Табиғи апат салдарынан шығын болған малға мемлекет тарапынан белгілі бір мөлшерде өтемақы төлеу мүмкін бе?

Табиғи апат салдарынан шығын болған малға мемлекет тарапынан белгілі бір мөлшерде өтемақы төлеу мүмкін бе?

Мұндай сыбысты ең алдымен кім таратқанын кім білсін, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында қырылған малдың өлігін іздеу басталды. Тұрғындардың айтуынша, жергілікті шенеуніктер осындай нұсқау берген, яғни өтемақы алу үшін мал иесі жан тапсырған малдың өлексесін тапсыруы тиіс. Содан көпшілік өздеріне тиесілі малдың өлігін іздеуге кірісіп кеткен. Кейбіреуі қираған қораның астынан шығара алмай айналшықтап әлек. Теледидардан көрдік, Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Досымбай Селиханов: «Егер малды су ағызып әкетсе, онда іздеу керек. Заңгерлер айтпақшы, өлік жоқ болса, іс те жоқ. Біздің әкім бастаған ауыл мамандары малдың өлексесін, оның нөмірін өз көзімен көрмейінше, ешқандай жәрдемақы туралы сөз болуы мүмкін емес», – деп тұр.

Ал Тарбағатай ауданының әкімі Манарбек Сапарғалиевтің айтқаны мүлде басқа: қырылған малға жәрдемақы төлеу мемлекет тарапынан қарастырылмаған. Егер мал сақтандырылған болса, онда өтемақы төленеді. Ал әзірге қырылған малдың шығынын қайтару механизмі жоқ. Сондықтан тұрғындар мал өлексесін жинап әкелген күннің өзінде бір тиын да ала алмайды. Онсыз да күйі кеткен ауыл халқы үшін бұл «жығылған үстіне жұдырық» болайын деп тұр. Осы орайда «табиғи апат салдарынан шығын болған малға мемлекет тарапынан өтемақы төлеу мүмкін бе» деген сауал туындайды.

erasyl-abilkasymov-1

Ерасыл Әбілқасымов, саясаткер:

Иә
– Жұрттың қолындағы малдың саны жергілікті әкімшілікте тіркелген. Қолдарына тиісті құжат беріледі. Содан кейін кімнің қанша малы жоғалып кеткенін елдің бәрі біледі. Ауылдағылар бір-бірін таниды, аралас-құралас отырғандықтан, әркім көршісінде қанша мал басы болғанынан да хабардар. Өйткені қазақ алдымен өзінің емес, көршісінің малын санайды ғой.

Ал өтемақы міндетті түрде төленуі тиіс. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, қай үйде қанша мал бар еді, қаншасы қырылды, қаншасы аман қалды, соның бәрі анықталуы қажет. Қылмыс жасалса да, ең алдымен, тергеу амалдары жүргізіледі ғой.

Міне, сол тәсілді осы жерде қолдануға болады. Ал жәрдем қандай түрде көрсетіледі, оны билік өзі шешеді – несие бере ме, жергілікті мал бағасымен шығынын өтей ме, әлде басқа түрлерін ойлап табар, әйтеуір, табиғи апаттан зардап шеккен халық көмексіз қалмасын.

Күні кеше теледидардан көрсетті. Сонда сөйлеп жатқандардың сөзін тыңдасаң, еріксіз жағаңды ұстайсың. Адамдарға «өлген малдың басын алып кел» деуі – қып-қызыл ақымақтық. Оны қайдан, қалай тауып әкеледі? Мүмкін, оның басын ит жеп кеткен шығар? Не болмаса су ағызып әкетті ме, қираған қораның астында қалса, қалай шығарады?

Зардап шеккен халықтың өмір сүруіне жағдай жасау керек. Халық бар жерде өмір бар. Халық жоқ болса, ешқандай өмір жоқ. Ал ауылдағы халыққа керегі не? Ең алдымен, мал. Сондықтан әлгіндей сөз таратып, жұртты әуреге салған адамдардың өзін жазаға тарту керек.

Енді сақтандыру туралы айтқандары тіпті ақылға сыймайды. Ауылдағы қарапайым қазақ сақтандыру жайын қайдан біледі? Сосын бізде сақтандыру мекемесінің қаржыңызды толық өндіріп бергенін қайдан көрдіңіз? Қарапайым ғана мысал, автокөлікті соғып алғанда, ол сақтандырылған болса, иесіне 1000 доллар төлеуге тиіс делік. Оның 300 доллары ғана қолға тиеді. Себебі біздегі сақтандыру компанияларының сондай алаяқтыққа баратыны жасырын емес. Жалпы, бізде сақтандыру мәдениеті дамымаған. Сондықтан сақтандырылған малға ғана өтемақы төленеді деген сөз мүлде дұрыс емес.

arykbay-agybaev-2

Арықбай Ағыбаев, заң ғылымының докторы, профессор:

Жоқ
– Ауылдық жерлерде жергілікті халықтың қолындағы мал, ірісі бар, ұсағы бар, міндетті түрде тіркелуі тиіс. Біріншіден, бұл жұрттың қолында қанша мал бар, соны біліп отыру үшін керек. Екіншіден, малдың өлігін мал дәрігері әбден тексеріп, соған шынымен «өлді» деген анықтама береді. Сондай-ақ мал дәрігері мал аруларының алын алу, оның тиісті уақытында егілуі мен тексерілуіне, сойылатын, сатылатын малға алғашқы ветеринарлық бақылау жасап, тиісті құжаттар беруге, яғни бүкіл мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты сан алуан жұмыстардың барлығына жауапты. Үшіншіден, малдың өлгені бар, өлмегені бар, осы табиғи апаттың салдарын пайдаланып, неше түрлі алаяқтар шығуы мүмкін ғой.

Ал ірі малға тіркелген соң нөмір беріледі. Әлгі малдың өлексесін әкел дейтіндері, соған қарап та мал иесін анықтайды ғой. Сондықтан ең бірінші кезекте мал басының толық санын анықтап отыру аса маңызды саналады. Себебі есепке алынбаған бір малдың өзі оны егіп-емдеуден бастап, сатуға, союға дейінгі аралықта қисапсыз проблема тудырады. Айталық, есепте жоқ малды егуге, тексеруге қаржы бөлінбейді, құжаты жоқ болғандықтан, сойып сатуға да болмайды. Демек, есепте жоқ, құжатсыз мал болмауға тиіс. Міне, сондай малын жасырғандар өтемақы ала алмайды деген сөз.

Ал малдың сақтандырылғаны туралы мәселеге келсек, әкімшілікте тіркеуден өткен соң малды олар міндетті түрде сақтандыруы тиіс. Демек, тіркелген мал сақтандырылды деген сөз. Сондықтан міндетті түрде өтемақы төленеді. Тіркеуден өту не үшін керек? Мал дәрігері малдың денсаулығын тексеріп, ауру ошақтарының алдын алып отыру үшін қажет. Қандай да бір ауру шыға қалған жағдайда емдейді. Сондықтан ауылдағы мал ұстайтын әрбір тұрғын қолдағы малын мал дәрігерінің бақылауына өткізіп отыруға міндетті. Ал егер ондай тіркеуден өтпесе, әрине, онда қай адамның қолында қанша мал бар екенін қайдан анықтайды? Онда әркім көшеден малдың өлексесін жинап алып, осынша малым өлді деп алаяқтық жасауы мүмкін ғой. Ал тұрғындардың мал шығынын өтеу үшін арнайы комиссия шығып, бәрін анықтауы тиіс. Содан кейін ғана барып өтемақы төленеді. Бұл заңда қарастырылған. Басқа жағдайда өтемақы төленуі мүмкін емес.

Түйін
Тарбағатай ауданындағы ахуал халық қалаулыларын да бей-жай қалдырған жоқ. Мәжіліс депутаттары Нұртай Сабильянов, Светлана Ферхо, Ерболат Әпсаламов және Александр Милютин осы өңірге барып, елдің жағдайымен танысты. Аудан халқымен кездесу барысында мемлекеттің барынша қолдау көрсететініне сендірді. Зардап шеккен ауылдарда 464 үй салынады, 38 үй күрделі жөндеуден өткізіледі. Сапар соңында халық қалаулылары Үкімет отырысында ауыл тұрғындарының барлық мәселесін көтеретіндіктері жөнінде уәде берді. «Мал мәселесі» де ұмыт қалмайды деген үміттеміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста