Тұрғындардың өз қалауымен емхана таңдау жүйесін қолдайсыз ба?

Тұрғындардың өз қалауымен емхана таңдау жүйесін қолдайсыз ба?

Елімізде 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді. Осы жүйенің аясында тұрғындар медициналық көмек көрсететін емхананы, дәрігерді өзі таңдау құқығына ие болды. Әйтсе де осы бір өзгеріске қатысты қоғамдық пікір екіге жарылып отыр. Бірі аталмыш жүйені «шетелдерде тиімді жұмыс істеп отырған мақтаулы жүйе, біздің елімізде де медицина саласын алға сүйрейді» десе, енді біреулері «БҰДС жүйесі, керісінше, үш жыл ішінде тұрғындардан медициналық көмекті алыстатты, саланы кері кетірді, бұл біздің қоғамға сіңбейтін жүйе» дейді. Тақырыпқа қатысты мамандардың пікірін біліп, жүйенің артық-кем тұстарын салмақтап көрген едік. Сонымен...


Белгібай ШАХМЕТОВ, медицина ғылымының докторы:
иә
– Тұрғындардың өз қалауымен ем­ха­на таңдау жүйесін қолдаймын. Негізі, бұл жүйенің артықшылығы жетерлік. Ш­е­телдерде тиімді жұмыс істеп отырған бұл жүйе уақыт өте келе біздің елімізде де өзінің тиімділігін дәлелдейді деп ой­лай­мын. Мәселен, еліміздің шалғай жат­қан ауылдарындағы кейбір тұр­ғын­дардың жергілікті жердегі дәрігерлердің жа­саған ем-домына, медициналық кө­мегіне көңілі толмауы мүмкін. Сондайда жы­лына бір-екі рет үлкен қаладағы бі­лікті дәрігердің тегін көмегіне жүгінгісі кел­­се, жүйе оған жағдай жасап тұрса ке­­ремет емес пе?! Неге жақсы емхана, білікті дәрігер тек қаладағы тұр­ғын­дарға ғана қолжетімді болуы керек? Біз бір сәт алыс ауылдардағы ағайынның да жа­йын ойлауымыз қажет. Сон­дықтан жү­­йені сынағаннан гөрі оның елімізге сі­ңі­сіп, талапқа сай жұмыс істеуіне жағдай жа­са­уымыз керек. 
Сондай-ақ қазір қаланың өзінде кейбір тұр­ғындарға жақсы емхана, білікті дә­рі­гер­­дің көмегі керек болып жатады. Қа­ла­ның орталығындағы барлық талапқа сай ем­ханада тіркеуде тұрып, сол жердің тегін ме­дициналық көмегіне жүгінгісі келеді. Мұн­дай жағдайда да аталмыш жүйе оған жағ­­­дай жасай алар еді. Сондықтан біз тұр­ғын­­дардың көбірек тіркелгісі келетін ем­ха­наларға барлық жағдайды жасап, ол жер­лер­ге тұрғындардың кедергісіз тір­ке­луі­н қам­тамасыз етіп, емхананың мүм­кін­ді­­гін арт­тыруымыз керек. Бұл емханалар­ғ­а да пайдалы. Көп науқасты тіркеп, ме­­ди­­ци­на­лық көмекті жасасын да, мем­ле­кет та­ра­пы­нан бөлінетін қаржының кө­ле­мін есе­леп, мүм­­кіндігін одан ары арт­тыр­сын. Дә­рі­гер­лер­дің де соған сай жалақы алуына мүм­кін­дік тудырсын. Ата заңымыз бойын­ша да елі­­міз­­дегі әр­бір тұрғын сапалы ме­ди­ци­налық кө­­мек алу­ға құқылы. Ал олар­ға ондай мүм­кін­­дік сый­лайтын – БҰДС жү­йесі. Де­мек, жү­­йені сы­нап, қайтадан алып тас­тау­дан біз еш­­теңе ұт­паймыз. Одан гө­рі жүйе­нің дұрыс жұ­­мыс іс­теуіне жағдай жа­­са­­уымыз керек. Жал­­пы, жү­йенің мақ­са­ты дұрыс. Көптеген ел­­дерде тиім­ді жұмыс істеп жатыр. Демек, бізге де өзі­нің оң нәти­же­сін беретін күн жа­қын.
Айта кетер жайт, қазір жүйені түсін­бе­ген­діктен, оның әр жерде әрқалай қол­да­­ны­луы көпшіліктің наразылығын туды­рып отыр. Сондықтан Денсаулық сақтау ми­­­нистр­лігі тарапынан түсіндіру жұмыс­та­ры жүр­гізілуі керек секілді. Емхана бас­шы­лығы жү­йенің кемшін тұстарын министр­лік­­ке жа­сырмай айтып, оны шешу жол­­да­рын бірі­гіп шешуі керек. Сосын жү­йе­нің механизмі жан-жақты талданып, елі­міз­ге лайықты жұ­мыс істеу тәсілі қалып­та­суы керек. Сонда бә­рі дұрыс болады.


Совет-Хан ҒАББАСОВ, медицина ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Жоқ, мен бұл жүйені қолдамаймын. Өйткені жүйенің шикілігі күн сайын алды­мыздан шығып жатыр. БҰДС жүйесі тұр­ғын­дардан медициналық көмекті одан са­йын алыстатты. Мәселен, қазір емха­наларға тұрғылықты мекенжайың бо­йынша бар­саң, «тіркеуің қай жерде болса, сол жер­дегі емханаға бар» дейді. Ал онда бар­саң, олар «тұрғылықты жеріңе бар» дейді. Өйт­кені олардың қай-қайсысында бол­­сын адам көбейіп кетті. Осылайша ем­ха­на таң­дамақ түгіл, өзің тұратын аумақ­та­ғы ем­хананың көмегіне жүгіну қиын бо­­лып кетті. Істеген қызметіне қа­рай мем­­лекет та­ра­пынан бөлінетін қар­жы­ның көлемі кө­бейеді дегенмен, дәл қазір ем­ханалар үшін қалыпты жұмыс істеу мұң болып отыр. Егер бір жерің ауы­рып, ем­ханаға бар­саң, қажетті дә­рі­гер­дің ал­ды­на кіру үшін алдын ала жа­зылуың ке­рек дейді.
Ал дәрігердің қабылдауына жазылсаң, ке­зегің бір-бір жарым айдан кейін келеді. Оған дейін не ақылы медициналық орта­лық­тарға жүгініп, ауруыңнан айығып ке­тесің, не ауруың асқынып кетеді. Сонда бұл жү­йеден не пайда?! Тіпті емхананы қай уа­қытта таңдайтының да белгісіз. Мәселен, Ал­маты қаласында әр жылдың қаңтар айын­да бір ай мерзім ішінде «емхана таң­дап үлгеру керек» дейді. Ал таңдауға бар­саң, адам көп деп жолатпайды. Тіпті сол ме­зетте тұрғындардың мұндай құқығы жай­лы хабарландыру айтылып, көпшілік құ­лақтандырылып та жатқан жоқ. Кеше Ас­тана қаласында 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында тұрғындардың ме­ди­циналық ұйымды еркін таңдау қағидасы ая­сында емхана таңдап жатқанын естідім. Жал­пыға ортақ жүйенің емхана таңдайтын бел­гілі бір кезеңі болмағаны ма?! Ал­ма­ты­да таңдау құқығың қаңтарда, Аста­нада, жылдың аяғында... Жалпы, жүйенің аты бар, за­ты жоқ. Жүйенің арқасында жедел ме­ди­циналық көмек алып жатқан ешкімді көр­генім жоқ. Ал медициналық көмектің қол­жетімділігін арттырмаса, ондай жү­йеден не қайыр.
Тіпті жүйеге қатысты емхана қызмет­кер­лерінің өзі сын айтып жатыр. Шағым ай­тып барсаң, «біздің мүмкіндігіміз жет­пей­ді, жүйенің аясында тұрғындардың ем­хана таңдау құқығы болғанымен, бізде мүм­кіндік шектеулі» деп өзіңе мұң шағады. Ал жүйе іске қосылар алдында осының бар­лығы неге есептелмеген? Сол секілді қа­ланың екінші бір шетіндегі емхананы таң­дағаныңмен ауыра қалсаң, ол жердегі учас­келік дәрігерлер сені келіп тек­сер­мейді. Өйткені дәрігерлердің қаланың әр ше­тіндегі тұрғындарды аралап жүретін уа­қыты жоқ. Онда емхана таңдаудың қажеті қанша? Емханаларда оған арнайы штат та қа­рас­тырылмаған. Осы секілді жүйенің жұ­мыс істеу механизмінде қайшылықтар өте көп. Жүйе қоғамымызға сіңісіп кетуі үшін оның жұмыс істеу механизмі жан-жақ­ты ескерілуі керек еді. Осының бар­лығы жан-жақты ескерілмегеннен кейін, жүйе бүгінгі күні сынға ұшырап отыр. Өз дәрежесінде жұмыс істеп те жатқан жоқ.
Шынын айту керек, шетелден бір жүйе көр­се, оның бізге қаншалықты лайық­ты­лы­ғын ескерместен, іске қосқанша асы­ға­ды. Ал оның қалай жұмыс істейтінін, мен­та­литетімізге қаншалықты сай келетінін, қо­ғамымызға сіңісіп кетуін, жұмыс істеу ме­ханизмін ескеріп жатқан ешкім жоқ. Нә­тижесінде мұндай жүйелер медицина са­ласын кері кетіріп, халықтан медициналық кө­мекті алыстатуда. Медициналық көмек қолжетімсіз болғаннан кейін, халық қазір ақылы медициналық орталықтарды жаға­лау­ға мәжбүр болып жүр. Сондықтан жан-жақты зерттелмеген жүйелердің медицина саласына енгізілуін тоқтатуымыз керек.
                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМОВ, «Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымының докторы, профессор:
– Жалпы, тұрғындардың емхананы өзі таңдау жүйесі – жақсы жүйе. Әңгіме оның қалай жұмыс істеуінде болып тұр. Еліміздегі мамандар жүйені түсініп, қоғамымызға бейімдеп қолдана алмай отыр. Сондықтан бұл жерде бар мәселені мамандардан іздеу керек секілді. Шетелде тиімді жұмыс істеп жатқан бұл жүйенің ұңғыл-шұңғыл тұстарын түгел зерттеп, өз елімізге бейімдейтін мамандар керек. Жалпы, жүйені жатырқап шығарып тастағаннан гөрі оны өзімізге бейімдеу жақсы нәтиже беретін секілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста