Спорттағыдай қазақ өнерін шет елдерде танытып жүрген өнерпаздарды да қолдайтын клуб құру қажет пе?

Спорттағыдай қазақ өнерін шет елдерде танытып жүрген өнерпаздарды да қолдайтын клуб құру қажет пе?

Елбасының пәрменімен осыдан бір жарым жыл бұрын құрылған «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрамына хоккей, баскетбол, футбол, бокс, вело клубтар мен бірнеше федерация, сондай-ақ Олимпиада чемпионы Илья Ильин мен даңқты боксшы Геннадий Головкин секілді спортшылар кіріп отыр.
Келісім-шартта көрсетілгеніндей «Астана» спорт клубына мүшелікке кірген әр ұжым мен жеке тұлғаның шет елдерде болсын, ел ішінде болсын күнделікті дайындығына кететін барлық шығынды клуб өз мойнына алып, қаржылық жағынан толықтай қолдау көрсетеді.
Ондағы мақсат - ел спортын жаңа бағытта дамытып, көкжиегін кеңіту. Спорт саласында «Астана» брендін әлемге таныту.
Осы орайда заңды сұрақ туады. Бізге неге спортшыларды қолдағандағыдай әнші мен биші секілді өнер иелерін қолдайтын дәл осындай клуб құрмасқа?

Ия
Айгүл Иманбаева, әнші, актриса:
–    Менімше, қазақтың атын әлемге танытып жүрген спортшы болсын, әнші, суретші, режиссер секілді маманның барлығына мемлекет тарапынан қолдау керек. Ия, мен мойындаймын көптеген әнші мен бишілер кей уақыттарда шеберліктерін одан әрі шыңдаудын орнына тойлардан шықпай, «халтура» жасап жүргендерін. Ал егер бойында таланты бар лайықты өнерпазға мемлекет қолдау білдіретін болса, онда «халтураға» ешкім бармас еді. Бір ғана мысал келтірейін.. «Ұлытау» тобы өткен жылдары жарты Еуропаны мойындатып, тамсандырып қайтты. Ол жеңіс әрине продюсер Қыдырәлі Болманов ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында келді. Ал егер мемлекет Ұлытауға қолдау білдіргенді кім білсін олардың қай континетте айлап, жылдап гастрольде жүрерін. Олардың жеңісін еш спортшыдан кем болды деп айта алмас едім. Мәселен, алдағы наурыз айында менің «АИ» театрым Албания мен Сербияға, маусым айында Чехияға баруды жоспарлап отыр. Өткен жылы театрыммен Украинаға барып, қазақтың театр өнерінде де құралақан еместігін көрсетіп, үлкен жүлдемен оралдық. Сол сапарда мен өз қалтамнан 2 миллион теңге шығардым.. Театрда 15 адам бар. Әрине мен өз театрыма кеткен шығынды міндетсініп тұрғаным жоқ.. Ал бірақ та егер мемлекет қолдау білдірген болса, бір сапарымызда бірнеше мемлекетті аралап еліміздің атын одан әрі танытып қайтар едік қой..

Жоқ
Ермахан Ыбрайымов, Олимпиада чемпионы:
–   Дәл қазір жоқ. Жоғарыда сіз атын атап, түсін түстеген тұлғалар әлемді баяғыда-ақ мойындатып, дәп қазіргі уақытта ақшадан тапшылық көріп отырған жоқ. Әрбірден соң олар клубтың қаржысына тәуелді де емес. Ал шетел тұрмақ өз елімізде толықтай таныла қоймаған өнерпаздарға қаржылай қолдау көрсету ісінде екіұдай пікірдемін. Бірінші. Егер әлдебір әнші шынымен де адам тамсанатындай талант иесі болса, ол баяғыда-ақ өз ортасын жарып шығып, ел ішін айтпағанда, шетел асып, әлемді таңқалдырып жүрер еді. Ал алда-жалда жоғарғы жақта бұл мәселе қолдау тауып, өз шешімін тауып жатса, онда клубқа бар болғаны онға жетер-жетпес жобаны, яғни адам немесе топты ғана іріктеп алып, соларды ғана қолдау керек. Одан артық керек те емес. Және іріктеу комиссиясына әр сала мамандарын тартып, клуб мүшелігінен үміткерлерді таңдау халық алдында әділ жүргізілуі керек. Ондай болмаған жағдайда өнерпаздардың клубын құрудың еш қажеті жоқ. Мәселен, «Астана» спорт клубына мүшелікке енген әр спортшы еліміздің атын байрағымызды көкте желбірету арқылы танытып жүр емес пе... Сондай-ақ, спортшылар әншілер секілді тойларға барып ақша таба алмайды ғой.

Бейтарап пікір:
Ерлік Ержанұлы, журналист
–    Негізінен мемлекет спортшылар, әншілер мен бишілерді ғана емес, аса дарынды қаламгер, суретші, режиссер мен актер, қала берді спортқа, өнерге бейімі бар мектеп оқушыларды да қолдағаны абзал. Әрбірден соң бұл қадам әр саладағы дарындылар арқылы қазақ елін әлемге танытатын төте жол емес. Мәселен, дәл қазіргі уақытта көп спорттық федерациялар қаржыны оқушының дарынына қарап емес, белгілі бір жасқа толғанда ғана бөлетін тәртіпті ұстанады. Ал сол аралықта жарыстарға кететін шығынды толықтай баланың ата-анасы көтеруге мәжбүр. Болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшының, өнерпаздың ата-анасы қаржы тапшылығына байланысты балаларын сүйікті ісінен айырып, шығарып та алуы мүмкін.. Сіз қалай ойлайсыз?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста