Телеарналардың бағдарламаларды жеке студияларға тапсырыспен дайындату жүйесі өзін-өзі ақтап отыр ма?

Телеарналардың бағдарламаларды жеке студияларға тапсырыспен дайындату жүйесі өзін-өзі ақтап отыр ма?

Қазір телеарналардың бағдарламалары жеке студияларға тапсырыс беру нәтижесінде әзірленеді. Алайда бұл жүйенің тиімді не тиімсіз екенін дөп басып айту қиын. Себебі бағасын беретін – көрермен. Дегенмен соңғы кездері эфирден беріліп жүрген бағдарламаларға қарап бұл жүйемен жұмыс жасап жатқан телеарналар мен олардың туындыларына қатысты сапаның тым жоғары еместігі байқалады. Әсіресе шетелдік телекомпаниялардың дайын өнімін аудара салып, халықтың назарына ұсыну оңай пайда көзіне айналғандай. Телевидение саласында жүрген кейбір әріптестеріміз көшірме бағдарламалардың көбеюіне уақыт тапшылығы мен студиялардың жетіспеушілігі сеп десе, кейбіреуі жекеменшік телестудияларға тапсырыс беру жүйесі дұрыс деген пікірде. Мемлекеттен бөлініп жатқан қаржыны тек телеарна ішінде пайдалану бағдарламалардың сапасын төмендетеді десе, енді бірі – тапсырыс бар жерде талап та бар деген ойда. Осы орайда бүгінгі қоғамда екіжақты қызу пікір қалыптасқандықтан «Телеарналардың бағдарламаларды жеке студияларға тапсырыспен дайындату жүйесі өзін-өзі ақтап отыр ма» деген сұрақты мамандардың талқысына салып көруді жөн санадық. 


Ардақ БЕРКІМБАЙ, «Түркі әлемі» телестудиясының редакторы:
иә
Қазіргі таңда телеарналар өздерінің бағыттарына қарай ойластырған бағдарламаларды жеке студияларға беріп, дайын өнімдерді эфирден беріп жат­қаны қай жағынан алып қа­ра­ған­да да тиімді. Бұл бағдарла­ма­лардың сапасының жақ­­­­­­­са­­­руына әсерін тигізеді. Теле­ар­на қаржы бөліп отыр­ғаннан кейін талап та жоғары. Ал жеке студия үшін тапсырыстан айырылып қалмау қажет. Сон­дық­тан бұл жерде жеке студия тапсырыс берушінің ғана емес, дайын бағдарла­маны тұтынушы – көрермендер көңілінен шығу үшін де барын салады.
Бұрынғы жүйенің кемшін тұстары аз емес еді. Телеарна бағдарламаларын өз іш­ін­де дайындайтын болса, бір режиссер­ге бірнеше бағдарлама беріп, шығарма­шы­лық тұрғысынан да тоқырауға ұрына­ды. Қаржы үнемдеу мәселесі шығады. Бағ­дарламаларды дайындауға уақыт та жетіспей, үлгермей жатады. Мұның бәрі тар­тымсыз, жаттанды, таптаурын болған, көрермендерді мезі ететін дүниелердің көбеюіне алып келеді. Оның үстіне, қазір шетелдік шоу бағдарламалардың көшір­ме­лері қаптап кетті. Мұның бәрі шығар­машылық ізденіспен қатар бәсекелестіктің де қалыптаспай жатқандығынан болар. Бізде әзірше кәсіпкерліктің осы бағыты енді-енді қарқын алып келеді. Телеарналар нарығындағы аутсорсинг болашақта жақ­сы дамитын болса, жеке студиялар көптеп ашылып, бәсекелестік артар еді. Студиялар тапсырыспен ғана емес, өздерінің төл өні­мін телеарналарға ұсына алар жағдайға жететіндей тең дәрежедегі мүмкіндіктер жасалуы керек. Жалпы, осы жүйенің тиімді екеніне телеарналар да, жеке студиялар да, көрермендердің де көзі жетіп отыр.


Бекзат ЖҮСІП, «Хабар» телеарнасы жаңалықтар қызметінің редактор-дикторы:
жоқ
Бұл – әлемдiк тәжiрибе. Мұн­дағы негiзгi мақсат – көрер­менге сапалы өнiм ұсыну. Тың әрi қызықты бағдарламалар да­йындау. Ал бiздегi жекемен­шік телестудияларда дайын­далған бағдарламалардың дең­гейiн өздерiңiз көрiп жүрсiз­дер. Сапа­лы бағдарламалар аз. Денi көшiрме. Ал төленетiн қар­жы­ға келсек, қыруар. Жалпы, аутсор­синг­терге тапсырыс беру үрдiсi бiзде үш-төрт жыл бұрын ғана басталды. Әлi жолға қо­йылды деп ойламаймын. Сон­дықтан дәл қазiргi уақытта жеке студия­ларға бағдарлама әзiр­лету iсi өз-өзiн ақтап отырған жоқ. 
Бәлкiм, көш жүре түзелер. Жалпы, мем­лекеттен бөлінетін қаржыны тек телеар­налардың өз ішінде қолданып, яғни сту­дия­ларды телеарналардан ашудың да өзін­дік пайдалы және тиімсіз тұстары бар. Олай дейтініміз, қазірдің өзінде өз студия­лары бола тұра, режиссерлердің қолына берілген бірнеше бағдарламаны уақ­тылы дайындай алмай, сапасыз дүниелер­дің телеарналардан беріліп жүргенін көре­міз. Ал жекеменшік телестудияларға тап­сы­рыс берген телеарналар қалай болған күнде төлеп отырған қаржысына сай жо­ға­ры деңгейлі, сапалы, тың идеялы бағ­дарла­малар жасап шығаруды талап етеді. Жеке­меншік телестудия да кәсіпорын бо­лып табылады. Яғни бизнесінің басты көзі теле­арналардан берілетін бағдарламалар дайындауға тапсырыс болғандықтан, кез келген кәсіпкер қолынан шыққан өнімнің ең алдымен сапасына жіті көңіл бөледі. Дегенмен бұл орайда да «бизнестегі басты мақсат ақша табу болмай ма» деген се­зік­ті сұрақ туындайды. «Ақшасы төленсе бол­ғаны» деген мақсатта тағы да сапасыз дү­ние­ге ұрынбаймыз ба?» деуіңіз де мүм­кін. Ал мұндай келеңсіздіктер орнамас үш­ін, әрине, телекомпаниялардың толықтай жаб­­дықталып, білікті де тәжірибелі кадр­лар­дың толық болғаны абзал. Шындығына келгенде, әзірге дамыған елдердегідей дәрежеде болмасақ та, әріптестеріміздің қа­зіргідей кезек күтіп, бір бағдарлама да­йындап эфирге шығару үшін студиядан бастап, камераларға дейінгі жетіспеушілік­тердің тезірек шешімін табуын тілер едік. Себебі кез келген телеарна өзінің жоғары рейтингісі үшін барын салады. Ал жоғары рейтингіге тек сапалы бағдарламасы көп­тер ғана ие екені мәлім. Бір сөзбен айтқан­да, дәл қазір бұл жүйе өз деңгейінде жұ­мыс істей алмай келеді. Бұл саладағы ше­шімін таппаған екіжақты мәселе де жетер­лік. Яғни телеарналардағы бағдар­ла­ма­лар­ды дайындау жұмыстарын жекеменшік те­ле­студияларға тапсырыс беру үшін қа­рас­тырылып отырған мемлекеттік бюд­жет­тің қаржысы өзін-өзі ақтамақ түгіл, жел­ге ұшып жатыр деуге де болатын сияқты.

Бейтарап пікір
Сейітқазы МАТАЕВ, Журналистер одағының төрағасы:
– Қазір телеарналардың басым бөлігі, шынымен-ақ, бағдарламаларды өздері дайындамай, жекеменшік телестудияларға тапсырыс беруді жөн санайды. Оны «аутсорсинг» деп атап жүр. Бұл – дүниежүзінде бар тәжірибе. Бірақ біздің елдегі бұл жүйенің сапасына тура баға беру қиын. Бірақ қарап тұрсақ, сол камера да, өзге жабдық та телеарналардың өзінде бар, бола тұра, олар тапсырыс береді. Демек, аутсорсингтің пайдасы көп, үнем де жоғары болар. Телеарналар­дағы қызметкерлердің санын көбейтпей, уақыт тығыз болған шұғыл жағдайларда жекеменшік телестудияларға тапсырыс беру, әрине, тиімді. Білуімше, телеарналар мемлекеттен қаржы алмайды, өз табыстарына жұмыс істейді. Бұл дегеніміз телеарналардың бағдарламаларды жеке студияларға тапсырыспен дайындату жүйесінің тиімді екенін айғақтайтын сияқты.

Ғазиза ҰЗАҚ, СТВ телеарнасы қазақ бөлімінің продюсері:
– Белгілі бір форматтағы бағдарламалар және әр арнаның өз өнімдерінен бөлек, жеке студияларға тапсырыс беруі өте оңды деп ойлаймын. Бұл арнаның деңгейін көтеріп, көрермен ықыласын жоғарылатады. Алайда жекеменшік студияларға тапсырыспен дайындату жүйесі өзін толық ақтайды дей алмаймын.

Себебі жасалған дүние әр кез көңілден шыға бермейді. Әрине, ол үшін қаржы бөлінгендіктен, оған талап қойылып, жіті қадағалауға мүмкіндік беріледі. Бірақ ол әрдайым сапалы, көрермен көңілінен шығатындай дүние болады деп ешкім кепілдік бере алмас.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста