Халық емшілерінен халыққа тиер пайда бар ма?

Адам болған соң бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайды. Осындай жан қысылған кезде әркім әрқалай емделеді. Біріміз тәуіп-емшілерге қаралсақ, енді біріміз дәрігерлерге барамыз. Алайда халық арасында емші, бақсы-балгер, құмалақшы, көріпкел дегендерге сенім аз. Осы ретте халық емшілеріне сенуге бола ма, жалпы олардың халық денсаулығына тигізер пайдасы бар ма? Бүгінгі ой-көкпарымыз осы негізде болмақ.

Құмарбек ЖҰҚАЕВ, «Қазақстанның алтын жұлдызды емшісі» медалінің иегері:
Иә

– Халық емшісі деген – ол тылсым күштің ие­сі деген сөз. Алайда қазіргі кезде біздер­ге жұрт­шылықтың сенімі азайды. Себебі кеңес за­манындағы идеология тылсым күшке, аруақтарға сенуге тыйым салды. Осының сал­дарынан халықтың емшілерге деген көз­қа­расы өзгерді. Әлі де сол жүйеден құтыла қой­ған жоқпыз.
Негізі, тәуіптерді медбике деп қарас­ты­руы­мыз керек те, ал емшілерді кәсіби дәрігер де­уіміз керек. Әйтпесе, қазір неше түрлі тәуіп­тер бар ауыл-ауылдарда. Олардың барлығы ха­лық­ты емдейді дегенге сену қиын. Біреулер мұ­ны ақша табу көзіне айналдырып алған. Сон­дық­тан халықтың бізге деген сенімі азая­ды. Қазір дәрігерлеріміз де емшілерді көп қол­дай бермейді. Олар науқасты емдей ал­ма­са да, қолынан келмесе де, өздері реттегісі ке­леді. Мәселен, бүйрегі ауырса, оны кесіп тас­тай салады. Тамағы іссе де, кесуге дайын тұ­рады.
Алла тағала әр нәрсені өз орнымен жаратқан. Оны кесіп, не болмаса орнына бас­қанікін сала салу жақсылыққа әкел­мей­ді. Мұның арты сырқаттың басқа мүше­ле­ріне зақым келтіруі ғажап емес. Мұндай жағ­дайда халық емшілеріне жіберулері ке­рек. Біз оларды энергия ар­қылы дәрі­лік шөптермен емдейміз. Осы тұста дәрі­гер­лер мен емшілер бі­рі­гіп жұмыс істесе, емханалардың іші­­­нен емшілерге арнайы кеңселер ашыл­­са, халық екі жаққа да ке­ліп, ем ал­са, бұдан халқымызға жақсы бо­лар еді. Алайда кейбір дәрігерлер қу құл­қын­ның қамын ойлап, науқасты бізге жі­бер­гі­лері келмейді. Әйтпесе, екеуі­нің де мақсаты — ауруды емдеу. Соны­мен қа­тар билік басында отырған ше­неу­нік­тер­дің де емшілерге деген көз­қарасы басқаша. Осы ретте неге барлық ем­ші­лердің басын қосып, бір орталыққа жи­намасқа? Сонда кімнің шын, кімнің өтірік емші екені білініп қалады. Бізде емшілердің басын қосуға ше­неуніктер құлықты емес. Көпшілігі сен­гісі келмейді. Алаяқ деп ойлайды. Алайда алаяқтар дәрігерлердің ішінде де жетеді. Ем жа­сай­мын деп ақша алып, соңы өкініш­пен аяқталып жатқан оқиғаларды талай көріп жүрміз ғой. Оның үстіне қазір дә­рі­герлер алты-жеті жыл оқып, та­бақ­тай диплом алып шыққанмен де, адамның көңіліне, жанына қонатын сөздерді айта бермейді. Олар тек қана анализді ала­ды да, диагнозды қояды. Тіпті кейде ауруха­на­да жатқан адамдар 24 сағат бойы дәрі­герді көрмеуі мүмкін. Ал сырқат сол екі ор­тада ауруымен арпалысып жа­тады. Одан кейін дәрігерлерге де сенім азаяды. Ал емшілер олай жасамайды. Ең бірінші сыр­қат­ты толық жазылып кетуге иландыру керек. Адам өзіне сенімді бол­са, ол қандай да бір қиын ауру болса да, айығып кетуге негіз бар. Былайша айт­қанда, емшілік психологияны жақсы меңгерген жөн. Кел­ген адамды жылы сөз­бен қарсы алып, жа­зылып кетуге сен­діру керек. Адамның ішкі сезімі емделуге дайын болса, ол түбінде жақсы болады.
Қазір Қазақстандағы емшілердің жал­­пы саны белгісіз. Мен сізге айтайын, оның барлығы мықты емші емес. Емші деген мил­лионнан біреу туылады. Елі­мізде 16 мил­лион халық тұрса, соның көп бол­са он шақтысы ғана – жақсы ем­ші. Ал оның ішінде таза қазақтар төрт-бесеу-ақ. Академиктер, ғалымдар, неше түр­лі жо­­ға­ры білімі бар емшілер ғана кәсіби ем­ші бола алады. Сондықтан да емші­лер­дің жан-жануар майларымен, тибеттік ме­ди­цинамен және басқа да ғылыми-таным­дық жағынан емдейтін іс­терін жоққа шы­ғаруға болмайды.

Әбдуәли МӘМЕДІЛ, психолог:
Жоқ

– Емшілерге сену қиын. Жалпы, емші ал­дына келген адамның психикасын өзіне пай­да­ланып, былайша айтқанда, өзін Құдай жа­сайды. Мен бұл мәселені бала кезден зерттеп ке­лемін. Кезінде небір өзенді теріс айнал­дыр­ған молда, бақсылар туралы көп естідік. Осы­ны зерттеу үшін мен жас­тайымнан бақсы, тә­­уіп­терге көп бардым. Сол арқылы пси­хо­ло­гияны оқып, осы са­лаға келдім. Енді қазір көп нәрсені түсіндім. Айналып келгенде, бұ­лар­дың барлығы – алдау, арбау. Бұған дейін жұрт Кашпи­ровскийге сенді, сол кездері Ақ әу­лие, Сары әулие, Қоңыр әулие дегендер қап­тап кетті. Солардың барлығы қазір қайда? Егер шын мәнінде олар соншалықты күшті болса, неге халықтың барлығын жазып жі­бер­меді? Неге қой үстіне бозторғай жұ­мырт­қа­ла­ған күнді орнатпады? Өйткені бәрі – ал­дау, ақша табу. Өкінішке қарай, әлі күнге де­йін халық арасында соларға сенушілік ба­сым. Тіпті, мына дағдарыс адамның жан дү­ние­сіне зор ықпал етіп, күйзеліске ұшыратып, тығырыққа тіреуде. 
Демек, көпшіліктің психикасы өте әл­сіз. Кез келген адам сырттан мықты нәр­се іздеп тұрады. Рухани көмектесетін, ақыл айтатын, пана болатын образды іздей­ді. Ал осы образды бақсы, балгер, көріп­кел­дер жақсы ойнайды. Сосын адам алда­на­ды. Шын мәнісінде, адам өзіне-өзі ғана кө­мектесе алады.
Мұны қарапайым тұрғыдан түсін­дір­­­­сек, көшеден жас бала жылап кел­се, үйде отырған ата-анасы оған «не бол­ды» деп безек қағады. Ал бала «құлап қал­дым» не­­месе «соғып кетті» деп өзі­нің қай­ғы­сын айтса, әке-шеше, әжелер «сүф-сүф» деп үшк­іріп қояды. Со­ған бала қа­на­ғат­танады. «Менің көз жасымды көрді, ауырған же­рімді си­па­­ды» деп іштей қал­пына келе­ді. Пси­­хо­­ло­­гия­лық ауытқу ке­зінде үл­кен адам­­дар­­да да тура осындай про­цесс жү­­ре­ді. Мысалы, күйеуге шыға алмай жүр­ген қыз іштей күйзеліп жүр­се, оны бал­гер­лер: «Мынадай ақша бер­­­сең, жо­лың­ды ашып бе­ремін, сонда мы­­­на уақытта бағың ашы­лады», – деп адам­­­ды өзіне тартады. Қа­зақта «жақсы сөз – жарым ырыс» деген бар. Қыз әл­гі сөзді естіп, соған қана­ғат­тан­­ған­нан кейін адамдарға деген көз­қа­­расы бас­­­қа­­ша болады. Өмірге деген құл­шы­­ны­сы артады. Бұл жерде емші­лер­дің пай­­­дасы – осы, бірақ зиянды жағы да осы жерде. Өйткені осыдан кейін оның пси­­хикасы емшіге тәуелді болып қа­ла­ды. Демек, эксплуатация жасайды. Сол қыз бір адамды кездестірді дейік, бі­рақ одан кейін онда «менің жолымды аша­тын, мені ба­қыт­ты ететін осы емші ға­на екен» деген ұғым пайда болады. Бүкіл тағдырын, өмі­рін емшімен бай­ла­ныс­ты­рып отырады. Яғни емшінің ақ дегені – алғыс, қара де­ге­ні қарғыс болады. Бұл жеке адам­ның психикасына қол сұ­ғу болып табы­­ла­­ды. Бұдан шығатын амал – ол кәсіби пси­хология. Де­мек, біздегі кәсі­би пси­хо­логияны да­мыту керек. Біз пси­хо­ло­гияның пси­хо­те­рапиялық әдісі – пси­хо­ана­лиз­бен айна­­лысамыз. Бұл әдіс адамның жан дү­­ние­сіндегі өте күрделі психикалық құ­­бы­­­­лыстардың түп-төр­кі­нін зерттеп, оны талдап және адам­дар­дың өзін-өзі та­нуына кө­мектеседі. Бірақ дәл қазіргі жағ­дайда Қа­зақ­стан­да психологиялық қыз­мет көр­­­­сете­тін ма­мандар тапшы. Әсі­ресе, қа­зақ­тілді тә­­­жірибелі психолог­тар жоқтың қасы. Осы­­ның салдарынан көп­­шілік адасып, бақ­­сы-балгерлердің же­тегінде жүр.

Сөз соңы:
Қалай десек те, бүгінгі ой-көкпарға қатысқан аға­­ла­ры­мыз әртүрлі пікірлер айтты. Әрине, халық емшілерінен пайда бар ма, жоқ па – оны таразылау әркімнің өз еркінде. Дегенмен де қазақта «тәуіптің жақсысы – ауруға ауру жа­ма­мағаны» деген сөз бар. Сондықтан да «бірінші бай­лық – денсаулық» демекші, емшіге де, дәрігерге де күніміз түс­песін деп тілейік!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста