыс, та­мыр-та­нысын із­деу немесе жалған куәгер із­деу деген мүлде жоқ. Өйткені ол елдердің хал­қы заңдық тұр­ғы­дан сауатты. Заңның ая­сында жұмыс іс­теу­ді өз­ге елдің халқы жақ­сы біледі. Ал біздің бұ­қа­ра «тамыр-та­ныс іздеу арқылы, жал­ған куә­гер­лер­ді іске тар­ту арқылы діттеген же­ріне сө­зі­міз­ді өт­кіземіз» деп ойласа, он­да қателеседі. Бұл жер­де әр мәселені тиісті же­ріне жеткізіп, өз мүддесін қорғап шығуы үшін халыққа заң­дық сауаттылық қажет. Заңдық са­уат­сыз­дық – үл­кен індет. Заңды білмеген адам еш уақытта өзін-өзі қорғай ал­майды. Заң­ды білмеген соң қа­зақ пара бе­реді, қыл­мыс жасайды, артынан сол қыл­мыстан басын ақтап алу үшін жалған куә­­гер іздейді. Егер біз өрке­ниет­ті қоғам құ­ра­мыз десек, әр қазақ Ата Заңды жас­та­нып тұ­рып оқып, оны меңгеруге тырысқаны жөн. Сон­да ға­­на халықтың тірлігі өр­ке­ниет­тенеді. Жалған куә­­герлердің кө­бе­йіп ке­туі­нің бір сал­да­ры сол заң­­дық сауатсыз бол­­ған­дығымыздан. Егер заң­­дық сауатты бол­­са, халық жалған куәлік ету­ге бармайды. Сон­­дықтан бізге жазаны қа­тайт­қан­нан гөрі ал­­дымен осы мәселені шешіп ал­ған жөн. Ал­ды­мен осы мәселе шешілмей, заң­­­ды қа­тай­ту­ды мен қолдамаймын. Бұл орын­­сыз.
                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Меруерт МОЛДАБАЕВА, әлеуметтанушы:
– Негізінде, қандайда бір заң жобасына немесе кодекске өзгерту енгізілер сәтте сол сала ма­ман­дарының пікіріне құлақ асқан жөн. Мәселен, АҚШ-та көп жағдайда заңдардың жобасын се­наторлар заңгер ғалымдардың көмегімен жазады. Егер сол заң қабылданса, заңның жобасына кө­мек берген ғалымдардың есімдерімен аталады. Мысалы, Вагнер заңы, Тафта-Хартли заңы, Смид за­ңы, Маккарена Вуда, Джексон Веника заңдары тек Америка көлемінде ғана қалып қойған жоқ. Оны қазір өмірінде қателескісі келмейтін адамдар кітапша ретінде пайдаланып, үнемі соған көз жү­гіртіп отырады. Ал бізде мұндай жүйе жоқ қой. Біздің Парламент ондай дәрежеге әлі көтеріле қой­ғ­ан жоқ. Депутаттар есеп бергенде «Пәлен мың заң қабылдадық!» дейді, ал сапа ту­ралы ауыздарын аша алмайды. Сондықтан кез келген заңға немесе кодекске енгізілген өзгерту са­палы болсын десек, алдымен сол саладағы мамандардың ой-пайымына жүгіну керек. Аб­за­лын­да, жалған куәгерлікке қатысты айтар болсам, қоғамда тәртіп орнату үшін біз заңды бұзған адамды атақ-дәрежесіне қарамастан қатаң жазаға тартуды өмір талабына айналдыруымыз қажет. Мұның бар­лығын көріп отырған халық сонда ғана әділдіктің барына сенеді. Ендеше, заңның орындалуы үшін қатаң жаза бізге қажет деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста