Су шаруашылығы министрлігін құрмайынша, суға қатысты мәселенің шешімі табыла ма?

Су шаруашылығы министрлігін құру туралы қазір көп айтылуда. «Өйткені Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырындағы Су ресурстары жөніндегі комитет өзіне жүктелген міндетті дұрыс атқара алмай отыр» дейді сарапшылар. Бұл ретте «Ауыз су» бағдарламасы аясында 73 қылмыс тіркеліп, мемлекетке 484,5 млн теңге көлемінде шығын келтірілгенін айтсақ та жетіп жатыр. Бұл ақпаратты, естеріңізде болса, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі мәлімдеген-ді. Шынымен де, бәлкім, Су шаруашылығы министрлігін құрмайынша, суға қатысты мәселе оң шешілмейтін шығар? Пікір екіге жарылуда.


Нариман ҚЫПШАҚБАЕВ, Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының ғылыми-зерттеу орталығы Қазақ филиалының директоры, профессор:
иә
– Әй, табыла қоймас. Сол себепті Су ша­руашылығы министрлігін құрған дұ­рыс деп санаймын. Бір айта кетерлігі, елімізде судан басқа да табиғи және жер ресурстары әлдеқашан жекеменшіктің қолына өтіп кеткен. Тек су ресурсы мем­ле­кеттің меншігінде қалды. Бұл қол­дау­ға тұрарлық саясат болды. Деген­мен...
Тақырып дұрыс көтеріліп отыр. Қазақ­станның су шаруашылығын ре­т­тейтін арнайы ұйым құра алмай отыр­ға­нымыз бізге сын. Суды пай­да­ла­ну­шы­лардың басқаруына беріп қою – қой­ды қасқырға бақтырғанмен бір­дей. Қабылданып жатқан салалық бағ­дар­ламалардың күткендей нәтиже бер­меуі соның салдарынан болса керек. Әлемде су тапшылығы қаупі төніп тұр­ған шақта дәл бүгінгідей су мәселесіне жүр­дім-бардым қарауға болмайды. 
Ғылымда суды алмастыратын басқа сұйықтық түріндегі элемент әлі табылған жоқ. Осының өзі су мәселесінің ғаламдық ма­ңызы зор екендігін аңғартып отырған жоқ па.
Негізі, кең-байтақ еліміздің 60-70 пайы­зы – шөлейтті жерлер. Шөлейтті де­ген аты болмаса, оның асты мен үсті табиғи байлыққа лық толы. Оны игеріп, игілікке жарату үшін, әрине, су керек. Ертіс – шы­ғыс­та, Жайық – батыста, Іле мен Сырдария – оңтүстікте. Ал Қазақстанның қақ ортасы сусыз отыр. Ел өңірлерін сумен бір қалыпты жабдықтау – біздің негізгі мақсатымыз. Бұл – біріншіден. Екіншіден, су ресурсын пай­даланбайтын экономиканың саласы жоқ. Маман ретінде көзімнің жеткені – ел экономикасын, әлеуметін, мәдениеті мен әлеуетін дамытамыз десек, Су шаруа­шы­лығы министрлігін құрған жөн. 10-20 жыл­дан кейін су шаруашылығында не бо­ла­ды, соны алдын ала болжап, осы саланы күнделікті қадағалап, басқарып, бағыттап отырмаса болмайды.
Талай жыл су шаруашылығы министрі болдым. Министрлік тарапынан су мәсе­ле­сі қатты қадағаланды. Нәтижесінде, Қазақ­станның су шаруашылығы дамыды. Осындай тірнектеген еңбекпен келген дүни­ені құрдымға кетіруге болмайды. Қазір су­дың жайын кімнен сұрарымызды біл­мейміз. Ауыл шаруашылығы министр­лі­гінің судан басқа проблемасы бастан асады. «Ауызсу» бағдарламасымен бөлін­ген қар­жы мақсатты түрде игерілмей, ұрла­нып-жырылғаны тағы бар. Кезінде Есеп коми­те­ті осылай деп есеп берген. Егер арнайы министрлік болғанда осындай «әттеген-айларға» жол берілмес пе еді. Әйтеуір, жауапты біреу болар еді ғой.
Шығыста «мираб» деген сөз бар. Ол амир – басқарушы, аб – су деген екі сөзден тұрады, яғни әу баста мемлекеттің басында екі басқарушы болған. Бірі – мемлекетті, екіншісі – суды басқарған. Бұл біздегі қал­ған министрліктердің керегі жоқ деген сөз емес. Бірақ суды басқаратын арнайы министрліктің болуы міндетті екенін тарих­пен осылайша сабақтастыруға болады.


Меруерт ҚАЗБЕКОВА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
жоқ
– Иә, еліміздегі су шаруашылығы жүйе­­сіндегі түйіні шешілмей жатқан түйт­кілдер көп-ақ, әсіресе ауызсуға қатысты проблема шаш етектен. Егер қазір қолға алмасақ, ер­тең­гі күні опық же­ріміз анық. Алайда қор­даланып қал­ған бар мәселені су шаруа­шы­лы­ғы ен­шісіне беріп, өз алдына ми­нистрлік құру арқылы шешеміз десек қате­лесеміз. Ке­рісінше, жағ­дайды одан бетер ушық­ты­рып алуымыз әбден мүмкін. Су ша­руа­шылығын жеке дара бө­ліп тастауға болмайды. Өйткені су ша­руа­шы­лығы — жерүсті, жерасты сула­рын ел эко­но­ми­касы­ның барлық са­ласында пай­­­да­ла­ну ша­раларын бел­гілеп, оларды жү­зе­ге асы­ратын және су­ды қорғау мен оның зиян­­­ды әсерімен күресетін үлкен ша­руа­шы­лық.
Мәселен, жерасты қазба бай­лық­тарын бар­­лап, игеруге көп күш жұмылдыруды қа­жет ететіні сияқты, су шаруашылығы да мем­ле­кеттік, экономикалық, экологиялық, ғы­лы­ми және саяси маңызы бар стра­те­гия­лық са­ла. «Ауызсу» бағдарламасы ба­ғы­мыз емес, сорымыз болды. Бөлінген қаржы та­лан-таражға түсті» деп жатады халық.    Ар­найы су шаруашылығын құрсақ, жем­қор­лық­тың алды алынады деп өзімізді-өзіміз алдамағанымыз жөн. Өйткені көзін тапса, жем­қорлар ол жерден де ақша жым­қыру­дың жолын табады.
Менің ойымша, су шаруашылығын гид­ро­логия және минералдық ресурстар сияқ­ты сектормен қосып, бір министрлік құрған дұрыс. Мен бүкіл еңбегін, өмірін осы салаға, яғни геология саласына арнаған Айтқажы Қазбековтің қызымын. Оны айтып отырған себебім, су шаруашылығы мәселесі маған бала күнімнен жақын тақырып. КСРО жыл­дары су шаруашылығы өз алдына үлкен шаруашылық саналған. Су ресурстары сала­сының жұмысын реттеу, ұйымдастыру, қадағалау сияқты іс-шара­лар­ға мемлекеттік басқару болғанын айт­па­ғанда, халықты ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі мін­детті түрде ғылыми негізде жүзеге асып жа­татын. Міне, қазіргі кезде дәл осы мәселе мүл­де ұмыт қалған. Соның салдарынан қыруар қаржы желге кетіп жатыр. Нақтырақ айтсам, су қоры жоқ жер­лерге ірі көлемдегі қаржыға құбыр тар­тылуын тартылады да, еш қажетке жа­ра­май, бос жатады. Мұндай жағдайлар бол­ған. Сол себепті де алдымен су бар жер­лерге барлау жасау керек.
Менің ойымша, жеке су шаруашылығы ми­­нистрлігін құрғаннан еш пайда жоқ. Дер­бес министрлік құруға өз басым қар­сы­мын.
Қазір елімізде стратегиялық маңызы бар субъектілердің барлығының жұмысы министрлік құрылу арқылы жолға қойы­лып жатқанда су шаруашылығының өгей баланың күйін кешуі өкінішті. Біле білсек, су мәселесі барлығынан жоғары тұруы тиіс. Ауыл шаруашылығы министрлігі мойнына жүктелген шаруа онсыз да жетіп-артылып жатыр. Олардың су мәселесіне лайықты көңіл бөлмейтін кездері жоқ емес.
                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Түйін
Өткен жылы Францияның Марсель қаласында 160 мемлекеттің 25 мыңға жуық су шаруашылығы сарапшылары бас қосқан үлкен жиын өткізілген болатын. Күн тәртібінде тек су проблемасы талқыланды. Бұдан нені ұғынуға болады: су проблемасы ғаламдық проблемаға айналып барады. Бұрындары әлемде ең өзектісі азық-түлік тапшылығы болса, енді су тапшылығы алаңдатуда. Мамандар «бізде әзірге су баршылық. Соны үнемдеп, барымыздан айырылып қалмаудың жолын бүгіннен бастап ойластыруымыз керек» дейді. Олар сондай-ақ «Қытайдың азды-көпті 20 шақты өзенін есептемегенде, Іле мен Қара Ертістен бізге тиісті суды қалай аламыз?» деп бас қатыруда. Алдымен оны дәлелдеу керек. Әр мемлекет бір өзеннің бойында болғандықтан, өзіне тиесілі суын алуға ұмтылады. Оны даусыз, бейбіт шешпесе болмайды. Былайша айтқанда, көршімен білімің тең болуы шарт. Алдағы жылдары аймақаралық су мәселесі күрделене беретіні анық. Өйткені жылдан-жылға азаю тенденциясы байқалуда. Керісінше, суға деген сұраныс арта бермек. Сондықтан су мәселесімен кәсіби тұрғыда айналысуды бүгіннен бастамаса болмайды. Ондай болса, біздің ойымызша, Су шаруашылығы министрлігін құрған дұрыс қадам болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста