Терминдердi жаппай қазақшалау қажет пе?..

Терминдердi жаппай қазақшалау қажет пе?..

Тiл бiлiмi тұрғысынан алғанда, қазiргi таңдағы ең өзектi нәрсе термин мәселесi болып отыр. Бүгiнде әр саланың терминiн әркiм өз қалауынша аударып, терминологиядағы ретсiздiкке, жарыспалылыққа жол берiп отырғандығы көзiқарақты қауымға аян. Негiзi, терминдердi аударуға қатысты екi түрлi көзқарас бар. Оның бiрi – «халықаралық қолданыстағы сөздердi қазақшалау – тiлдi ауырлатып, одан бетер түсiнiксiздендiрiп жiбередi» десе, екiншiсi – «терминдердi түгел қазақшаламай, өзге тiлдiң ықпалынан құтыла алмаймыз және тiл тазармайды» деген уәждi алға тартады. Осы пiкiрлердiң қайсысының жаны бар? Терминологиялық жұмыстарды жүргiзу барысында қай ұстанымды басшылыққа алған жөн? Жалпы, терминдердi аудару керек пе?..

Әлiмхан ЖҮНIСБЕКОВ, филология ғылымының докторы, профессор
Иә

– Менiң ойымша, терминдердi аудару керек. Бiрiншiден, сөздiң бiрыңғай қазақы болып тұрғаны тiлдiң әуездiлiгiн қамтамасыз етедi. Екiншiден, сөз арасында түсiнiксiз, бөгде тiлдегi терминдер өрiп жүрсе, ол қазақтың тiлi болып шықпайды. «Терминдер қазақ тiлiне аударылмайды, оларға балама табу мүмкiн емес» деген – бекер сөз, қате ұстаным. Одан да «аудара алмаймыз» деу керек. Ол – өз алдына бөлек әңгiме. Әйтпесе терминдердiң ешқайсысы аспаннан түсiп жатқан жоқ. Ар жағын қазып, түп-төркiнiне үңiлiп көрсе, бәрi де – күнделiктi өмiрде бар, қарапайым ұғымдағы сөздер. Аудару үшiн ең әуелi сол сөздiң қандай ұғымды бiлдiретiнiн табу керек. Мысалы, «Словарь иностранных слов» деген сөздiк Ресейде жиырма шақты рет басылып шықты. Сол кiтапта бiз «аудара алмаймыз» деп жүрген терминдердiң бәрiнiң анықтамасы бар.
Мысалы, «файл» деген сөздi солай қатып қалған бiрдеңе сияқты, күнде пайдаланып жүрмiз. Сөйтсек, оның о бастағы мағынасы «бiрдеңе-бiрдеңе салып қоятын кiшкене қалташа» дегенге келедi екен. Мейлi экономика, мейлi саясат, мейлi руханият болсын, негiзi, терминдердiң табиғаты ұқсас. «Терминдердi түгелдей аударып тастасақ, қазақ тiлi мүлде түсiнiксiзденiп кетедi» деген – дұрыс түсiнiк емес. Мәселен, «өсiмдiк» деген де кезiнде жаңадан кiрген термин болатын. Соны қазiр «бөтен сөз» деп бiреу ойлай ма? Тез кiрiгiп кету үшiн, жаңадан жасалған терминдердiң бәрi оқулықтарға енуi керек, бала ұғымына мектеп жасынан бастап сiңiрiлген жағдайда оның бәрi ана сүтiмен енген сөздей болып шыға келедi.
Бiз, алдыңғы толқын, өзiмiздiң баяғы дәстүрiмiзбен, құлағымызға ертеден сiңiстi болған ескi терминдерiмiзбен өтемiз. Терминдердi аудару, жаңа сөз жасау мақсатындағы қазiргi шараларды, тiптi «бүгiнгi буын үшiн жасалып жатыр» деп те түсiнбеу керек. Бұл – ең алдымен, соларды болашақ ұрпақтың санасына сiңiрудiң амалы.
XX ғасырдың басында алаш арыстары логиканы да, психологияны да аударды. А.Байтұрсынов тiл бiлiмiне қатысты қаншама терминдi жасады! Өкiнiшке қарай, сол кездегi саясаттың ықпалымен айналымға енбей қалды. Әйтпесе қазiр солардың бәрi үйреншiктi сөзiмiзге айналып кететiн едi. Өзiмнiң зерттейтiнiм – тiл бiлiмiнiң iшiндегi фонетика саласы. Мысалы, сол фонетикаға қатысты мыңға жуық терминдi аударып шықтық, бiрер аптада ол кiтап болып шығады.
Рас, термин жасау – көп iзденiстi, шеберлiктi қажет ететiн, өте күрделi жұмыс. Сала терминдерiн сол саланың ұғымдар жүйесi мен ұлттың тiлiн жетiк бiлетiн, сондай-ақ оны шебер пайдалана да алатын кәсiби мамандар жасайтын болса, олардың ұтымды болып шығатынына еш күмән жоқ.

Тұрысбек СӘУКЕТАЙ, Жазушы
Жоқ

– Бөгде сөздердi аудару тiлдi байытудың, дамытудың бiр жолы екенi белгiлi. Бiрақ «Бояушы «бояушы» дегенге сақалын бояйды» демекшi, бiз соңғы кездерде бәрiн жаппай аударуға көштiк. Бұл, мүмкiн, баяғыдағы, жетпiс жыл бойы қалыптасқан патриотизмнiң салқыны шығар. Соның салдарынан көп жағдайда мағынасыздыққа ұрынып отырмыз. Басқаны былай қойғанда, мысалы, «паспорт» – бүкiл әлемде «паспорт»! Бiз соны «төлқұжат» деп алып жүрмiз. Сонда «паспорт» төлқұжат та, сенiң жүргiзушiлiк куәлiгiң, жеке басыңды растайтын басқа да құжаттарың төлқұжат емес пе? Сол сияқты, герб, гимн деген халықаралық атауларды да қазақшалаудың не керегi бар едi? Жарайды, мемлекеттiк гербтi «елтаңба» дейiк. Бiрақ қазiр әр қаланың өз гербi бар ғой! Сонда «қаланың елтаңбасы» деуiмiз керек пе?
Роботты «құлтемiр» деп аударып жүр. Шындығында, ол темiрден ғана жасалмайды ғой. Соңғы уақытта каучуктiң жетiлдiрiлген түрлерiнен, пластмассадан жасалған роботтар да шығарыла бастады. Ендеше, оларды қалай «құлтемiр» деп айтамыз? Мұндай мысалдарды көптеп келтiруге болады. Сондықтан ұғымымызға кiрiге қоймаған, санамызға әлi қонбаған техникалық, ғылыми сөздердi мағынасын бiлмей тұрып жапа-тармағай аударудың, бiрдеңеге ұқсатудың түкке керегi жоқ. Тiптi болмаған жағдайда қазақтың сөйлеу ыңғайына қарай, қалай дыбысталса солай өзгертiп, пайдалану керек. Мысалы, самауыр, кереует деген сияқты...
Мен аударма саласында азды-көптi жұмыс iстедiм. Жиырма-отыз жыл бойы киноның айналасында келе жатырмын. Яғни аудармамен тiкелей байланыстамын. Сондағы байқағаным, терминдер тұтастай аударылған жағдайда көбiнесе мәтiн мағынасызданып кетедi. Сол үшiн, өз басым, терминдердi аудармай, сол қалпында алған дұрыс деп есептеймiн. Мысалы, соңғы кезде жаман фильмдер көбейдi. Солардағы «гомосексуалист», «голубой», «лесбиянка» дегендердi «әтек», «қызтеке» деп ала беремiз. Шын мәнiсiнде, олар – физиологиялық емес, психикалық аурулар және қазақтың табиғатында болмаған... Сондықтан мұндай сөздердi сол қалпында қолданған жөн деп есептеймiн. Бiздiң халқымыз бұрынғы малма тұмақ қазақ емес, белгiлi дәрежеде бiлiмi бар, көзi ашық, бәрiн ұғады. Соны ескерiп, сөздi де оқырманның, көрерменнiң деңгейiне лайықтау керек.
Тiптi аударғымыз келсе, туыстас түркi халықтарында сол терминдердiң қалай айтылатынына ден қойып, солардың сәттi аудармаларын алайық. Мысалы, кезiнде «ұшақ» деген сөздi түрiктерден алдық қой. Қазiр «приправа» дегендi «дәмдеуiш», «тұздық» деп түрлiше құбылтып жүр. Қырғыздар соны «татымал» дейдi екен. Ендi бiз де кинода солай қолданатын болдық. Қысқасы, терминдер тұрғысында айтарым, бiрiншiден, сол қалпында қалдыру керек, екiншiден, ыңғайы келiп тұрса iшiнара аударуға болады, үшiншiден, тiлдi өзiндiк бояуын сақтай отырып кемелдендiру үшiн, сәттi атауларды бауырлас тiлдерден алған дұрыс...

ТҮЙIН:
ТЕРМИНОЛОГИЯ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕ ШАШ ЕТЕКТЕН, ПIКIР ДЕ ӘР АЛУАН. ДЕГЕНМЕН «ТЕРМИНДЕРДI АУДАРУ – ЕРТЕҢГI ҰРПАҚ ҮШIН ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ШАРУА» ЖӘНЕ «ТЕРМИНДЕРДI ҚАЗАҚШАЛАҒАНДА СОЛ СӨЗДЕРДIҢ БАУЫРЛАС ТIЛДЕРДЕ ҚАЛАЙ АТАЛАТЫНЫНА ДЕН ҚОЮ КЕРЕК» ДЕГЕН ҚОС ПIКIР КӨКЕЙГЕ ҚОНАДЫ. БҰЛ РЕТТЕ, ТҮРКI ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БIР-БIРIН ТЕРМИН АЛМАСАТЫН СЫРТҚЫ КӨЗ РЕТIНДЕ ТАНИ АЛМАЙ КЕЛЕ ЖАТҚАНДЫҒЫ ДА – ШЫНДЫҚ. ТУЫСТАС ТIЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ТАБИҒИ БАЙЛАНЫСҚА АЙТАРЛЫҚТАЙ НҰҚСАН КЕЛГЕНДIГI СОНШАЛЫҚ, БАУЫРЛАС ЕЛДЕР ТӘУЕЛСIЗДIК АЛҒАННАН КЕЙIН ДЕ ТАМЫРЫ ҮЗIЛIП ҚАЛҒАН БАЙЫРҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫН ДҰРЫС ЖОЛҒА ҚОЯ АЛМАЙ ОТЫР. ТЕРМИНДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ БҮГIНГI ТОСЫЛУШЫЛЫҚ – СОНЫҢ АЙҚЫН ДӘЛЕЛI. ҚАЛАЙ ДЕГЕНМЕН ДЕ, ҰМТЫЛЫС БАР. НӘТИЖЕСI ДЕ ЖАМАН БОЛМАУЫ КЕРЕК ДЕП ҮМIТТЕНЕМIЗ...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста